Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Оқу -білім бұлағы» сайысы. -

«Оқу -білім бұлағы» сайысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3390 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Бастауыш сынып мұғалімі: Жумадилова З.Р
КММ №65 ЖББ ОМ
2 сынып
Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Оқу -білім бұлағы» сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, іздемпаздық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,өз пікірін қорғай алуға үйрету.
Көрнекілік: білім, оқу туралы қанатты сөздер, мақалдар, ребустар.
Сабақтың барысы:
1 жүргізуші:
- Сәлематсыздар ма, құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушы сайыскерлер! Білім сайысын ашық деп жариялаймыз.
Сонымен оқушылар , іске сәт! Жұлдыздарың жансын.
1.Әділқазылар сайлау. Әр сайысқа баға беру.
2. Топтарды ортаға шақыру, командананың аттарын тағайындау. Топ өздерін таныстырып, сәлемдесіп, ұрандарын айтып өтеді.
1 топ . Айгөлек 2 топ. Жұлдыз
Бөлімдерімен таныстыру.
1 бөлім. Бәйге сайысы.
2 бөлім. Мақал- мәтел өнері.
3 бөлім. Жеті жұмбақ.
4 бөлім. Ертегілер елінде.
5 бөлім. Ана тілі әлемі.
6 бөлім. Капитандар жарысы.
1 бөлім. Бәйге сайысы. 1 топ. Айгөлек
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
2. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 42 ә
3. Кел балалар өлеңінің авторы . ( Ы. Алтынсарин) 4. Басты байлық ( Денсаулық)
5. 12 ай ( Жыл)
6. Күйді орындаушы адам. ( Күйші)
7. 25 қазан қандай күн ( Республика күні)
8. Заттың аттарын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Кім? Не?
9. Қалам сөзінде неше буын бар? 2
10. Үш биді ата.
2 топ. Жұлдыз.
1.Қазақстан мемлекеттік рәміздерін ата.( ту, елтаңба, әнұран)
2. Көру мүшесі. (Көз)
3. 100 жыл. ( ғасыр)
4.Сөйлем неден құралады? Сөзден.
5.ҚР тұңғыш ғарышкері.( Т. Әубәкіров)
6. Екі ақынның жарысы ( айтыс)
7.Күндіз көрмейтін құс( жапалақ)
8. Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Қандай, қай..
9. Қарақат сөзінде неше буын бар? 3
10. 9 мамыр қандай күн. ( Жеңіс күні)
2 бөлім. Мақал- мәтел өнері сайысы.
Сыңарын тап ойыны. Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру.
1 топ. Айгөлек. .
1. Қоянды қамыс өлтіреді.( Батырды намыс өлтіреді)
2. Атаңа не қылсаң.(Алдыңа сол келер)
3. Балалы үй базар. (Баласыз үй қу мазар)
4. Тазалық бар жерде. (Денсаулық болады)
5. Оқусыз- білім жоқ, ( Білімсіз өмір жоқ)
2 топ. Жұлдыз.
1. Ердің көркі елімен (Отан көркі жерімен)
2. Еңбек етсең ерінбей ( Тояды қарның тіленбей)
3. Білімге дүние жарық ( Білімсіздің күні кәріп)
4. Білікті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)
5. Еңексіз өмір ( сөнген көмір)
Би: «Аққу» Орындайтын Мейірманова Томирис
3 бөлім. Жеті жұмбақ сайысы. Жұмбақты қазақша, орысша шешіледі.
1 топ. Айгөлек.
1.Ақ қарда тек тұрмадым.
Қос таяқпен зырладым( шаңғы - лыжы)
2.Бұрылса болды құлағы
Бұраса уақытты қуады. (сағат- часы)
3.Төрт аяғы, арқасы бар.
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. ( орындық- стул)
4. Аспанға қызыл- жасылды, Көкпенбек моншақ шашылды ( салют)
5.Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақты . ( Сиыр- корова)
2 топ. Жұлдыз.

1. Есек құлақты, ешкі құйрықты,
Мысық аяқты, көрдім жүйрікті. ( қоян- заяц)
2.Отқа жанбас, суға батпас.( мұз- лед)
3.Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады. ( Тышқан- крыса)
4. Тілі бар да, үні жоқ,
Сөйлеп тұрар ішінен,
Көзбен шалсам бір рет,
Не дегенін түсінем ( кітап- книга)
5. Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. ( Әтеш- петух)

4 бөлім. Ертегілер елінде сайысы.
Бұл сайыста сайыскерлердің дайындап келген ертегілерін тамашалаймыз.
Көрініс:
1 топ. « Аңқау арыстан» атты көріністі тамашалаңыздар.
Арыстан- Нұрәлі.
Түлкі- Насима.
Есек- Аслан
2 топ. « Қасқыр мен түлкі» атты көріністі тамашалаңыздар.
Бектемір- түлкі
Дияз- жолбарыс
Бекжігіт- қасқыр
5 бөлім. Ана тілі әлемі. сайысы. Шарлар үрленген, ішінде тапсырмалары бар.
Ана тілі пәнінен білімдерін тексеру.
1. «Күле шулап кірсе үйге,
Самауыр тұр бу шыққан» деген өлең жолдары М.Д улатовтың қай шығармасында келтірілген. ( Мектептен )
2.Биялай деген сөді кімнің өлеңінен кездестірдің? ( б. Соқпақбаев Шынықсын денеміз)
3. Тәуелсіздік сөзін басқаша қалай атуға болады.( Бостандық)
4.Жаңылтпашты дұрыс аяқта.
Киген тоны-
Оңды тон.
...................... (Өңді тон )
5.Солтүстік Қазақстанда туған ақын , жазушы, әрі педагог кім?
(М. Жұмабаев )
6.Қазақша жыл санауында жыл басы неден басталады?
( Тышқан)
6 бөлім. Капитандар сайысы.
1 топ. Тәуелсіздік сөзінен бірнеше сөздер құрастыру.
2 топ. Қазақстан сөзінен бірнеше сөздер құрастыру.
Басқа сайыскерлер ребустар шешеміз.

7 бөлім . Қазылар алқасының қорытындысы шығарылады.
Марапаттау.
Сөздің тобықтай түйіні:
Екі тентек кездессе,
Төбелеспен тарқайды,
Екі мылжың кездессе, Ерегеспен тарқайды.
Екі топ кездессе,
Елжіресіп тарқайды- демекші
Осымен біздің « Оқу- білім бұлағы атты сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп- көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.