.
.
Менің Отаным- Қазақстан ! Менің Отаным- Қазақстан !
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1445 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
1. Оқушылардың Қазақстан туралы ой-өрістерін кеңейту.
2. Өз халқымыздың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, әдебиеті мен мәдениетіне деген танымдық қызығушылықарын ояту.
3. Туған жерін сыйлауға,бағалай білуге,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Буклет ,,Менің қазақстаным,, ,,Астана арман қала,,
Тарихи тұлғалар портреті, топтардың аты, тапсырмалар жазылған конверттер,мемлекетік рәміздер,касета, магнитофон.
Өткізу әдісі: танымдық ойын түрінде өтеді.
Әнұран орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз ,,Менің Отаным-Қазақстан,, деп аталады. Отанымыз Қазақстан туралы не білеміз , осы сабақта ортаға салып көрейік.
Жоспармен таныстыру:
1.Бәйге
2.Жалғасын тап
3.Тарихи тұлғалар
4.Болашаққа жол сілте
Әділ қазылар алқасын сайлау
Бағалау парағы:
Топтар Сәлемдесу Бәйге Жалғасын
тап Тарихи
тұлға Болашаққа
жол сілте
Сайысымызды бастайық.
1. «Сәлемдесу»
І- топ «Алатау»
ІІ-топ «Ынтымақ
ІІІ- топ «Бәйтерек»
2. «Бәйге»
І-топ:
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Республиканың тұңғыш Президенті кім?
3. Қазақстан Республикасы қай елдермен шектеседі?
4. Әнұранның авторы кім?
5. Қазақстан мемлекеттік тілі қай тіл?
6. Қ.Р мемлекеттік рәміздері
7. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан
8. Түйе сүтінен жасалған сусын?
9. Қазақстанның тұңғыш академигі?
10. Невада Семей қозғалысын ұйымдасырушы?
ІІ-топ:
1.Тудың авторы кім?
2.Қ.Р. ұлттық ақшасы?
3.Қ.Р. Тәуелсіздігіне биыл неше жыл толды?
4.Қ.Р. жер аумағы қанша?
5.Неше облыс бар?
6.Қазақстан қай континентте орналасқан?
7.Юнесконың есебіне алынған біздің жеріміздегі тарихи мәдени ескерткіштер?
8.Биенің сүтінен жасалынған сусын?
9.Семей атом полигонында неше рет жарылыс болды?
10.Таяу шетел құрамында болатын елдер?
ІІІ-топ:
1.Елтаңбаның авторы кім?
2.Облыс әкімі кім?
3.16-желтоқсан қандай мейрам?
4.Жер аумағының үлкендігі бойынша нешінші орын алады?
5.Түркі тілдес елдердің жаңа жылы?
6.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері?
7.Алыс шетел құрамындағы елдер?
8.Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойламақпыз?
9.ТМД толық айт?
10. Елтаңбада не бейнеленген?
Қыздардың орындауында «Ата- толғау» биі.
«Жалғасын тап»
Мұғалім: Әр елдің тарихи мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет –ғұрпы бар. Біз атадан балағамұра болып қалатын әдебиетінеоқталайық. ОНда қазақ халқының өмірі , мейірімділік пен қатігездік, сараңдық, ержүректік айтылған.
Ендігі кезекті мақал-мәтелдер сайысына кезек берейік.
Туған жер, Отан туралы мақалдар беріледі?
«Тарихи тұлға»
Үш конверт: Әрқайсысында сөз жазылған. Сол сөздер арқылы тарихи тұлғаны сипаттап, кім екенін абу керек. Ойлануға 1-минут уақыт беріледі.
/ С.Назарбаева, А.Құнанбаев, Қ.Рысқұлбеков/
Жеңістің 65 жылдық мерей тойы келе жатыр. Портреттер арқылы Ұлы соғысқа қатысқан батырларды атайық.
« Болашаққа жол сілте»
Біз халықтық әдебиетімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді мақтан тұтамыз. Әр адам өзі өмір сүріп отырған жеріндегі өмірді жақсарту үшін, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін Отанға, отандастарына деген сыйластық сезімін, Отан алдындағы перзенттік жауапкершілігін сезіне білу керек.
Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырасыңдар. /3-минут уақыт беріледі/
Тапсырма орындалып біткен соң, әр топтан бір оқушы шығып, оқып шығады.
Оқушылардың орындауында әдеби- монтаж.
Әділ- қазылар қорытындысын шығарады.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылай отырып, егер біз өз еліміздің, Отанымыздың тарихын білсек, ұлттық мәдениетімізді бағалай білсек, тарихи тұлғаларымызды мақтан ете білсек, өз- өзімізді, жерлерімізді сыйласақ, салауатты өмір сүрсек,өз Отанымызды шексіз сүйсек онда біздің әрқайсымыз өз халқының патриотымын деп айта алады.
Бағалау парағы:
Топтар Сәлемдесу Бәйге Жалғасын
тап Тарихи
тұлға Болашаққа
жол сілте
1-суреттеме
-желтоқсан
-Семей
-21
-1986
-камера
- тәуелсіздік
2-суреттеме
-Ибрагим
-әжесі Зере
-Шыңғыстау
-45 қара сөз
-аудармашы
3-суреттеме
-Бөбек қоры
-Жетімдер
- Өзін -өзі тану
-Шынығу жүйесі
-Адамгершілікке тәрбиелеу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.