Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Мен  жақсылықтың  жолдасымын» -

« Мен жақсылықтың жолдасымын»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1791 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мұғалім: Наурызбаева Гүлзира Табелгановна
Өтілген күні 28.10.2014
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №15 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: « Мен жақсылықтың жолдасымын»

Сабақтың мақсаты: Жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Бала-ларды «мейрімділік», «қайырымдылы» құндылықтары туралы түсініктерін қеңейту.

Міндеттері:
- жақсы тілек , ізеттілік , ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
- адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта
ықылас , жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету;
- қоршаған ортаға, айналысындағы адамдарға мейрімді қарым- қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту;
- табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру;
- табиғаттың аң- құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал:
Ертегі салынған суреттер , жүрекше, табиғаттың суреттері салынған слайдтар.
Пайдаланған техника:
Интерактивтік тақта

Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Мұғалім бүгін ерекше сәлемдесетіндіктері туралы айтады:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қане, бәріміз шеңбер бойлай, алдымен оң жағымызда, содан кейін сол жағымызда тұрған баланың қолын қысып, онымен құшақ жая амандасайық:

Келші , досым, айналайын,
Құшақтайын, аймалайын...
Жақсылықтың барлығын
Саған ғана тілейін!
Бәрі осылайша амандасы.

Д. Әлімжановтың өлең жолдарын айтады:

Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.

Әңгімелесу
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әң-гімелесу жүргізеді.
-Балалар , бүгін сабақта «Мен жақсылықтың досымын» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
.Жақсылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
.Сендерге жақсылық жасаған адам бар ма? Ал өздеріңіздің ше?
.Жақсылық жасаған қандай әсер береді?
Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан толықтырылады:
-Жақсы адам болу деген не?
-Ия, балалар, аялау дегеніміз ата-ананы, достарды , үлкен-кішіні, қоршаған ортаны желеп-желбеу , оларға жанашырлықпен қарау, жақсылық жасау.
Мәтінмен жұмыс
Мұғлім:
«Жақсылық пен Жамандық» ертегісіне байланысты салынған суреттерді тақтаға іліп, оқушыларға ертегіні түсіндіреді.
- Оқушылар мен сіздерге ертегі айтып беремін.
Суретте: Өткен заманда Жақсылық пен Жамандық деген екі адам өмір сүріпті.
Аттылы Жақсылыққа Жамандық кездесіп атына мінгестіруін өтінеді. Жақсылық кезектесіп мінейік деп келіседі . Жамандық атқа мініпті де , Жақсылықты ұмытып кете беріпті. Жақсылық арып –ашып , кеш батқанда бір күркеге жетеді. Ішіне кірсе, ортада асулы қазан тұр екен. Тамаққа бір саусағын батырып дәм татады да, күркенің төбесіне шығып тың тыңдап жатады.
Бір кезде арыстан, түлкі келеді. Түлкі:
- Ойбай , мына тамақты біреу жепті ! – деп байбалам салады.
- Қасқыр мен арыстан:
- Адам аяғы басатын жер ме бұл жер? Кім келуші еді мұнда деп түлкіні басады.
- Үшеуі отырып көрген- білгендерін айтысады. Мұны Жақсылық естіп алады.
Жақсылық үшеуінің әңгімесін естіп алып, ала тоқтының өкпесімен байдың қызын емдеп жазып, байдың қызына үйленеді. Содан кейін баяғы түлкі айтқан қыстауға келіп, алтынды қазып алады. Ала таймен арыстанды қуалап жүріп ұрып, малға қайтып жоламайтындай етіп, байдың бір үйір жылқысын алып қайтады.
Күндердің күнінде үсті- басы алба- жұлба Жамандық келіпті. Жақсылық басынан кешкен оқиғаны айтып береді. Бірақ асулы тұрған қазандағы етті жеме деп ескертеді.
Жамандық айтқан жерге келіп қазан толы асулы етті көргенде шыдай алмай алмай еттен жеп, сорпасын ұрттайды. Бір кезде түлкі, қасқыр, арыстан үшеуі келеді.
- Ойбай, мына еттен біреу жепті ! Осы күркенің үстіне шығайықшы , сонда бір бәле бар, - депті түлкі.
Күркенің төбесіне шығып қараса, Жамандық жатыр екен...
Әңгімелесу
Мұғалім
- Оқушылар мына ертегіден не түсіндіңдер?
- Бұл ертегі сіздердің ойыңызша немен аяқталады.
Оқушылар
- Бұл ертегіде Жақсылық Жамандыққа көп көмек көрсетеді , бірақ ол оны алдап кетеді. Жақсы адамға құдіреттің берері мол. Ол одан сайын өзінің де жолы болып , басқа адамдарға көмегін аямайды. Біреуге көмек көрсетемін деп жүріп өз мұратына жетеді.
- Менің ойымша бұл ертегі жаман болып аяқталатын секілді, себебі оны жабайы аңдар біліп қалды. Менің ойымша бұл ертегі жақсылықпен аяқталатын сияқты, оған тағы да Жақсылық келіп көмектесетін сияқты.
Мұғалім
- Дұрыс айтасыңдар балалар өз өмірлерің өз қолдарыңда сондықтан да мына ертегі секілді жақсы жүріп , жақсылықты адамдардан аямасаңдар құдіреттің сізге берер жақсылығы мол.
Тыныштық сәті
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар . Енді көз алдарыңа табиғаттың тамашасын елестетің-дер.
Қандай ақын болмасын, қандай суретші болмасын, қандай ғалым болмасын, қандай қарапайым адам болмасын барлығы да табиғатты жырлаған, табиғаттың суретін салған , табиғаттан үйренген, табиғаттан күш сұраған жандар.
Енді балалар табиғаттың бізге сыйлаған жақсылығын көре білейік.
Мұғалім табиғаттың әдемі суреттері мен байлығын оқушыларға музыка арқылы көрсетеді.
Мұғалім
-Не көрдіңдер, не айта аласыңдар?
Балалардың жауаптарын тыңдайды.

