Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Невада-Семей» қозғалысының саяси мән-мағынасын  ашу. -

«Невада-Семей» қозғалысының саяси мән-мағынасын ашу.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2049 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мақсаты: Оқушыларға «Невада-Семей» қозғалысының саяси мән-мағынасын
ашу. Оқушыларғақырық жыл бойы сыналып келген Семей ядролық
сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабының жазықсыз жапа
шеккендер жайында Полигон сұмдығы жайында әңгімелесу, болашақ
ұрпақты қасиетті ата-баба жерінің мұңын бөлісуге шақыру.Семей-
қайғылы шындық екенін ұмытпау.
Көрнекілігі: Жазылған плакаттар , Семей зардабы жайында слайдтар.

Сабақ барысы.
Мұғалім: 1989-жылы ақпан айының 28-інде белгілі қоғам қайраткері Олжас Сулейменовтың басшылығымен «Семей-Невада» Халықаралық қозғалысы құрылып, атом полигонын жабуға оң әсер етті.Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Президентіміз Н.Назарбаевтың мәңгілікке үні өшкен атом полигонының жабылғанына да 20 жыл толады Бүгінгі сабағымызда Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы айтылады.
Азиза: Қайғың көп қазақ жері !
Шыдамдысың!
Жатқа сыр алдырмайық-
Мың аңдысың
Шешсін деп тағдырыңды тапсырасың,
Сеніммен әр перзентке қыран мүсін.

Елдар: Байтақсың ұлан-ғайыр өзен , тауың
Бөз далаң сарқылмайды айтсаң сауын.
Жетеді жетіде әрең Батысыңа,
Шүйіліп Шығысыңнан шыққан жауын

Дарын: Ғажапсың кім-кімге де кең құшағың
Төндірген талай кезді өңді шағың
Әйтеуір арытпай да, байытпай да,
Қызықты түсте көрген ең құсадың

Аружан:Бойыңа тер сіңүін ұнатасың,
Тамса тер ,
Жарылқайсың мың атасын
Төріне түнетерсің Қызырды әкеп,
Басына бақ орнатып, жұбатасың

Мұғалім: ХХ ғасыр адамзаттың тарихына ешқашан бітіспес, басы пісте жүйелердің ауқымы мен құралдары жағынан бұрын-соңды болып көрмеген блоктық тайталастың заманы болып енді.Бұл қару жарақтың дегені жүрген заман-ды: ғасырдың бірінші «қантөгіс» жартысында «тротил» дәуірлесе, екінші қырғи қабақ жартысы атом бомбасының тегеүірінен тұралады.Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік басшылық әскери саладағы өзінің ең басты міндеті АҚШ-тың атом монополиясын жою деп санады.

Жандос: Қазақстанда жер бетінде орналастырылған құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыратын 148 шахталық қондырғы шоғырланды.

Нұрбол: Осы шахталарға 104 құрылықаралық баллистикалық Р-36 МУТТХ зымырандары орналастырылды. Қазақстанда 1216 ядролық боеголовкасы болған.

Дарын: Ұлыбританияда 264 – тен 296- ға дейін атомдық боеголовка болған. Француз Республикасында 512 ядролық заряд, Қытай Халық Республикасының арсеналында 284 атом бомбасы болды. Қазақстан АҚШ – тан, Ресейден, Украинадан кейін 4 – ші орынды иеленді. Сонымен Қазақстанда ядролық қару жасап, жаңғыртудың бүкіл қажетті ғылыми базасы болды.

Аружан: 1947 жылы 22 тамызда Қазақстанда құпия қала құрылды, оған «Семей – 21 » деген жасырын ат берілді. Қала ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Жайылымдардан, шабындықтардан, таулы қыраттар есебінен 18000 шаршы километрдей жер бөлініп берілді.

Елдар: Құлпырды жайлау жазы даладағы,
Ерке елік, сері марал аралады.
Аңсары қанатындай аунап – қунап,
Төріне мекен таудың нәр алады.

Ерлан:Нар қызыл қына тасы текшеленген,
Нақыштан жасыл науыт арша төнген.
Бура бас кәрі шыңдар маңғазданып,
Келгендей бұлтпен көшіп басқа жерден.

