Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мектеп  оқушыларына  ұялы  телефон  қажет  пе ? -

Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе ?

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5497 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ЖББ № 65 орта мектеп.



2 «Д» сыныбы.
Тәрбие сағаты.

Сынып жетекшісі: Кадина АЗ.

Қарағанды қаласы.
Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе ?
Мақсаты: 1) Оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жақтары жөнінде білімін жетілдіру. 2) Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге , біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. 3) Ортада және топпен жұмыс жасай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.

Сабақтың түрі: Дебат сабақ.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, жақтаушы және даттаушы топтардың қажетті сөздері.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі дебат сабағымыздың тақырыбы: «Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе ?» Жақтаушы және даттаушы топтар орындарына орналассын. Ал қалған оқушылар сараптаушы топ болады.
Олар екі топтың сөздерін, пікірлерін мұқият тыңдап, өз пікірлерін айтады.

2. Ойын барысы.

1. Жақтаушы топ.
Кіріспе: Қазіргі адамдардың ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, « сотка » аталып кеткен ұялы телефондар барлық тіршілігімізді билеп алған. Онсыз күніміз жоқ.
Ұялы телефон 20 ғасырдың ортасында Японя , Қытай , Америка мемлекеттерінде шыға бастады. Ол мемлекеттерден біздің мемлекетке 20 ғасырдың аяғында келді.

- Сіздердің қарарларыңыз ?
Хормен : « Ұялы телефон оқушыларға қажет.»
- Критерилеріңіз ?
Критериіміз: « Дамыған мемілекеттер қатарына қосылу .»

 1. Біздің пікіріміз, ойымыз. Ұялы телефон оқушыларға қажет.
 2. Егер боранды күні жолға шығып, далада машинаң жүре алмай
қалса, соткамен хабар бересің де, құтқарушы келеді.
 3. Ата – анамыз жұмыста болғанда, біз сабаққа кетеміз. Олар бізді
ойлайды. Сол кезде ұялы телефонмен жағдайымызды біліп
отырады.
 4. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымызға арнаған
жолдауында « Қазақстан болашақта бәсекеге қабілетті, дамыған елу
елдің қатарынан табылатын болады » деп алдымызға үлкен міндет
қойған. Дамыған елу елге теңесу үшін әрбір оқушы телефонды да,
компютерді де меңгеру керек.

2. Даттаушы топ.
Кіріспе: Ал біз сіздердің пікірлеріңізді қолдамаймыз.
Ұялы телефонның қаншалықты зиян келтіретінін неге ойламайсыздар.
Бекерге қызыға бергенше бізді тыңдап, ойланыңыздар достар.

- Сіздердің қарарларыңыз ?
Хормен : « Ұялы телефон оқушыларға қажет емес.»
- Критерилеріңіз ?
Критериіміз: «Салауатты өмір салтын ұстану.»

 1. Біздің пікіріміз, ойымыз. Оқушыларға ұялы телефон қажет емес.
 2. Денсаулыққа зиянды радиациялар бөледі.
 3. Ұялы телефон алуға және бірліктерге яғни идиницаға қаншама
қаражат қажет.
 4. Ұялы телефонның көбі Қытайда жасалады оның зиянының көптігін
тіпті тарақан, қоңыз тәрізді жәндіктер де біліп, үйлеремізден қашып
кетті. Бірақ олардың үйде болмағаны бізге жақсы ғой. Дегенмен
біз ұялы телефонның зияны жайлы айтып отырмыз.

3. Жақтаушы топ.
 1 .Алыстағы ата – әжелерімізге хабарласып, құттықтаймыз
 2. Тойларда, мерекелерде суретке түсеміз.
 3. Сабақтан аурып қалап қойсаң, ұстазыңа хабарлап айтасың.
Достарыңнан сабақ сұрайсың.
 4. Ата – анамыз ерте жұмысқа кетеді . Бізді кім оятады ? Әрине анамыз
соткаға тұратын уақытымызды белгілеп кетеді.
 5. Музыка тыңдап, ойын ойнайсың.

4. Даттаушы.
 1.Сабақта шырылдап, көңіліңді бөледі, басқа балаларға кедергі
болады.
 2. Ұялы телефонды жатса да, тұрса да қолынан тастамайтын бала
тұйық, жеке жүретін, көп сөйлемейтін болыды .
 3. Жүргізушілерге соткамен сөйлесуге болмайды. Апаттың көбі қазір
соткамен сөйлескендіктен болып отыр.
 4. Кейбіреулер балаларды төбелестіріп, соткаға түсіріп алады.
 5.Соткамен көп сөйлессең, музыка тыңдасаң , құлағың аурады. Ал одан
ойындарды көп ойнасаң, көзің аурады.

