Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Математика аруы – 2014» Сайыстың мақсаты: -

«Математика аруы – 2014» Сайыстың мақсаты:

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1441 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Математика аруы – 2014»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге талпынуын, ойлау қабілетін дамыту
Дамытушылық: Математикаға қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Есте сақтау, қиыншылықты жеңуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Математика жайында
Сайысты біз бастаймыз
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек»- деген. Олай болса бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен одан әрі танысасыздар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткізесіздер.
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес үйрен де, жирен деген,
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
Олай болса бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған сұлу да, әдемі,аруларымызды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:
1. Есенгелдіқызы Жания
2. Сабитқызы Әсел
3. Асқарқызы Лэйла
4. Нұрболқызы Қарақат
Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін аруларымыз белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап беру керек және тапсырмаларды дұрыс орындау қажет. Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойлары жинақы болуы керек және тәртіп сақталған жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болайық.
Сайыс кезеңдері:
1. «Сәлемдесу сөз басы»
2. «Кім шапшаң?» «Сұрақ бізден, жауап сізден.»
3. «Мені түсін»
4. «Сәнді фигуралар»
5. «Тәтті сайысы» (матемтикалық жұмбақтар)
6. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал – мәтел, жаңылтпаш айту)
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер, әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Бүгінгі арулардың сайысында,
Жеңіске жетер нағыз мықты. (қазылар алқасымен таныстыру)
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата - дәстүр салтына
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Өнерлерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың
1 – кезеңі «Сәлемдесу сөз басы» бастаймыз.
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
2 – кезең «Кім шапшаң?»(бұнда аруларымыз берілген 5 сұраққа жауап беру керек. ) Жанияға сұрақ:
1. Үстелде шие салынған 7 стақан тұр. Марат 1 стақандағы шиені жеп қойды. Неше стақан қалды? (7)
2 . Ең үлкен үш таңбалы және кіші төрт таңбалы сандардың қосындысын тап. (1999)
3. Жеңіл машина 5 сағатта 300 км жүрді. Сондай жылдамдықпен 540 км жолда неше сағатта жүреді?
4. Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 3-Асет, 2-Талғат
5. Әділ тақтаға екі бірдей сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны 10 болса, Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең? Жауабы: 5+5+10=20
Әселге сұрақ:
1. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
2. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?(көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді)
3. Қарама – қарсы қабырғалар тең фигура қалай аталады?
4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
5. Бір жәшіктің массасы 12 кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? ( 4)
Лэйлаға сұрақ:
1. Айдынның Асқаттан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі:
Жанат - ұзын
2. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
5. Қай санға бөлуге болмайды?
Қарақатқа сұрақ:
1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4.Оқу жылының үшінші айы? (қараша)
5. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейту арқылы)
Математика - толған тәртіп, мағына мен мән
Математика - толған тамаша заңдылық пен сән
Математика - толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір
3 – кезең «Мені түсін»Бұл сайыста әр аруымызға 2 – 2 –ден сурет беріледі, сол суретті олар өздерінің тобына мимикамен жеткізеді. Шешкен топтың ұпайы аруымыздың қоржынына байланады



Дарындар келді бүгін сайысуға
Бойында бар дарынды дарытуға
Қорықпастан шығып тұр алдарыңа
Сән көрсетіп қарсыластарымен жарысуға
4 – кезең «Сәнді фигуралар» аруларымыз түрлі түсті қағаздан гиометриялық фигураларды пайдалана отырып, кілемше жасайды.
Аруларымыз өз жұмыстарын аяқтағанша, топтар постерге салынған «Кел, ойнайық!» атты тапсырманы орындайды. Тапсырма дұрыс орындалса, аруларымыздың ұпайына қосылады.
5 – кезең «Тәтті сайысы» (бұл сайыста аруларымызға орама нан беріледі. Орама нан 5 – ке бөлінген, аруларымыз орама нанның бір бөлігін жеу керек
және жұмбақтың жауабын тез шешу керек кім көп жауап беріп, әрі қанша рулет жесе соған көп ұпай беріледі әр рулет 1 ұпай)
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін жұмбақтарға берелік.
Арамызда тапқыш арулар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік
1. Торғай нешеу?
Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай,
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Және оны қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу есепкер? (5)
2. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Болды сонда нешеуі? (24)
3. Дүкенге кеп сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер, үш қалам,
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? (7)
4. Мұз айдында он бес бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай сегіз бала,
Жағалауда тұр қарап,
Енді осы бар баланың,
Санын айтсаң жарадың (23)
5. Тал басында құнара,
Қонушы еді бір ара,
Бүгін тоғыз туысын,
Ертіп келді бұл ара
Барлығы қанша ара? (10)
6. Атам, әжем, ағам,
Әкем, інім және мен
Анам менен енесі
Енесінің бөлесі
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып,
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің? (10)
7. Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың (Телефон)
8. Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек. (Домбыра)
9. Өзі төрт аяқты, және алты аяқты
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты (инелік)
10. Туысқан бес кісі,
Бірінен – бірі кіші
Бәрінің аты бар,
Ең кішісі шеткісі. (бес саусақ)
Жас дарын жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
6 – кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал – мәтел, жаңылтпаш айту) жаңылтпашты жаңылмай айтып, мақалдың жауабын дұрыс тапса, бір ұпай алады. Ендігі кезек мақал-мәтелдерде:
1. Білгенің – бір тоғыз,
(Білмегенің тоқсан тоғыз.)
2. Бір кісі қазған құдықтан
(Мың кісі су ішеді)
3. Тоқсан ауыз сөздің (тобықтай түйіні бар.)
4. Құтты қонақ келсе, (қой егіз табады.)
5. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
6. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
(Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.)
7. Айла алтау, (ақыл жетеу.)
8. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
9. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
10. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
11. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
12. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
13. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
Заманның лебімен жел есетін,
Келді ғой кезек міне, кездесетін.
Жаңылтпаш сайысына уақыт бөліп,
Жаңылып қыран топан күлісетін.
1. Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш,
Ұшып келді ұш құс,
Ұшып кетті үш құс.
2. Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
3. Арқада алты арқар бар,
қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда қарт арқар бар,
Алты арқарда қарт марқа арқар бар.
4. Бір жыңғылда
Бір мың гүл.
Бір бұлбұлда
Мың бір жыр.
Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Оқушыларға мақтау қағаздары табысталады.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ - қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Математика аруы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау - саламат болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.