.
.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген... »
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2171 | Размер: | Автор: Нартай4540Шымкент қаласы №67 негізгі орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздікке – 20 жыл.
Тақырыбы: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген... »
ШЫМКЕНТ
Жазира: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Мейіржан: Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...
Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай...
Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 20 жыл толып отыр. Осы жылы Ы. Алтынсариннің 170 жылдығы, Абылай ханның 300 жылдығы, Д. Нұрпейісованың 150 жылдығы, М.Мақатаевтың 80 жылдық торқалы тойлары тойланып жатыр.
VII қысқы азия ойындарының Қазақстанда өтуі, Тәуелсіз елімізді бүкіл әлемге мойындатқаны емес пе?
Мейіржан: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 25 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толған мерейлі тойына арналған «МЕН – ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН...» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жазира: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
Хор «Әнұран»
Нұрсұлтан: Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен- жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.
Мен- қара көз сұлумын, сайтан қызбын
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
Ержан: Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мейіржан: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
Латиф: Жоқ, қазақ деген ел болмайды жер бетінде,
Мал соңынан құл емей, желдейтін не?
Мен- жоңғармын, атыңды өшіремін,
Менмін сені тірідей жерлейтін де.
Диас: Қан да, көздің жасы да сорықпады,
Күреңітті көлдердің борықтары.
Азан-қазан, Ақтабан шұбырынды,
Ала топан жоңғардың жорықтары.
Сымбат: Ықпаған ығыр заман ыңғайына,
Бозторғай ұя салған таңдайына.
Үш бидің тастап кеткен өсиеті
Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда.
Көрініс: «Төле бидің төрелігі»
Слайд: «Көшпенділер» үзінді.
Ержан: Абылай хан
Азаттық жолы -азапты,
Төземісің әлеумет!
Төзсең егер, әлеумет,
Зорлықты жеңер ынтымақ,
Қорлықты жеңер ар-намыс.
Шығарар тардан тәуекел.
Тәуекелге бел байлап,
Қазақтың қайсар намысы
Болмасын деп қара жер.
Жойқын жаудың жолында
Жойылмасын деп қайран ел.
Азаттықтың қамы үшін,
Болашақтың бағы үшін
Ұлы жорық бастаймын!
Еремісің, әлеумет!
Диана: Қазақстан- асыл аймағым,
Қуантады күнге құшақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.
Диас: Мен қазақпын, болмысым, барымменен,
Азаттығым үшін мен бәрін берем.
Ұлы елімде ұлттар көп, Отан жалғыз,
Отанымды сүйемін арымменен.
Латиф: Қазақстан- туған Отан, алтын бақ,
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап
Қазақстан- көпті көрген қария
Қазақстан- мейірімді ана, жер қымбат.
Атады әлі тағы да бір таң күліп,
Жүректерде арман отын жандырып
Қазақстан- біздің туған ұлы Отан,
Жайнай бер сен, жайнай бер мәңгілік!
Ән «Солдат болам мен ертең»
Нұртілек: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
Ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
М: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
Ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
М: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
Ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
М: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
Ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
М: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
Жазира: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Сымбат: Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
Мейіржан: көрініс «Қайраттың түрмедегі өмірінен»
Автор: 1986 жылы 16-желтоқсанда Республика Орталық комитетінің V пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда Республиканы ширек ғасыр басқарған Д. А. Қонаевтың орнына Колбин сайланды.
16-желтоқсан күнгі оқиғаны естіп, алаңға қолдарына ұрандар ұстап студенттер шығады.
17-желтоқсан күні еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға көптеп шоғырлана бастайды.
Алаңға жиналған студенттер өз ойларын айғайлап айтып жатыр.
Студенттер : “Біз кешегі пленум шешіміне қарсымыз”
“Біз өз наразылығымызды бейбіт шеру арқылы білдіреміз”
“Қазақстанға бір қазақтың табылмағаны ма?”
“Жойылсын , орталықтың озбырлық өктемі”
Милиционерлер: “Жастар, тараңдар! Күш қолданамыз”
Жазира : “Жіберіңдер, тарт қолыңды! Қайрат! Қайрат! ”
Автор: Енді Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі өмірінен үзінді.
Қайрат: Қаймана қазақ қамы үшін
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда.
Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдық мына заманға.
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Автор: Түрме іші. Қайрат өлең жазып отыр.
Қайрат: Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей гөр!
Тергеуші : Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер. Айыпкер Рысқұлбеков, Савицкийді өлтірген сенсің, мойында.
Қайрат : Бұл дегеніңіз, қып-қызыл қиянат қой, мен тышқан да өлтіргенім жоқ.
Тергеуші: Мойында, мойындасаң жазаң жеңілденеді.
Маған 4000 сом ақша берсең ісіңді жеңілдетуге көмектесемін.
Қайрат: Ата-анамды жазықсыздан-жазықсыз босқа ақша алып қинағым келмейді. Мен ешкімді де өлтіргенім жоқ.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбековты алып кетіңдер.
Автор: Қарсыласқаны үшін түрмеде Қайратты ұрып-соғып, намысын қорлап балағаттайды, түрменің тас қамалында отырғанымен қорлау мен азаптың қандай түріне де мойымай, демі шыққанша тура жолдан таймайды.
Қайрат камерада жалғыз .Үй-ішіне, бауырларына хат жазып отыр.
Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы кешіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке, ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға, құлыным.
Автор: Екінші күн
Тергеуші: Айыпкерді жауапқа әкеліңдер! (милиционерлер қолына кісен салып алып келеді)
Ах, ты декабрист, оказывается. Сені ұрып-соғу да аз екен, сені ату керек!
Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт, Савицкийді өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ мен өлтірген жоқпын. Мен жаламен кетіп барамын.
Тергеуші: Айыпкер, Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді не?
Қайрат: Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін!
Хатшы: Сот келеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар!
Сот: Айыпкер, Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ КСРО қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл және 63-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылсын.
Қылмыстық кодексінің 173-бабы, 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, атуға кесілсін.
Қайраттың соңғы сөзі:
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Хош аман бол артымда,
Ағайын-туған, азамат.
Артымда қалған ата-анам
Ел-жұртым саған аманат!
Ержан: Мұхтар Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық»
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
Өсер ұлдың қай сәтте де берік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріңдей өр-намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Жазира: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
Мейіржан: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
Жазира: 1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
Мейіржан: 1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
Жазира: Армандаған күнге де жеттік.
Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
Мейіржан: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 13 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 20 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Хор «Қазақстан»
Нұрсұлтан: Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Латиф: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Диана: Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
Диас: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Сымбат: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым- Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырық алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым-Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші, Отан деген,
Кім мықты?- десе біреу, - Отан дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен
Слайд: : Ыбырай Алтынсарин
Жазира: Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!»
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер, білім- бәрі де
Оқуменен табылған.
Әлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата- енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса-
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Мейіржан: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген, оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм болар алуан-алуан балығында...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Хор «Ақ көгершін»
Би: А.Еңсепов «Детство»
Мейіржан: Кешімізді аяқтай отырып, ұстаздар, аналар, қыздар сіздерді келе жатқан 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ән «Құттықтаймын, мама туған күніңмен!»
Ертеңгілікті қорыту
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.