.
.
Сабақтың тақырыбы: Массаны өлшеу. Массаны өлшеу.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2113 | Размер: | Автор: Нартай4540Білімділік мақсаты:Жүктің массасын өлшем бірліктері арқылы өрнектеуді үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
ІІ. Жаңа сабақ
1. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу. өлшем бірліктерін қайталау.
№1 Жүктер әртүрлі таразымен өлшенеді.
Бір дорба қанттың массасы.....
Бір уыс күріштің массасы....
Екі қап ұнның массасы.....
Жиырма қап жемнің массасы....
Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.
Есіңе сақта! Дәптеріңе жазып ал.
1 т-1000 кг 1 т – 10 ц 1 ц – 100 кг 1 кг – 1000г
2. №2. Жазуды жалғастыр. Өз беттерімен жұмыс істейді, бір-бірін тексереді.
А) .... килограммда 1 тонна бар, ә) 10 центнерде 1 ...... килограмм, б) ..... килограммда 1 ..... бар. В) 1000 граммда 1 .... бар.
5. І-топ №4, ал ІІ-топ №5 орындайды.
6. 3 қатарға бөлініп жарыс ұйымдастыру. «Кім тез» ойыны.
№ 7
127*5-207 270:9+670 315*3-105
360-540:6 720:8-67 321*9+321
94*4+325 325:5+54*6 492:6*2
Кестедегі мәліметтерді тоннамен арқылы өрнекте.
а)
Ұшақтың түрлері АН-24 ТУ-154 ИЛ-86
Жүгін қоса есептегенде ұшақтың массасы. 64000кг 94000 кг 206000 кг
1 оқушы тақтада, ал қалғандары орындарында орындап, талданады.
ә) Кестедегі мәліметтерді тонна мен килограмм арқылы өрнекте.
Шынжыр табанды трактордың массасы Доңғалақты трактордың массасы
5100 кг 3820 кг
В) Каспий теңізінің ең терең жері 1025 м. Километрмен өрнекте.
№ 9 «Кім тез есептейді?» бір-бірден тақтаға шығып бос орынға тиісті санды жазады.
...т + 405 ... = 32405 кг
... км + 405 ... = 32405 м
...+405 г= 32405 г
... + 405 мм =32405
№ 8 Қабырғаларының ұзындығы 2 см 5 мм және 3 см 4 мм тік төртбұрыш сыз. Периметрін тап.
Кім бірінші дұрыс шығарады? Жауабы: Р=11 см 8 мм
Р= 2 см 5 мм+ 3 см 4 мм+ 2 см 5 мм+ 3 см 4 мм = 11 см 8 мм
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
Үйде: № 3
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.