.
.
4 – сынып Мазмұндама Қорқақтық жараспайды
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3983 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазақ тілі
Мазмұндама
Қорқақтық жараспайды
Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қорқады. Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды.
Бірде күн бұлттанып, майда жауын сіркіреп жауа бастады. Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз. Асан қашпақшы еді. Ол дегбірсізденіп, абыржи бастады. Ретін тауып ойыннан шыққысы келді. Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жұрқ ете түсті. Асанның зәресі ұшты, балалар ойынды тоқтатып, қақпаның жанында үйіріліп тұр.
Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды. Асан үйіне тұра жүгіруге балалардан ұялды. Қанша қорықса да, шыдауға бекінді. Біраздан кейін жаңбыр басылды. Ойын қайта жалғасты.
Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: күн күркірегенде, майда жауын сіркіреп, дегбірсізденіп, абыржи, үйіріліп тұр, өткінші жауын, сабырға шақырды.
Жоспар:
1. Асанның қорқақ атануы.
2. Бұлтты күн.
3. Алаңдағы футбол ойыны.
4. Асанның зәресі ұшуы.
5. Сабырға шақыру.
6. Қорқақтық жараспайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.