.
.
Күні: 11.03 Негізгі және туынды етістік
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3168 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың негізгі және туынды етістік туралы алған білімдерін пысықтау. Қатесіз жазуға дағдыландыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту.
- Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы) Мысал келтір.
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі) Мысал келтір.
- Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (негізгі, туынды) Мысал келтір.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Негізгі және туынды етістік» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Айгүл екі кітап ...
Әсем қызанақтан салат...
Әсет театрға ...
Үстел үстінде жемістер салынған ыдыс ...
Әжесі немересіне қолғап ...
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығудағы сөздерді оқып, туынды етістіктерді бір бөлек, негізгі етістіктерді бір бөлек көшіріп жазу.
2-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу. Туынды етістіктерді тауып, олардың астын сыз.
Сергіту сәті.
4-жаттығудағы жаңылтпашты жатқа жазу. Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдау.
ІІІ. Ой толғау.
«Б әрпінен басталатын етістіктер» ойынын ойнау.
б
б
б
б
б
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. 44-бет. 3-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.