Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық  ойын  есептері -

Математикалық ойын есептері

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1947 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №5 орта мектеп

Ашық сабақ:
Қызықты математика

Математикалық ойын есептері

Өткізген: Қуанова С.К.

2013-2014 оқу жылы

Сабақ тақырыбы : Математикалық ойын есептері
Сабақ мақсаты: Оқушыларға берілген білімдерін ойын арқылы бекіту және дағдыландыру
Дамытушылық: Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа және тез,дұрыс есептеуге,ұлттық үрдістерге тәрбиелеу
Тәрбиелік: Алған білімдерін жаттығу кезінде қолдана білу дағдысын және өз бетінше ойлау қабілетін дамыту
Көрнекіліктер: Оқулық,асық,кеспе қағаздар
Сабақ түрі: Математикалық ойын сабақ
Сабақ әдісі: Сүрақ-жауап
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру барысы
А) Оқушыларды түгендеу
Ә)Психологиялық дайындық жасау
- Кәне,балалар,қазір қай сабақ болады?Қазір қызықты математика сабағы.Қызықты математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік.
,,Білімдіге дүние жарық ,
Білімсіздің күні кәріп’’
,,Есептеуді білмейтін адам,
Түк сезбейтін надан’’,- деп хормен айтамыз,яғни сабаққа бар зейінімізді аударамыз.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғалымдар патшасы боп дараланып,
Математика-қызықты тоймайтұғын.
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Математикалық ойын сабақ
Мына жолақтардағы тапсырмаларды орындасаң,цифрогромманы түсінеміз.
Шарты: Берілген өрнектердің мәнін тауып,әріптерін берілген ретімен қойып шықсақ,жасырын сөз табылады.Қане,жұмысқа кірісейік.
64*1:4 +4=М 4*9+34=К
400:40*2=М 200*1:20=А
90*1:3*3=Т 300:3:10=А
4*8-2=Т 80:2*1 =И
(20+60)*1=Е
20 10 30 80 20 10 30 40 70 10
М А Т Е М А Т И К А
Мұғалім: Цифрограммада қандай сөз жазылған екен?
Оқушылар: Математика
Мұғалім: ,,Математика’’ сөзін оқығанда көз алдыларыңа не елестеп,қандай ой келеді?Мол сөздерді мына тармақтарға жаза қойыңдар.
Шығармашылық Ғылым Оқулық
тапсырмалар
Сандар, Математика Есеп
цифрлар
Көбейту Амал Геометриялық
кестесі таңбалар фигуралар
,,Математика’’ сөзіне ассоциациясы.
1.Қоржын той ойыны.
Балалар,Қожанасыр аталарың сабаққа қоржын әкеле жатыр екен.Біз сол қоржынды қарсы алайық
,,Асық ойыны’’. Қоржынның ішінен 4 асықты бір-бірден алады да,ондағы тапсырмаларды орындайды.
1. Аптаның 7 күнін ата.Бүгін,ертең,бүрсігүні,арғы күні,ауыр күн,соңғы күн,азына.
2. 7 атаны ата:Ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене.
3. 7 қазынаны ата: Ер жігіт,сұлу әйел,білім-ақыл,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы.
4. 7-ге дейін санамақ айт:
1-дегенім-білім,
2-дегенім-елім,
3-дегенім-үкі,
4-дегенім-тақия,
5-дегенім-бесік,
6-дегенім-асық,
7-дегенім-жейде,көйлек дейді кейде

4-есеп,5-есеп
4.Сергіту сәті
Миға шабуыл
Маратта бар бес іні,
Мұратта бар екі іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Болады екен неше іні?
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?

Есептер шығару
5.Қорытындылау
Көбейту кестесін жақсы білу үшін жарысу.
6. Үйге тапсырма
7. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.