.
.
Г.Нұрділлаева Өнеге (ертегі)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1778 | Размер: | Автор: Нартай4540№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ана тілі
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өнеге (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
а)Ертегі мазмұнымен таныстыру, мазмұнды жатық, жүйелі айта білуге үйрету өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру
ә) Оқушының сөздік қорын молайту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту
б)Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа, үлкенді қадірлеп, сыйлай білуге, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Данышпан атаның өсиеттері, нақыл сөздер
I.Ұйымдастыру
Оқушы назарын сабаққа аудару
Үлкенге де, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп Бас иеміз біз.
II.Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, біз кешегі өткен сабағымызды «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» - деп халық мақалымен түйіндеген болатынбыз.
а) «Менің досым» тақырыбына жазған шығармаларын оқыту.
ә) Адал достыққа тән қасиеттерді айтқызу
б) «Екі дос» әңгімесінің мазмұнын сұрау
в) Үй тапсырмасын қорытындылау
Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
Сергіту. «Біз өмірдің гүліміз». (ән айту)
III. Жаңа сабақ бойынша жұмыс.
а) Ой шақыру. Интерактивті тақтаға мақал жазылады.
«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі». (М.Әуезов)
ә) Әңгімелесу. (Сабақ тақырыбының мәнін ашу)
1.Сендердің ашуланған кездерің болды ма?
2.Не себепті ашуландыңдар?
3.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
4. «Ашу дұшпан, ақыл – дос» - деген мақалды қалай түсінесіңдер? (оқушы жауаптары тыңдалады)
Балалардың жауаптарын түйіндеу.
-Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды.Ашу адамның өзіне де, өзгелерге де, айналасына да зиян.Өйткені адамның көңілі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиынға соғады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын ақылға жеңдіріп, сабыр сақтап, біреуге жамандық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәні туралы әңгімелесеміз.
Бүгін бізде қонақта «Данышпан» аталарың отыр.
Сыныпты екі топқа бөлу:
1.Жас ұлан 2.Тарлан Тақтаға күннің ретін, тақырыбын жазу.
«Өнеге» (ертегі)
Ертегіні мәнерлеп оқып беру.
Оқушылардың түсінгенін анықтау мақсатында сұрақтар қою.
1.Шаһар ханы неге сонша таңғалды? 2.Оның алтынға сатып алғаны не еді? 3.Бұл ақылдың ханға қалайша көмегі тиді? 4.Өзің осы ақыл сөзге байланысты қандай мақал-мәтел білесің? 5.Ертегіден көңіліңе не түйдің?
Ал балалар біз қазақ тілі пәнінен мәтін жайлы өтіп жатырмыз. Енді осы мәтінге жоспар жасап көрейік.
Жоспар:
Сатылған ақыл. Алтын сапты ұстара. Ақылдың көмегі.
Дәптермен жұмыс: «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боларсың».
Интерактивті тақтамен жұмыс: Жазылған нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру.
1.Ақылдының сөзі-қысқа, айта қалса – нұсқа 2.Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. 3.Біреуге ор қазба, өзің түсерсің. (уәзір) 4.Ашу - дұшпан, ақыл – дос. (хан)
«Данышпан» атаның кеңестерін оқып беру.
-Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл
-Ашуланған кезде бірден оңға дейін іштей сана
-Жақсы нәрсе туралы ойла
-Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте
-Басқа адамды ренжітетініңді ойла
-Соңынан өкінетініңді есіңе ал
-Біреуге жамандық ойлама.
Мұғалім: -Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары-ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылына жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы М.Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»,-деп өте орынды айтқан.
Үйге тапсырма: Ертегіні түсініп оқу, ертегі мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер жаттау.
Мадақтау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.