.
.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім Негізгі және туынды сын есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2292 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1) Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсіндіру.білім беру;
2) Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау, ойындар жүргізу:
3) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, туған жерін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдістері: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Көрнекілігі: Сызба, «Саяхатқа шығу» , «Тамшыларды көлшікке түсір» «Сөзден сөз шығару» ойындары бойынша дайындалған көрнекіліктер,.
Сабақтың барысы: I. Бағдарлау- мотивациялық кезең, музыка (ұйқы) (оқушылардың көздері жұмулы, қимылсыз отырады).
Оян! Оян ботам! Жатпа қарап
Оян ботам! Тезірек шапшаңырақ!
Шақырды қораз мана әлдеқашан
Қарап тұр терезеден күн жалтырап.
1 сұрақ:- Неге тұрдың? Адам неге ұйықтай бермейді? (проблемалық сұрақ)
Қорытынды ой: Адамның әр күні өзіне, өзгеге пайда әкелуі тиіс.
- Жақсы, енді «Ояндым» сөзін естігенде көзімізге не елестейді? (ассосация)
- Мектеп, күн, таң т.б.
- Көзіңді аштың, не көресің? (жарық)
- Жарық қайдан келеді? (күннен)
- Күннен не аламыз? (жылу)
- Сол жылуды бойымызға таратып, жүрекке қабылдаймыз.
- Жүректен не шығады? (тілек)
- Олай болса, дәптерімізге Т.т. әдемі етіп жазып, бір ауыз тілек жазайық..
(Жазған тілектерін оқушыларға оқыту)
II. Операциялық – орындаушылық кезең.
1. Көркем жазу Т.т
2. «Саяхатқа шығу» ойыны арқылы ережелерді қайталау.
- Елімізде қандай үлкен қалалар бар? Осы аталған қалаларға кімнің саяхатқа шыққысы келеді? (қала аттары жазылған қима қағаздарда сұрақтар берілген)
Астана : Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
Алматы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата
Орал: Қандай сөз таптарын білесің?
Қызылорда: Зат есім туралы не білесің?
Семей: Етістік жайлы не білесің?
Қарағанды: Сан есім туралы не білесің?
Ақтөбе: Сын есім туралы не білесің?
3. Тақтадағы сөйлемге назар аударту.
Ол өжет адам еді.
Балалардың талабы таудай.
Айгүл жасыл көйлек киді.
Данияр тәртіпті оқушы.
Тапсырма: Сөйлемдерді оқып сын есімдерді табу, сөз құрамына талдау.
- Қандай ұқсастық бар?
- Айырмашылығы бар ма?
- Осы мысалдарға қарап сын есім туралы не айтуға болады?
(Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасатып, ереже шығарту).
Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.таза, үлкен, қызыл.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Таудай, өнерлі , сезгіш.
4. Оқулықпен жұмыс. 375-жаттығу (жаттығуды талдау).
1. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазу. (қосымшаны еске түсіру).
2. Сөз құрамына талдау. Қай сөз табына жатады?
5. Сергіту сәті.
Бақыт маған да ортақ,
Бақыт саған да ортақ,
Бақыт бәрімізге ортақ (қимылмен)
Біз бақытты баламыз.
- Осы сөйлемде сын есім барма? Қандай сын есім? Неліктен?
(1 топ )
6. Танымдық тапсырма. (2-топ)
«Сөзден сөз шығару» ойыны. «Ойлан тап» ойыны
«Қарапайым» сөзінен сөздер шығару. Кес(...) дік, жұ(...)ық, ой(...)тау,
(қар, қара, ара, апа, апай, ай, айым, ым). Дәп(...)ме, бар(...)та, тоқ(...)дық.
7. Оқулықтан тыс тапсырма.
Терме диктант. Шығармашылық диктант.
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды .................. көлде жоқ балық,
қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық .................. көлде көп балық
(Осы сөздердің ішінен сын Ал, балалар...........................
есімдерді теріп жазу. Алып қолға ..........................
III. Рефлексиялық –бағалау кезеңі.
«Тамшыларды көлшікке түсіру» ойыны
Бұлттан жауған тамшыларда сын есімдер жазылған, негізгі сын есім тамшыларын,
негізгі сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру, туынды сын есім тамшыларын, туынды сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру. (ойын барысында талдап отыру)
- Ал, балалар, міне,бұлт ыдырап, күлімдеп күннің көзі шықты.
Даламдай кең пейілім
Жүрегім мол мейірім,
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріне ортақ шуағым
Осы жарқыраған күндей мейірімді жан шуақты, көңілі ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін азамат болыңдар!
Бағалау: (сабақ барысында түсіндіріп кеткен болатынмын. Әрбір оқушыға жауап беру санына сай жетондар таратылады, соның санына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма. 377-жаттығу
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды ақын Дихан Әбілев ағамыздың мына өлең жолдарымен аяқтайық. (барлығы бірге)
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам – тілі - өз тілім! – деп, өзіміздің туған тіліміз қазақ тілін қастерлей, қадірлей білейік.
Сарысай орта мектебі
Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
3-сынып
«Негізгі және туынды сын есім»
Мұғалімі: Аманбаева Б.А.
2009-2010 оқу жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.