.
.
4 – сынып Мазмұндама Аққу
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 11893 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі
Мазмұндама
Аққу
Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос – қостан ұшып келеді. Көл жағасындағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыңғырлаған аққу дыбысын тыңдадым.
Тобымен орман ішіне қонды.
Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ шашып тұр. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кеше кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Жағада бір аққу қанатымен су сабалап, ұша алмай жүр.
Қармақ аяғына кіріп кетіпті.
Жалма–жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім.Аққу су сабалап, сыңсыды. Аузын ашып, айбат шекті.
Аяғынан ұстадым да, қармақты босаттым. Рақмет айтқандай бір саңқ етті. Содан соң құрақ ішінде өзін тосып жүрген тобына барып қосылды.
Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.
(Б. Тұралиев)
Сұрақтар
1. Аққулар қайда ұшып келеді?
2. Сыртта тұрып, ненің дыбысына көңіл аударды?
3. Таңертең қандай оқиға болды?
4. Аққуға қалай көмектесті?
Жоспар
1.Жайық өңіріне ұшып келген аққулар.
2.Қармаққа түскен аққулар.
3. Аққуды құтқару.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.