Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқу жабдықтарына байланысты жұмбақтар -

Оқу жабдықтарына байланысты жұмбақтар

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Оқу жабдықтарына байланысты жұмбақтар

Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіңе назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

(Глобус)

Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.

(Хат)

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

(Кітап)
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып,
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.

(Кітап)

Ұзын,ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жетіп сол судың,
Қанып ішкен бар ма екен?

(Оқу)
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.

(Карта)
Зерек бала қолданса,
Көңілі тояр.
Жалқау бала қолданса,
Қол аяғын бояр.

(Сия)
Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.

(Кітап)

Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді.
Салған ізі сөйлейді.

(Қарындаш)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.