Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математика – ақыл – ойдың әуені» атты  көңілді тапқырлар ойын сайысының  б а ғ д а р л а м а с ы -

Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар ойын сайысының б а ғ д а р л а м а с ы

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1412 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Математика – ақыл – ойдың әуені» атты
көңілді тапқырлар ойын сайысының
б а ғ д а р л а м а с ы

Барысы:
1 – оқушы:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ұзақ ұйықтап жұмса түз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімін де.
Жерді қозғау қиялы былай тұрсын,
Жемісі де тимепті несібіме.
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп жолға салып
Сары құзы ақсақалға көрсетті елге.
Бұл жерде танысасың Пифагормен,
Кемеңгер, ол – философ кезінде өткен.
Кездесесің дәл сондай тағы да бір
Ғылымдармен жер жаһанда білім еккен.
Архимед, Пифагорың айтқаным бұл
Талаптанып, білімге зейінінбұр.
Таудан аққан, төбеден төкті олар нұр,
Судай тасыр, әр бесік белден асқан,
Дүниеге сан алуан өнер шашқан.
Білім алып, олардың жолын қуған,
Әрбір адам өмірде өрге басқан.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлеміне сапар шегесіздер.
Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты да, әрі сан алуан екендігіне көз жеткізесіздер!
Ендеше, «Ақыл – ойды тәртәпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» деп Ломоносов айтқандай,
«Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлар ойын сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Бұл сайыстың негізгі мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылығын артыру, оқушылардың ой - өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Олай боса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен танысайық:
І топ
ІІ топ
Ендеше, топтарға әділ баға берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән - математика атанғансың!» - деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.

І – ші шартымыз «Тез жауап...» деп аталады. Мұнда топ басшылары тез – тез сұраққа жауап береді, қалған мүшелері П әрпінен басталатын математикалық атауларды жазады.
П әрпінен басталатын математикалық атаулар: ( топ мүшелеріне)
Пифагор, процент, периметр, плюс, параллель, перпендикуляр, пирамида, паралелограмм, ....
Сұрақтар ( топ басшыларына)
Сұрақ – А
1. 12 – ні 10 есе арттыр (120)
2. 62 – 6 неге тең? (130)
3. қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10)
4. Ең үлкен үш таңбалы сан? (100)
5. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)
6. Бір жазықтықта жатпайтын, бір – бірімен қиылыспайтын түзулер (Айқас)
7. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)
8. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
9. Екі нүктенің арасындағы түзу ( кесінді)
Сұрақ – В
1. Жарты түзудің басқаша атауы (сәуле)
2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
3. 52 – 5 неге тең? (20)
4. 25% - санның қандай бөлігі? (1/4)
5. Бір жазықтықта жататын, бір – бірімен қиылыспайтын түзулер ( параллель)
6. 1 – қандай сандардың көбейтіндісі (кері сандардың)
7. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламаы кім? (Әл – Фараби)
8. 360 санын 10 есес кеміт (36)
9. Глобус қандай геометриялық денені бейнелейді? (шар)
ІІ шартымыз – «Геометриялық лото» деп аталады. Мұнда оқушылардың алдында әртүрлі геометриялық фигуралардың суреті салынған. Кез – келген фигураға байланысты сұрақ оқылады, ол қай фигура екенін табу қажет. Оқушылар сол фигураның бетіне жұлдызшалар жабыстырады.

1. Табаны паралелограмм болатын призма қалай аталады? (паралелепипед)
2. Барлық қабырғалары бір – біріне тең болатын тік төртбұрыш қалай аталады? (квадрат)

3. S=ав – қай дененің ауданы? Паралелограмм)

Сайысымыздың үшінші шартына да келіп жеттік, «Ақ серек, көк серек». Бұл шартта
Түрлі – түрлі есепті шығарамыз,
Арасында сурет сап жарысамыз.
Ойға оралымды, формула құрастырып,
Мақалдап бәрін жүзеге асырамыз.
Байқағанымыздай топ мүшелері жеке – жеке жұмыс жасайды.
( формула құрастырады, сурет салады, есеп шығарады, мақал – мәтел жазады,
өз өнерін көрсетеді)

* Формула:
1
2
• Цифрларды байланыстырып мақал – мәтел айту
1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
2. 5 бармақ жиналса, жұдырық болады
3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды
4. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді
5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл
6. Ат баспаймын деген жерін 3 басады
7. 5 саусақ бірдей емес
8. 1 тал кессең, 10 тал ек
9. 1000 – ның қамын бір ойлар,
Біреудің қамын 1000 ойлар т.б.

(Топ мүшелері бір ән бітемін дегенше тапсырмаларды орындайды.)

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – арқан тарту. Қазақ жастарының алтыбақанды жығып, жинау негізіндегі ойыны. Аяқ арқан жылқы қылынан жасалады. Осы арқанды екі жақ боп тартатын ойын. Әрине күш және жылдамдық керек.. Қазір біз сол ұлттық ойынды ойнайтын боламыз.
Мұнда логикалық тапсырмалар арқанға ілінген. Топ мүшелері соны орындайды. Жауапқа байланысты әр топ арқанды өздеріне қарай жинайды.

1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
(2 ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы = 6 адам)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)
5. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
6. Қалтам қанша?
Өзімде бар сан қалта,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі іш қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте, кәне, ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы, пальтом бар.
Онда да төрт қалтам бар. (он бес)

Сайысымыздың соңғы шарты «Нысана көздеу» Мұнда қазақы өлшемдерге байланысты сұрақтар қойылады, жауаптарын сурет арқылы береді.




1. Қарыс сүйем дегеніміз не?
( бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері)

2. Білем дегеніміз не?
( ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының
арасындағы қашықтық)

3. Білу үшін шырағым,
Білмегеніңді сұрағын.
Бір аттасаң алдыға,
Сол болады бір ... (адым)

4. Жүрген елдің ойында,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бір сызықтың бойында,
Созсақ сұқ қол, бармақты
... деген сол екен. (сүйем)



Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарамын дегенше, мына бір көріністі тамашалап көрейік.
Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт: Мен кімнің басына қонсам, соның атақ – даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.
Данышпан: «Байлық»- бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.
Міне, бұдан шығатын қорытынды: ақылды, білім болған жерде бақытты да, бай боламыз. Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де, білікті азамат болып өсуіміз керек.
«Білім азбайды, ақыл тозбайды»
«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды әркез есте ұстай жүріп бүгінгі білім сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі.
(марапаттайды)
Осымен «Математика – ақыл – ойдың әуені» атты көңілді тапқырлардың ойыны аяқталды.
Алддыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі, - деп қоштасамыз.

Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!

Қорытынды

Қорыта келе, айтарымыз компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.