Гүлім: Ақ бота мониып тұр көгалдағы,
Елеңдеп жас баладай алаңдады.
Ойыншық айнасындай дөңгелек көз
Нұрынан сәуле, сағым бұлаңдады.

Азиза: Жарыса қарулану әткеншегі шырқап кетті. 1948 жылы 29 тамызда тұп – тура таңғы сағат жетіде көз ілмес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты топ кенеттен дәл бір Күн орнына Күн болғысы келгендей аспанға көтеріле берді. Жер оқыстан қатты ауырсынып, шыңғырып жіберді.

Манас: Сарыарқаны қара албасты басып тұр,
Күдер үзіп, мүсін көңіл жасып тұр.
Жеті басты айдаһардай полигон,
Жалмайын деп аранын кең ашып тұр.
Жас сәбилер полигрннын жемі боп,
Бір сұмдыққа душар болды емі жоқ.

Нұрбол: Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Осы жылдың 12 тамызында Семей ядролық палигонының төңірегін тітірентті, оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті саңырауқұлақ секілді бұлты 16км биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері көгілдір сәуле шығарып тұрды.

Аружан: 1954 жылы Абыралы ауданы аумағынын жарымына жуығын полигонға босатып беруді талап етті. Ондаған елді мекендердің тұрғындарын басқа жаққа көшіруге бұйрық берді. Алғашында халық бұған наразылық білдіргенімен кейіннен лажсыздан көнді. Адамдар бір-бірімен, туып өскен жерімен, суымен, құрбандық шалып, ата-бабаларының молаларымен қоштасты.

Көрініс: «Айжан әже мен немересі Қазыбек»

Нұрбол: Сарыбелден батысқа қарай 35 шақырымдай жерде мүйіз тұмсықтын жөн арқасындай жонқаланған, күйік шалып өртенген, жұлым-жұлым, бір кездегі Абыралы елінің Көкшетауы атанған, кеудесін, өкпесін құрт тесіп дерттенген, басынан шашы жидіп түскен таз тау жатыр, ол – атомдық сынақтың ошағы Дегелен тауы.

«Дегелендегі қызыл күн» әңгіме желісі бойынша оқушылар салған суреттер.

Азиза: Шерменде болған тауым-ай,
Шегіртке болған елім-ай.
Бабамның көрін қопарған
Ұйтқысын елдің қопарған.
Бөкенің безіп жапаннан,
Қойын өліп қотаннан,
Аңдарын үркіп қопаннан,
Арланың шошып апаннан,
Қыраның кетп шыңынан,
Мұңартып көгір тұманнан,
Бұлағын мөлдір суалған ,
Қайыңдарың қуарған,
Үстемдік құрып «қу заман»,
Болыпсың – ау зар жетім,
Болыпсың – ау зар жетім!

Елдар: 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналыпты. Сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Нақ сол жылдары жалған жолмен «Бруцеллезге қарсы күрестің» арнаулы диспансері ашылып, Абай және Абыралы аудандарынан 10 мың адам жасырын бақылауға алынған. Ешкімді емдемеген, тек радиация әсерін зерттеген. Сол 10 мың адамнан 3 мың адам ғана есепте қалған. 1989 жылға дейін америкалықтар 921 жарылыс жасаса, Қазақстанда 500 сынақ жарлысын өткізіпті. Ауыл-аймақ, мал-жан қоныс аударып кеткен шағында 20-дан артық адам мал-мүлікті күзетуге қалдырылған.

Күзетшілердің ішінен жалғыз тірі қалған Ақат түнеріп отыр. Көрініс.

Азиза: Әлемге әйгілі ғалым А.Сахаровтың қазақстандық жарты миллион адамның құрбан болғанын мойындап, Кеңес өкіметіне ашық та батыл үн қатты. Бірақ ол сөздер іске аспады, еш нәтиже бермеді.
Қайран қоңыр көнбіс қазақ елі ед,
Көнбістіктен көресіні көріп ед.

Манас: Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр 100 мың адамға шаққанда жүйке-психихологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 4612-ге, жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сарыауру,микроцефолия, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын даусыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр.

