Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Мен қаламның болашағымын -

Мен қаламның болашағымын

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1513 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «№7 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ



Ашық тәрбие сағаты. 3 «А» сыныбы

Өткізген:Рахметова.С.А


Тақырыбы: Мен қаламның болашағымын
Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді сүюге тәрбиелеу. Атамекен тарихын қасиетті жер туған елін құрметтеу парыз екенін түсіндіру.
Болашақта Отанымызды өркендету үшін білімді адам керек екендігін түсіндіру, ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке баулу халқымыздың салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға жол нұсқау,
оның байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ.И.Сәтбаев, қала суреті.Отан, туған жер жайлы жазылған өлең, нақыл сөз, мақал-мәтелдер, слаидтар, бейне баяндар
Өткізілу барысы;
1,Кіріспе
Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Мұны ең алдымен туған жер, атамекен, ел-жұрт деген ұғымдармен барынша кеңінен байланыстырған. Қазақ баласы үшін Отан от басынан, ата-жұрттан, туып-өскен топырақтан басталады. Отан біреу-ақ, ол туған жер топырағы, ата-баба сүйегі жатқан жер. Атамекен жер, су аттары адамның қанын тасытып, мақтаныш сезімін тудырады.
Уа туған жер топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
деген ақын жолдарымен 13 қыркүйек қала күніне арналған тәрбие сағатымызды бастайық.
2.Сұрақ-жауап әдісі
-Балалар біздід қаламыздың аты қалай аталады?
-Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайлы не білеміз?
Ал, өз өлкеміздің,қаламыздың тарихы жайлы білетінімізге қысқаша тоқталайық.
1-оқушы
1954 жылы болашақ кен-металлугия комбинаты еңбекшілерінің тұрғын үй қорын жасау үшін жаңадан Никольский кентін салу туралы шешім қабылданды.
2-оқушы
1973 жылы 24 желтоқсандағы жарлығымен Никольский кенті облыс деңгейіндегі қала болып құрылды.
3-оқушы
1990 жылы қыркүйекте қаламыздың негізін салушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімі берілді
-Дұрыс айтасыңдар бұрын кішкентай қалашық болған қаламыз қазіргі кезде дамып, үлкейіп үлкен қала болып келеді.Біз қаламыздың киелі кенімен мақтана аламыз.
-Балалар қазіргі қаламыздың әкімі кім ?

Слайд «Қаламызға саяхат»
-Мінекей біздің қаламыз қазіргі кезде күн сайын жаңа өзгерістер болып жаңарып жасарып келеді. Көшемізде әдемі гүлзарлар көбейіп ,кеше ғана өткен кен қазған ерен ерлеріміз шахтерлерге арналған ескерткіш тақтасы ашылғанын білеміз.
-Енді киелі қаламыз жайлы сыр шерткен жалынды жүректі ақындарымыздың өлең жолдарына тоқталайық.


4-оқушы Ырыс боп ағылған кеніміз,
Шахтада шындалған еріміз
Қарсы алар құшағын кен жайып,
Сәтбаев-жас қала келіңіз

5- оқушы Сәтбаев-кеншілер қаласы бұл,
Келбеті күн нұрымен таласып тұр.
Досхана аталған жер, ежелден ол.
Достығы бар адамның жарасып тұр.

6- оқушы Көз нұры Сәтбаев той ғұламаның,
Шежіре, сырлары көп бұл қаланың.
Жас ұрпақ, ұл-қыздары мақтан етер,
Кен қазған бабалардың мұраларын

7- оқушы Сан сырын мен әлі де ақтармын,
Дүбірі үнін тыңдап шахталардың.
Кеншілер ер халық қой, жер астында,
Ақ адал өз істерін атқаратын.

8-оқушы Ару күн сәуле құйып келбетіне,
Ән мен күй шалқып жатыр тербетілі.
«Кеншілер ғимараты» тым асқақтап тұр,
Жыр төгіп Шынболат боп жер бетіне.

9-оқушы Енбектен бақ, береке енші алған,
Жасарып, жайнай берші,кенші қалам.
Өзіңді жер бетінің картасында,
Тегінен енгізген жоқ Қаныш бабам.
10-оқушы
Сапырған сары алтын тастардан
Көгінде асқақ ән, жақсы арман.
Сәтбаев достықтың қаласы
Қаныштың қосынан басталған.
11-оқушы
Қазағымнан кетпесін деп бақ тайып
Ғылым жолым тоздырмайық сақтайық,
Алаш үшін туған нағыз азамат
Сен екенсің Қаныш аға Сәтбаев
Туған жер , атамекен десе тебіренбейтін адам жоқ. Ендеше оқушылар сендердің де туған, өсіп келе жатқан қалаға арналған ой толғау тебіреністеріңді тыңдап көрейік
Шығарма «Мен қаламның болшағымын»
Көрініс «Отаншыл болу»
Ойын «Мақалды толықтыр, жалғастыр»
Отан, туған жер, ел жайлы мақалдар
Туған жерг туыңды тік.
Отан-оттан да ыстық
Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат

Оқушылардың қалаға арналған тілегі
Ән: Сәтбаев вальсі
Қорытынды
Туған жердің киесі мен қадірін әр азамат жүрегімен сезініп, жүрегімен аялай білсе ұлтқа, елге, Отанға дегшен ыстық сүйіспеншілікпен бағалай білсе бұл азаматтың қасиетті борышы дей отырып төмендегі өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды аяқтайық.
Сен жас ұлан Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі,
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жасартыңдар өлкені.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.