.
.
Сабақтың тақырыбы: Нан-тіршілік көзі Нан-тіршілік көзі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2357 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:1. Нан дастарханға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру, еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нан суреті,ертегі желісі бойынша суреттер, әр түрлі суреттер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.
Әдіс-тәсілдер:сөздін, көрнекіліктер, сұрақ-жауап, ертегіні оқу.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, қауыз, диқан.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт:
Амансың ба қайырымды –Жер-Ана
Амансың ба қайырымды-Достарым
Үлкенге де сіз! Кішіге де сіз!
Құрметтейміз біз!
2. Өткен сабақ.
Өткен сабақта біз «Отан» туралы таныстық
-Отан тақырыбын бір қайталап еске түсіріп алайықшы.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы!
-Біздің елді кім басқарады?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
-Отан туралы тақпақтарымызды еске түсіріп алайықшы.
Отан деген- Атамекен
Отан деген- Туған жер
Отан- үлкен
Отан Ана
Қазақстан туған ел!
Жарайсыңдар оқушылар , Отан туралы бірнеше тақпақтар айтып жіберейікші?
Оқушылардың тақпақтары.
3. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ барысы: Біз бүгінгі сабақта нанның шығу тарихымен танысатын боламыз.
Біздің күнделікті дастарханымыздағы жейтін нанымыздың дастарханға қандай еңбекпен келетіндігімен танысамыз. Нан көп еңбек ету арқылы, көп тер төгу арқылы келеді. Нанды бір күн жемей шыдап отыру қиын. Нансыз өмір жоқ деуге болады. Нан- болса ән болады.
Енді сендерге нанны жасалу жолын түсіндіріп өтейін. Көктемде Дихан егінді егеді. Ол үшін бірінші трактормен қара жерді жыртады, тырмалайды. Содан соң дән себіледі. Дәннің жақсы өсіп жетілуіне ауа-райының ықпалы маңызды. Көктемде жаңбыр көп жауып, жазда күн ыстық болса, күзде бидай тоқ болады. Дихан жаз бойы осы тұқымнан шыққан бидайды баптап, қараумен айналысады. Ол кісінің еңбегі зор. Күзде піскен бидайды комбайнмен жинайды. Комбайнның алдында үлкен орағы бар машина. Комбайн бидайды орған кезде дәнді бір бөлек шығарады, масағы бір бөлек шығып, сабандарды шомалай-шомалай етіп үйіп кете береді.
Дәнді арнайы жүк машиналарға тиеп жібереді. Жүк машиналары дәнді диірменге апарады. Диірменде бидайды елеп, суырып, кептіріп, ұн тартады. Ұн тартқанда аппақ суша ағып қаптарға қаптала береді. Қапталған ұндарды наубайханаларға апарып, наубайханашылар ұннан нан пісіреді. Нанды, бірінші қамырдан ашыту арқылы әр түрлі қалыптарға салып, ыстық пеште пісіреді.
Дайын болған нанды асханалар мен дүкендерге апарады. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Аналарымыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш т.б. пісіреді.
Осылай нан дастарханға келді. Дастарханның сәнін келтіреді, қарнымызды тойдырады. Біздерге күш-қуат береді.
Наубайхана- нан пісіретін, нан жабытын орын
Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам
Диірмен-дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын орын.
Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
Нан туралы балалардың тақпақтары
Жұмбақтар шешу
1. Ұзын мұрты сарылар
Мойнын да наны бар
Бидай
2. Асты-тас, үсті-тас
Ортасында піскен ас
Таба нан
Мақал-мәтелдер
1. Нан-тіршілік көзі
2. Бар байлықтын басы нан
3. Даланы дәнге бөлейтін – дихан
Диханды әнге бөлейтін-нан
Тыйым сөздер
1. Нанды бір қолмен үзбе.
2. Нанды жерге тастама.
3. Нан қиқымын шашпа.
4. Жердегі нан қиқымын баспа.
5. Нанды қорлама-обал болады.
Сергіту сәті.
Ертегі оқып беру «Нан қайдан келеді?»
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлке нандар үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төменде бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалады. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырмай, қайдан келді екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне кірсем, ә!»-деп қызығып кетеді. Тесіктен сақтана сығалады.
-Нан, нан, сен қайдан келдің?-деді сыбырлап.
-Сатушыдан сұра,-деді нан
Тышқан сатушыға келді.
-Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?
-Наубайшыдан сұра,-деді сатушы.
Тышқан наубайханаға келеді. Мұнда көп адамдар нан пісіріп жатыр екен.
-Нан қайдан келеді?-деді бір наубайшыға келіп.
-Диірменшіден сұра-деді наубайшы.
Тышқан диірменге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
-Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді- деп сұрады.
-Комбайншыдан сұра,-деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ігерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп.
-Комбайншы, комбайншы , нан қайдан келеді?-деп сұрады
-Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егінші оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді.
Міне, қалың астық – сол көп еңбектін жемісі.
-Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ таба беремін,- деп қутың-қутың етті Тышқан.
Оның мақтанғанын көріп жыны шыққан комбайншы
-Әне, мысық келе жатыр,- деді
Сол-ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
Осылайша Тышқан еңбек ету ауыр екенін біліп, інде өмір сүріп, нан ұрлап жеп жүр екен.
Ертегі бойынша сұрақтар қою
1. Дүкенге не келді?
2. Тышқанды қандай сұрақ мазалады?
3. Нан қайдан келеді?
4. Тышқан неден қорықты?
5. Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?
Сабақты қорытындылау:
«Нан-байлық, нан-береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдерме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Нан туралы өлең шумағын оқып беру.
Нанда өмірдің иісі менен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар,- деп сабағымызды қорытындылаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.