Сұлулық
Ш. Сариев
Жұлдыздардың жанарында - сұлулық,
Ақша бұлттың тамағында – сұлулық,
Түнерген тау қабағында - сұлулық,
Балбұлақтың сылдырында - сұлулық ,
Айдын көлдің самалында - сұлулық.

Бұл өлең жолдарын балалармен бірге айту.

Балалар мен осындай жақсылықты табиғаттан көріп, оған ешқандай жақсылық жасамаймыз ба дегенім де , сіз секілді басқа балалар өздерінің жасаған жақсылықтарын суретке салып әкелді. Енді бұл суреттерді сіздерде көріп , сендердің де жасаған жақсылықтарың осы жерде бар ма маған айтып берсеңер . Балалар өздері сияқты балалардың суретінің ішінен , таңдап өздері жасаған жақсылықтарды айтып беруіне жағдай туғызамын.
Балаларды тыңдап болғаннан кейін мына дәйек сөзін оқытамын.
Дәйексөз
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі ,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»,- деп сөзімді аяқтап , оқушылардың ойын тыңдаймын.
Мұғалім
Осы сөзді , балалар , қайдан естідіңдер?
Балалардың ойын тыңдаймын.
«Шал мен бала» мәтінінде кездеседі. Авторы Бердібек Соқпақбаев.
Мынаны ұмытпаңыз:
«Айналаңызды қоршаған Табиғат – Ананың барлық жаратылысын сүйіңіз! Олармен тілдесіңіз. Олар сізді сүйеді . Барлық уақытта сізбен бірге. Оларға қолыңыздан келгенше жақсылық жасаңыз.»

Мұғалім :
-Окушылар интерактивтік тақтадағы схемаға мән берейік .
Жақсылықты қалай түсінесің?

Жақсылық

Адамдардың
бір-біріне жасаған жақсылықтары

Табиғаттың бізге берер жақсылығы мол
Табиғатта жақ- сылықты тілейді

Қорытындылау
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»,- дегендей ол өзінің осы мейрімі мен қайырымына ешкімнен ақы тілемейді . Сондықтан барлық тіршіліктен жақсылықты аямайық.
Жүректен жүрекке
Балалар тақтаға үлкен жүрек тұр. Сол жүректің үстіне
Балалар қазір сендердің қолдарыңызға жүрекшелерді таратып беремін. Мына алдарыңызда жатқан гүлдерді теріп алып, жүрекшелерге қадаңдар. Сабақтарыңызға қатысқан мұғалімдерге сыйлаңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.