.
.
4 – сынып Мазмұндама Күлмеңіздер кәріге
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3487 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі
Мазмұндама
Күлмеңіздер кәріге
Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған айтады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!»-деп. Әкесі балаларына ұрсады, балалары да мұнан былай кісіге күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесіне берген уәдесін ұмытып, бір бишара шалды тағы да келемеж қылыпты.
Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүргім келмейді, менің өлгім келеді, егер өлмей қартайғанша тұрсам, сендер секілді бір ақымақ балалар анау күнгі шал мен кемпірге күлгендерің секілді, маған да күлер деп қорқамын». Балалары ұялғанынан қызарып, не қыларға білмей, сонан кейін кәрі кісілерге күлуді қойыпты.
Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!», бишара шалды, келемеж.
Жоспар:
1. Көршінің реніші.
2. Әкесінің ренжуі.
3. Орындалмаған уәде.
4. Күлегеш балалар.
5. Әке қорқынышы.
6. Балалардың кісіге күлгенін қоюы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.