.
.
Тақырыбы: Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2912 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау;
-ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау;
- оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) Кітаптағы суреттер сыры неде?
ІІІ .Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып, « Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір) 4.сөздік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалық- бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»
ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық. 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
Ү. Қорыту: Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1.Даналық, оқу, білім, т.б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2. « Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық » қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?
ҮІ.Үйге тапсырма: Жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.