.
.
Сабақтың тақырыбы: Мен елімді сүйемін Мен елімді сүйемін
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2653 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға мәтіннің мазмұныны меңгерту, ондағы негізгі ойды ашқызу. С.Мәуленов туралы мәлімет беру.
2. Дауыс интонациясын сақтап, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойларын тиянақтай білуге жаттықтыру.
3. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, сызба, тапсырмалар (слайдтар)
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, іздену.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға салайын,
Жұрегіме басып ұстап алайын.
Ізгі, әрі жарық, мейірімді,
Болып кетті сонла дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1. Бердібек Срқпақбаев кім?
2. Қандай кітабын, әңгімелерін білесіңдер?
3. «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесінде қандай жұмыс мамандары жұмыс істейді?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
1.-Сендер есейгенде бір-біп мамандық иесі болып өз Отанымызға қызмет етесіңдер.
2. –Ендеше Отан дегеніміз не? (топтастыру әдісі)
1-слайд:
3.–Ендеше, Отан әркімнің отбасынан, үйінің табалдырығынан басталады.
2-слайд. 1. Сабақтың тақарабамен, мақсатымен таныстыру.
2. Оқулықтағы С.Мәуленов топтамасын пайдаланып, оқушыларға әңгімелету.
3-слайд: 3.С.Мәуленов суреті, ол туралы толық мәлімет беру.
4.Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
5. Оқушыларға түртіп алу әдісі арқылы сөздік жұмысын жасау.
6, Мәтінді оқушыларға іштей оқыту арқылы жазушының көңіл-күйін түсіну.
7. Мәтінді дауыстап мәнерлеп оқыту
8. Сұрақтарға жауап алу:
-Жазушы туған ел неден құралады дейді?
-Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?
-Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?
-Туған елдің тілі барша жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?
9. Мәтіндегі негізгі ой неде?
-туған тіл, туған ел, туған жер.
10. Жазушының мәтіні бойынша топтастырып жіберейікші.
Туған жер деген не? (топтастыру әдісі) оқушылар мәтін бойынша интерактивті тақтада топтастырады.
5-слайд: (топтастыру әдісі) Туған елдің сипаттары
11. М.Мақатаев өлеңімен салыстыру.
12. Ой толғау 6- слайд:( өз ауылымыздың суреті, көрінісі)
А) Оқушылардың туған жері Құйған аулылы туралы ой толғауларын тыңдау.
-Туған жеріиіз несімен көрікті?
5-сызба бойынша Бәрі де керемет сипат: мәтінді әңгімелету.
13. Туған ел, жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? (мағынасын ашқызу)
14. Тақтада мақалдарды жалғастыру.
Ел іші-----------
Туған жердей жер болмас,
Туған жердің------------------------------------------
Өз елім--------------------------------------------------
Туған үйдің түтіні------------------------------------
15. Туған ел, туған жер дегенде адамның бойын қандай сезімдер билейді?
( Шаттық, қуаныш, мақтаныш)
16. Ендеше осындац сезіммен 4 жолды өлең құрастырып жіберсек қайтеді. (тірек сөздер арқылы өлең құрастыру) оқыту
УІІ. Бекіту: -Біз туған жерімізді қайтеміз? (сүйеміз, қастерлейміз, сағынамыз, ұмытпаймыз)
УІІІ. Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу, әңгімелеу, сурет салу.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.