Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы -

Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4261 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қарағанды қаласы
«№92 гимназия» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна
Пән: математика
Сынып: 3

2 Апта Күн 21.01.2015ж Сабақ -2
Сабақтың тақырыбы: Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Ресурстар: АКТ, суреттер,сөзжұмбақ,оқулық,карточкалар,маркер, стикерлер,бағалау бетшесі
Міндеті: • Масса бірліктері, олардың арақатынасы туралы түсінік алады.
• Есеп шығару дағдыларын арттыру
• Масса бірліктерінің де бір – біріне айналдырылатындығы туралы қорытынды жасай отырып, кешірімді болуға, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Масса бірліктерін массаны өлшеуде дұрыс қолдана білуге, арақатынасы арқылы дұрыс айналдыруға үйрету.
Тапсырмалар 1-тапсырма. Миға шабуыл.
Доппен көбейту кестесін қайталап аламыз.
5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту. 2-тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла» №2 Жаңа тақырып қаншалықты түсінгендігін топтық жұмыс арқылы дәлелдеу.
Ә - Өз бетімен жұмыс( бір –бірін тексеру )

6-модуль. Жас ерекшелік модулі
Сергіту сәті. «Табиғат аясында», «Сұрақ жауап: «Ең, ең, ең»..... АКТ 3- тапсырма.
№2, есеп топтық жұмыс
№5,6 «Ыстық орындық»
2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Оқу нәтижесі: Сабақ аяғында оқушылар:
- Сипаттама бере біледі, массаның байырғы өлшем бірліктері туралы мағлұмат алады.
- Үлкен өлшемнен кіші өлшемге, керісінше кіші өлшемнен үлкен өлшемге айналдыруда амалдарды таңдай алады.
- Берілген тапсырмаларға қорытынды жасап, өз ойын дәлелдей алады.
- Табиғатты қорғау, қиянат жасамау керектігін қорытындылайды, ойларын айтады.
Түйінді сөздер: Массаның өлшем бірліктерін қолдану жолдарына сәйкес түйіндейді.
Сабақтың этаптары: Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Модульдер мен уақыт
Ұйымдастыру
Сыныппен байланыс орнату

Өткен сабақты еске түсіру
Білу

Сабаққа кіріспе
Сабақ әрекетін
қызықтыру. 1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Бүгінгі біздің еңбегіміз не болмақ?
Олай болса, алдымызға мақсат қоя отырып, еңбектенеміз.
Активод арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1. 1 кг =
А. 1000 грамм
Б. 100грамм
В. 10 грамм
2. с • 6 = 360
А. 60
Б. 2100
В. 6
3. 42 : 3 =
А. 4
Б. 24
В. 14
4. 4² көбейтіндімен алмастыр:
А. 4 + 4
Б. 2 • 2 • 2 • 2
В. 4 • 4
5. 8 • 8 • 8 өрнегін көбейткіштің квадраты немесе кубымен алмастыр:
А. 8²
Б. 8³
В. 512
6. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті
А. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады
Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

7. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
А. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады
Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
8. Көбейтудің терімділік қасиеті
А. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады
Б. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.
В. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
1 минут.1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.



5 минут.1-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау ға үйрету
СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Проблеманы шешу

Сабақ мақсатын анықтау.
Логикалық ойлауға жетелеу

Слайд

Оқулықпен
жұмыс

Түсіндірме /оқушылардың түсініктерін байқау мақсатында/ Тұсаукесер. «Артығын тап» тапсырмасын орындайды. Артық сөзді алып таста, қалған сөздерді топтастыру.
«Масса» бірліктері. Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбыз «Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы»
Ол қандай өлшем бірлігі? Мұғалім мен оқушылар бірге сабақ мақсаты мен критерийлерін құрады.
Масса бірліктерімен танысу.

-Есептің шартын құра білуіміз керек
-Тиісті амал таңбаларын қоя білуіміз керек
-Топта белсенді жұмыс жасауы
-Сұрақтарға қысқа - нұсқа жауап беру
Жаңа тақырыппен танысу слайд арқылы

Оқушы: Өз ойларын айтып жауап береді

5 минут. АКТ модулі.
Интерактивті тақта

2 минут. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог.
(топтық әңгіме)

3 минут. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог.
(топтық әңгіме)
Сабақ мақсатының жүзеге асуы
Түсіну кезеңі

Талдау

Сергіту

Жинақтау

Қиындықтар мен түсінбеушіліктер

Формативті бағалау: №2 Жаңа тақырып қаншалықты түсінгендігін топтық жұмыс арқылы дәлелдеу Ә бөлігі талдай отырып, әрқайсысы орындайды. Жалпы сыныппен тексеріледі.
3 – ауызша орындалады.
№5 кесте бойынша есеп құрастырып, шығарады.
200 грамнан 2 қорап кәмпит және 50 грамман 2 қорап печенье әкелінді. Барлығы неше кг?
Ш: 200 • 2 + 50 • 2
(200 + 50) • 2
- Көбейтудің қандай қасиетін қолдандық?
№6 мысалдарды орындауға 4 оқушы тақтаға шығады, қалғандары орындарында отырып орындайды.
- Көбейтудің қандай қасиетін қолдандық?
«Көңілді күн»
Табиғат аясына барамыз. Көңілді әуенмен оқушылар түрлі қимылдар жасайды. Жүріп бара жатқан, жәндіктерді көрген, қолдарына ұстаған. Өте қызық, табиғатта неше түрлі таңғажайыптар бар.
Ең, ең, ең слайды көрсетіледі. Оқушылар оқиды.
Қосымша дерек:
1960 ж. өлшем және көлем бірліктерін енгізу мақсатында Бас конференция өтіп, оған 32 мемлекеттің өкілдері қатысты. Осы конференцияда Халықаралық өлшем бірліктері енгізілді.
1963 жылдан бастап, ол барлық салада ғылым, техника және ауыл шаруашылығында пайдаланылуда.

«Ыстық орындық» стратегиясы №7. Әр оқушы өзіне таңдап алады да, есеп құрастырады.
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері арқылы оқушылардың танысуына қарай отырып, талданады.
Бағалау бетшесі арқылы әр оқушы өзін – өзі бағалайды
Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген. Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1к), пұт (16кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Ауру батпандап келеді, мысқалдап шығады. Адамды онымен бір пұт тұз жегенде білесің.
Мысқал аз, бірақ қымбат.
Қадақ жаманаттың құнын біле жатарсың.
5 минут. 5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

5 минут. 2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

3 минут. 6-модуль Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

1 минут. 5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту

3 минут.3- модуль. Оқыту үшін бағалау модулі.

3минут

1 минут. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқытуды үйрету.4минут
Үйге тапсырма №7 (18 – бет) 1 минут. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқытуды үйрету.

Бағалау парағы
Ұпай Жалпы ұпай
Тестік тапсырмада
4 – 5 дұрыс жауап 1 3
6 -7 дұрыс жауап 2
8 дұрыс жауап 3
Өздік жұмыс 2
3-4 дұрыс жауап 1 3
5 дұрыс жауап 2
6 дұрыс жауап 3
№4 Барлығы дұрыс 2 3
3, 4, 5 дұрыс 1
№5 есеп құрастырып, шығардым 2 2
№6 тапсырманы орындадым 2 2
№7 тапсырма бойынша есеп құрастырдым, шығардым 2 2
Шығармашылық тапсырмадағы мақалды талдадым 2 2
Маған көмектесті
Мен көмектестім 1 1
Бағалау: 9-12 – «3»; 13 – 15 – «4»; 16-18 – «5»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.