.
.
Шаяхмет А.К. О дыбысы және әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1354 | Размер: | Автор: Нартай4540А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау; О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын - әрпін таныту; О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу;
Әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ, қайталау.
Көрнекілік: мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба – кесте.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
I Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз « Әріптер бағына » саяхатқа шығамыз.
- « Әріптер бағына » қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен « Білім » көлігімен барғым кеп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсындар ма?
- Онда қарап отырмайық.
- Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық .
1. « Оюда» бармын,
«Допта бармын».
«Түнде жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? ( О )
«О» дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау ( Ою, орындық, доп)
- «О» қандай дыбыс? (дауысты)
- Ол сөздің қай буындарында кездеседі ?
- Кім осы дыбыспен мысал келтіреді ? ( Балалардың мысалдарын тыңдау).
Сергіту сәті.
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
Нешеу еді барлығы. (он)
- О дыбысы кездесетін сөздер бар ма? (дыбыстық талдау жасау).
- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарды қосуымыз керек ( Балалар орындайды).
- Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымен түлкі кездесті.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі «Ою» сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана
(Тапсырма орындалады).
- Баққа жақындағанда қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды. ( Балалар жарыса оқиды).
Ойын. «Күн мен түн», « Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:
- Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді берді. ( ойна, ою, орындық т.б.).
- Балалар сөздерді оқып, олармен сойлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.
1) «Қошақан» әні.
2) «Қамажай» биі.
3) Тақпақ, жұмбақтар айтылып ішінен «О» дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінді. «О» әрпін келтіре отырып «Отан» тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап, қорғайды.
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел,
- Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман-есен өз мекенімізге оралдық..
II. Қорыту.
Алдар көсе сыныпқа келді. Оның қоржынында бір тапсырмасы бар. Ол балаларды сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін «О» әрпімен сөздер құрастырғызды. (Балалар сөздер, сөйлем құрастырды).
- Енді, балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мына сыйлықтарды тапсырады. (Оқушыларға ою беру).
III. Үйге тапсырма. «Отан» тақырыбына қатысты сурет салып келу.
Қостанай облысы
Арқалық қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.