.
.
4 – сынып Мазмұндама Арыстан мен қозы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6450 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі
Мазмұндама
Арыстан мен қозы
Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады.
Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына, оның жанына жақын барып, үсті-басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің енем деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына, аңқиып тұрып қалды. Ал қозы болса, одан әрі еркінси, сүйкеніп тоқтар емес, қайта оған жабысып, жақындай түсті.
Айбатты арыстан жас қозының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкәппар ұлылықпен, әрі іштей бір бейкүнә жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.
Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: иіскелеп, мазасын алады, аң патшасы, еркінси, жабысып, жақындай, айбатты, тәкәппар ұлылықпен, бейкүнә.
Жоспар:
1.Арыстан торындағы қозы.
2.Арыстанның таңданысы.
3.Сүйкімді сәби қылық.
4.Бейкүнә жылылық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.