4. Сараптаушы.

 1.Егер отбасының қаражаты жетпесе, сатып беріңдер деп мазалаудың
қажеті жоқ. Сотка қажеттілік емес, онсыз да өмір сүре аласың.
 2.Ұялы телефонның денсаулыққа зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан тек қажетті кезде ғана қолдану керек.
 3.Сабақ кезінде соткаларыңды сөндіріп, немесе ешкім сабақ
уақытында қоңырау соқпауын ескертіп қойсаңдар дұрыс болады.
 4.Ұялы телефонға көп бірлік кетірмей , ең керекті сөздермен
шектелу қажет. Бос әңгіме айта бермеу керек.
 5.Төбелестерді соткаға түсіріп, оны басқаларға тарату ,
тәртіпсіздің ісі.
 6. Сотка қажет екені жасырын емес. Қажет кезінде тез хабарласа
аласың.
 7. Жүргізуші жүріп келе жатып, соткамен сөйлеуге болмайды.
 8. Адасып кетсең, сотканың көмегі өте қажет.

Ұсыныс: Екі жақты тыңдай келе , біз мыныдай шешімге келдік. Әрине, заман талабына сай, ұялы телефон қажет. Бірақ, жаңағы даттаушы топтардың айтқандарын да жоққа шығара алмаймыз. Ұялы телефонның зиянды кездерін де ескеру керек.
Ұялы телефонды қажетті кезде ғана қолданғанымыз дұрыс.
Қонақтардың ұсынысы қандай ?

6. Қорытынды: Сараптаушы топтың пікірін тыңдағанымыз дұрыс шығар. Ал екі топ та теріс пікір айтқан жоқ. Өздерің тағы да ойланып, дұрыс шешім жасайды деп сенеміз.

2 сынып Кадина Алтын Зекеновна
Ана тілі
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты.
Мақсаты: 1.Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға және оқыған мәтінді Суретпен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Оқиғаны өз бетімен жалғастыру жағдыларын қалыптастыру. 2.Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөздерді пайдалана алу дағдыларын дамыту. 3.Сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: М.Жұмабаевтың суреті, мәтін мазмұнына сәйкес келтірілген суреттер. ( балапан, қыс, торғайға жем беріп жүрген балалар т/б)
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: оқу, мазмұнын әңгімелеу, қорытынды жасау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, бақылау, оқиғаны жалғастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, өзін өзі тану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Түзу отыр партаңы Не қисайма, шалқайма Тыңдамаған балаға Миына сабақ қонама ?
ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша жұмыс. 1. Біз қандай тарауды бастап едік? Қыста талай қызық бар. 2.Онда қандай әңгіме оқыдық ? М. Дулатовтың ’’Қыс ‘’ 3.М. Дулатов кім, ол кісі туралы не білесіңдер ?

4.Оқушылар әңгімені кезек оқу. 5. ,, Күн шұғыласы.,, ойыны. (тақтада)
1 қатар . 2.қатар.
3.қатар. Сөздік қорым сандығымен жұмыс. (кітаптан тауып оқы) Бапсыз – жайсыз. Қыстыгүні үй жануарларына да бапсыз. Бек қиын – өте қиын. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын. Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз. Қарыған – үсіткен. Жалтаң аяз көбінің бетін қарыған.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. - Үйге не берілді ? - М.Дулатовтың Мектепке және Мектептен өлеңін жаттап келу. 1.Оқушылар өлеңді жатқа айтады. 2.Сұрақ – жауап. (оқушылар өздері жүргізеді) Мектепке өлеңі бойынша. -Ақын қысқы қар туралы не дейді? - Ақынның пікірі: -Осы пікір бұрын оқыған қай өлеңде кездесіп еді ? Мектептен өлеңі бойынша. – Балалардың көңіл күйі туралы не делінген ? Екі мәтінге ортақ белгілер бойынша сұрақтар.
– Авторы кім? – Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген ? - Суыққа тоңған адамдардың беті туралы екі өлеңдегі пікір қандай ? 3.Қайнап тұрған самауырдың суреті . Бұл жөнінде не айтар едің ? -Самауыр отпен қайнайды. Оған ағаш, көмір салады. Сергіту сәті: Торғай, торғай, тоқылд Жерден тары шоқып ап. Дірілдейді, тоңады Жан – жағына қарап ап Сергіту сәті. ІҮ. Жаңа сабақ. (қыс мезгілінің суреті) 1.-Балалар, қыста құстар бола ма ? Болады. Бірақ аз. – Олар қайда кеткен ? Күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады. Олар: суықторғай, құр, сауысқан, тоқылдақ т/б. Ендеше балалар біз осы құстар жайлы жаңылтпаш айтып көрейік. Қыс қатты – ақ Қыспаққа ап, Құс тоңып жұр Қыстап қап. (түсініп оқу, жаттау)
2. Міне біз бүгін Мағжан Жұмабаевтың әңгімесінде қыстап қалған балапан жайында оқимыз.
А) Сызбаны пайдаланып М. Жұмабаев туралы әңгімелеңдер.

