Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Наурыз Сәкен Сейфуллин -

Наурыз Сәкен Сейфуллин

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1824 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ахметова Мереке Тәжібайқызы
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Ана тілі
Тақырыбы: Наурыз Сәкен Сейфуллин
Мақсаты:
Білімділік:
Наурыз-жыл басы,яғни дін мейрамы емес,ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өлең,мақал-мәтел арқылы тілдік қорларын дамыту,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрән,тілін,дінін,әдет-ғұрпын сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер,Сәкен Сейфуллин портреті,бағалау парақшалары т.б
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау-жинақтау,СТО стр.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып,бір-біріне тілек айту.
Мұғалім: бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Наурыз-жыл басы,яғни дін мейрамы емес,ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан 3 топқа бөлініп отырамыз
І топ Наурыз
ІІ топ Сәуір
ІІ топ Мамыр
Топ басшыларын сайлап аламыз.
Ітоп ұраны:
Наурыз – шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
ІІ топ ұраны
Сәуір болмай-тәуір болмас
ІІІ топ ұраны
Көктем шуақты болсын!
Күні қуатты болсын!
Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.
Сабағымызды: Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұстаныммен бастамақпын.Себебі сендер бүгін топпен жұмыс жасамақсыңдар.
Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
І.Қайталау-сөз анасы
ІІ.Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар.
ІІІ Білгенге маржан-білмеске арзан
ІV.Ойға түстім ойландым.
V.Сәулең болса кеудеңде.
Олай болса сабағымызды бастайық.
І бөліміміз бойынша Қайталау-сөз анасы. (Үй тапсыпрмасын сұраймын).
Қосымша тапсырмаларын сұраймын
Ітоп Наурыз туралы мақал-мәтел жаттау.
ІІ топ Наурыз көже туралы реферат жазу
ІІ топ Наурыз туралы өлең шумақтарын жаттау.
2.Білімдерін жан-жақты тексеру.
Көктем айларына қандай айлар жатады екен?
Табиғатта қандай өзгерістер болады?
3.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
ІІ Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар.

Мына суреттен не көріп отырсыңдар? Естеріңе не түсті соны алдарыңдағы дәптерге түсіріңдер?
Балалар біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.
3Тірек-сызба арқылы Сәкен Сейфуллин туралы мәлімет беру
Ақын,жазушы,қоғам қайраткері
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.
Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.
1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады.
Оқулықпен жұмыс
-оқушылардың тізбектей оқуы
Өлең не туралы?
Көктемде қандай өзгешеліктер,табиғат құбылстары болады екен?
3.Жаңа білімді меңгерту.
ІІ Білгенге маржан,білмеске арзан деп аталады.Бұл бөлімде топпен жұмыс түрлерін жүргіземіз.
І топқа өлеңге сүйеніп,Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып беріңдер.
ІІ топ өлеңде адам кейпіндегі бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша жазып шық.
Жаз –құшақтайды,беттен сүйеді.
Су-----сумаңдайды,былдырлайды.
Құстар------сұңқылдайды
Мал------------жадырайды.
ІІІ топ Әр шумақты жеке-жеке оқып екі өлеңнің ұқсастығын табыңдар
С.Сейфуллин «Наурыз» М.Дулатұлы. «Наурыз»
Адам да,мал да жадырап жүр
Келіпті жылдың құсы
Жаз шығып,кеткен қысы Мал мен жануар қуанып жүр
Жазбен келген құстар жүр
Жаз болды міне
4.Ойға түстім ойландым
Балалар мына сөйлемді оқып жіберейікші.
Наурыз-жыл басы
(осы тақырып бойынша біз ойымызды жазамыз).Балалар мына тақырып бойынша әр оқушы үш сөйлемнен жазамыз..Бос орынға жұбы жазып,болғасын өзі алып қабырғаға қарап оқиды.Болғасын редакциялап а «втордың орындығына» келіп оқиды.
5.Жаңа білімді қорытындылау.
Зерделі сөзге зер сал.(Кубизм)
І топ Суреттеңіз
ІІ топ Қолданыңыз
ІІ топ Салыстырыңыз
5.Бағалау.Сәулең болса кеудеңде
№ Оқушының аты-жөні

Қайталау-сөз анасы Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар Білгенге маржан-білмеске арзан Ойға түстім ойландым Сәулең болса кеудеңде
1
2
3
4
5
6.Үйге тапсырма
Наурыз өлеңін жаттау
І топ Эссе жазу
ІІ топ Наурыз мейрамына буклет жасау
ІІ топ Наурыз сөзіне Бес жолды өлең құрастыру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.