Сұлтан: Шоқан, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Әміре Қашаубаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Даулет Тұрлыханов, Нұртай Сабилиянов сынды қазақтың біртуар асылдары дүниеге келген қасиетті ата – баба жері осылайша тозаққа айналды. Эколог ғалымдар Семей полигонында жасалған ядролық жарылыстар Япониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларындағы орын алған жарылыстардан екі есеге асып түсті деген байлам жасайды. Бір біздің Биғаш аймағында ғана рак ауруынан 500-ге жуық қайтыс болды.

Дарын: «Заман - ай» - ел мен жер тағдырын, халық мұңын шерткен азаматтық әуен. Қазақ ССР Халық әртісі Роза Рымбаева бұл әнді алғаш рет Наурыз тойында, кейіннен «Азия дауысы» халықаралық конкурсында орындады.

Ән «Заман-ай»

Гүлім: 1989 жылы 28 ақпанда Семей ядролық полигонында жер қойнауындағы сәтсіз аяқталған ядролық жарылыс салдарынан айналадағы ортаға радиоактивті газ шыққаны туралы хабар жеткен соң, Алматыдағы жазушылар үйі жанында қарсылық митингісі өтті де, ол халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының құрылуына түрткі болды. Оны әлемге танымал ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сулейменов басқарды.

Манас: Невада – Америка Құрама Штаттарының бір әкімшілік бірлігінің аты. Онда АҚШ-тың атом палигоны орналасқан. Қоғамнын аты «Невада-Семей» қойылуы оның жұмысынын дүниежүзілік мәнін түбінде Кеңестер Одағының ғана мес, АҚШ-тың да, өзгеелдердін де полигондарын жабу мақсатын көздегенін көрсетеді.

Аружан: Өзі құрылған күннен бастап «Невада-Семей» қозғалысы қыруар жұмыстар атқарды. Ол халықты жұмылдырып өкімет басшыларынан атом бомбаларын сынауды тоқтатуды, полигонды алып тастауды талап етті. Бұл шынында да халықаралық ауқымдағы ірі оқиға болды.

Елдар: Бүкіл Қазақстан, бүкіл халық бір ғана көңіл ауанында – ядролық сынақтар жасалмасын, атом қаруы жойылсын деген ауан билігінде болды. Қазақстанның қалалары мен ауылдарында митингтер, Олжас Сулейменов өзі ұйымдастырған кездесулер өтті. Біздің Көкпекті Совхозының тұрғындарын Кемербаев Тоқан Бұқарбаевич партия жетекшісі және Комсомолдан жетекшісі Сулейменова Қымбат Касымовна басшылық етіп Көкпектідегі митингіге барып қозғалысты қолдайтындарын айтты.

Нұрбол: Антиядролық қозғалыста Олжас Сулейменовтың жеке өзінің еңбегі орасан зор. Ядролық қарусыз қоғамдастықтың мүдделерін «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа жол бермеу жолында» жастардың «Next Stop» және басқа қоғамдық қозғалыстары білдірді.

Дарын: Семей облысының өзінде, Абай ауданы орталығы Қарауылда антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы ұйымдастырылған сан мың адамның митингіге қатысушылар әрқайсысы бір-бір тас алып, шағын тау жасады. Сөйтіп ұлы Абайдың балалық шағы өткен Қарауыл төбе жанында қолдан жасалған тас төбе пайда болды. Ол көлемі жағынан көп кіші болса да, әрбір қазақ үшін қасиетті жердің «ядролық» былғануына халықтың ашуы мен ызасының күші жағынан әлдеқайда үлкен болатын.

Манас: 1990 жылы 24 мамырда Алматыда өткізген «Әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы » атты ауқымды конференция болды. Ол үш күн жүрді. Конференцияға қазақстанға антиядролық қозғалыс белсенділерінен басқа әлемнің 30-ға жуық елінің делегациялары келді.

Азиза: Ақыры халық тілегі орындалды. 1991 жылы мемлекеттік егемендік алған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды. Ресми түрде бұл күн қыркүйектің 29 деп белгіленді. «Ядролық жарылыстарының құрбандарын есте сақтау күні» деп аталып, күнтізбеге арнайы еңгізілді.

Ерлан: Семей қаласын қақ жарып ағатын Ертіс өзені бойындағы кішкентай аралда бұдан бірер жыл бұрын есте сақтау үрдісінде «Өлімнен де күшті» деп аталатын ескерткіш орнатылған.

Ән «Бейбітшілік жыры».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.