Ә) Балапан қанат қақты. 1.Оқушылар мәнерлеп оқиды.

2.Суретпен жұмыс. – Жылдың қай мезгілі бейнеленген ? – Балапан неге жылы жаққа кете алмады? - Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып, суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта. Қандай?
3.Дәптерге жазу.
Қанаты қатып жетпеген, суық сүйегінен өткен, ызғар өкпесіне өткен, аш, тоңған. 4. Енді әңгімедегі оқиғаны өз бетімізбен жалғастырып ,әрі сахналап ойнап көрейік. Балапан киімін киген оқушы сахнада, автор мәтінді оқиды. Балапан өз ролін көрсетіп жатыр
Ү. Қорытынды: 1. Әңгімені оқушылар өз ойларымен жалғастырады және аяқтайды. 2. Барлық оқушы хормен айтады. Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдар (торғайға нан қиқымын беріп жүрген балалар суреті)
ҮІ. Үйге тапсырма: Балапан қанат қақты. Оқисыздар, әңгімені әрі қарай жалғастырып келесіздер және балапанның суретін саласыздар.
ҮІІ. Бағалау:
2 сынып Еңбек
Сабатың тақырыбы: Жіп туралы мағлұмат.
Сабатың мақсаты. Оқушыларды жіп иіру, жіптен тоқылатын заттар және олардың түрлерімен, сапасымен таныстыру.
Жіпті қандай жағдайда қалай таңдау керектігін үйрету. Зейін қою, есте сақтау қабіліттерін дамыта түсу. Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке және көркемді, сәнді заттарға көңіл аудара білуге тәрбиелеу.
Көрнекілгі: жіп түрлері, тоқыма бұйымдар, фабрика суреті, тоқымаға
арналған сымдар.
І . Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Еңбек сабағының қауіпсіздік және басқа да ережелерін ескерту.
ІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау.
1. Мақта жайында не білеміз ?
Қазақстанның оңтүстігінде өседі. Оны қолмен немесе комбайынмен
жинайды. Мақтадан жіп жасайды, жіптен мата тоқиды.
2. Алғашқы адамдардың киімдері жайлы не білеміз?
Олар мата дегенді білмеген , киімдерін теріден тігіп киген.
3. Инені қайдан алған ?
Аңдардың сүйегінен жасаған.
4. Маталар неден жасалады ?

5. Маталардың түрлерін білесіңдер ме?

6. Мата не үшін қажет ?
Бүгінгі күнде матанаң қанша түрі бар екенін айту қиын , күн сайын шеберлер , мамандар неше түрін шығаруда.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жіп туралы мағлұмат.
1. Жіп иіру.
Жіп жасау үшін біз оны иіруіміз қажет. Тоқыма фабрикаларында жіпті машиналар иіреді. Ол мақта, кендір, жүн жіптерді өзі иіреді.
Иіру машиналарында қызмет ететін адамдарды жіп иіруші дейді.
Ал жіпті өз қолымызбен де иіруге болады. Онда ерте заманда фабрикалар болмағанның өзінде жіптің неше түрлерін ҰРШЫҚПЕН -АҚ иірген екен. Ауылда әліде болса әжелеріміз осы ұршығын тастаған емес.

2. Жіп – қолөнерге қолайлы материал. Одан киім, кілем немесе гобелен секілді бұйымдарды тоқуға немесе тігуге болады. Жіп түрлерін және ұршықты көрсету.
3. Жіппен тоқылған заттардың ерекшеліктері, сан түрлі өзгеріс жасау. Тоқыма заттардан көрме көрсету.

ІҮ. Қорытынды:
1. Схема арқылы қайталатып шығу.
2. Өздерінің үйлерінде тоқыма пайдалана ма ?
Ү. Үйге тапсырма: Жіп туралы мағлұмат.
ҮІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.