.
.
Маңғыстау облысы Не білдік?, Не үйрендік?
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2134 | Размер: | Автор: Нартай4540Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектептің мұғалімі
Елусинова Кумуш Сынабаевна
Мектепалды даярлық тобындағы қорытынды сабақ..
Сабақтың тақырыбы: Не білдік?, Не үйрендік?
Сабақтың мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу , баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Әдіс тәсілі: Ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, алфавит, 10 көлеміндегі натурал сандар т. б.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру.
- Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, енді осы қонақтармен амандасып алайық.
Балалар: Сәлематсыздар ма?
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
- Балалар, бүгінгі бізің сабағымыз ерекше болмақ. Біздер бүгін сабақта дидактикалық ойындар арқылы жыл бойы өткендерімізді қайталайтын боламыз.
Ойын шарты: Барлық сұрақтарға толық және қатесіз жауап беретін боламыз.
Ал ендіше турмайық
Ойынымызды бастайық
Не үйрендік, не білдік
Соны ортаға салайық.
1. Ойын: «Есіңе түсір, жылдам айт»
- Адамға тіл не үшін керек?
- ............, ............ , .........., .....
2. «Ойлан, тап» ойыны. ( тіл дамыту пәні бойынша)
Жұмбақтар шешу:
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама,
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты.
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады.
3. «Сен білесіңбе?» ойыны.
-Қандай ертегілерді білеміз?
Ертегілердің сюжетті суретін көрсету. Балалар қай ертегі екенін табу.
4. «Жалғастыр» ойыны.
Өлеңнің екі жолын оқу. Балалар жалғастыру керек.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың
.......................................
.......................................
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
..............................
..............................
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
..........................................
..........................................
Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп,
......................................
......................................
5.«Өз орныңды тап» ойыны. ( Айналамен қоршаған орта, экология пәні бойынша)
Жыл мезгілдері ретімен өз орындарына тұрады.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Сұрақтар : Бір жылда неше мезгіл бар?
Әр мезгілде неше ай бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Сауат ашу пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық ойланып.
- Балалар, біздер әріптерді, сөздерді оқуды, жазуды қай пәннен үйрендік?
- ..........................................................
1. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.
а ) Әріптерден, буындардан сөз құрату. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мысалы: а-дауысты, л-дауыссыз, м-дауыссыз, а-дауысты
ә ) кітап, әже, Айгүл, мектеп сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.
2. «Ой қозғау»
Қайталанып келген әріптерді алып тастау арқылы жасырынып турған сөзді табу.
СҚСАРСЛСЫСҒСАСШ ҚАРЛЫҒАШ
Сұрақ:Қарлығаш қандай құс? Осы туралы қандай ертегі білеміз?
3. «Кім біледі?» Ойыны.
а ) Бала, машина, қуыршақ, балапан, балабақша сөздерін буынға бөлу.
ә ) Сөзді қалай буынға бөлеміз?
4. «Ойнайық та, ойлайық» ойыны.
а) Әріп көрсетіледі. Балалар қолындағы түстің көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыс екенін мұғалімге көрсетеді.
5. «Адасқан сөздер» ойыны.
а) Тақтаға ілінген суреттердің астына кеспе әріптермен аттарын жазады..
ә ) Осы сөздерге сөйлем құрату.
Математика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болған жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Балалар, біз тура, кері санауды, қосу мен азайтуды, есеп шығаруды қай пәннен үйрендік?
а ) 0-ден 10-ға дейін тура санау.
ә) 10- нан 0-ге дейін кері санау.
2. «Тез есепте» ойыны. Ауызша.
3+1 2+2 6+2 7+3 10-5 6-3 7-4 8-5 9-4 9-2 10-7 8-3 6-4 5-3
3. «Орныңды тап» ойыны.
а) ретімен орналастыру
10,5,3,4,1,6,9,2,7,8,0 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
4. «Кім көп біледі?» ойыны.
Бір аптада неше күн бар?
- Ретімен айтып беру.
5. Сергіту.
Топ-топ топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса, Алтын күн!
Жаса, жаса, жарқын күн!
6. «Білгіш болсаң....» ойыны. (балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту)
- Жұдырықта неше саусақ бар? (5)
- Анасының мысығы, иті, қызы бар. Анасында неше бала бар? (1))
- Ағашта 4 құс отыр, оған тағы 2 құс келіп қосылды. Ағашта қанша құс отыр? (6 )
- Қолыңда 5 алма, табақта 2 алма қосқанда барлығын болады неше алма? (7)
- Көлден ұшты 4 қаз, қайтып қонды 2 қаз, ұшып кетті нешеуі? (4-2)
6. «Көршісін тап» ойыны.
3-тің ,7-нің ,9-дың , 6-ның , 10-ның көршісін тап.
7. «Жоғалған сандар» ойыны.
Қалдырып кеткен сандарды тауып орнына қою.
0 2 6 8 10
8.«Құрамын тап» ойыны.( Гүлдің күлтесіне сандардың құрамын жазу)
8-дің, 9-дың, 10-ның құрамын табу.
Қорытындылау.
Сабақ соңында «Бақытты балалық шақ» әнімен аяқтау.
Мектепалды даярлық тобындағы
қорытынды сабақ.
Өткізген: Жаңаөзен қаласындағы №7 орта мектептің
мұғалім Елусинова Кумуш Сынабаевна
Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектеп
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.