Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту -

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3071 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан халқынаЖолдауында» білім беру саласындағы сындарлы міндеттер айқындалып берілген.
Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу–білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.
Бүгінгі еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Білім бастауы- бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың эстетикалық-көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып-жетіледі. Онсыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға-Ұстаз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүріңдер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа-еліміздің терезесі тең елге айналуға, мойын бұрамыз.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы басқышы. Мұнда мектептің бастауыш сатысында оқушы дайын стандартпен жазу, оқу және есептеуді үйреніп қана қоймай, жеке өзінің шығармашылығымен және жеке рефлекциялармен (әрбір оқушы үшін әр түрлі кеңістікте жеке өмір сүру, жеке білім алу жағдайында қалыптасады.
Менің проблемалық тақырыбым: «Дамыта оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» Осы проблеманы шешу барысында келесі міндеттерді анықтадым:
-Сөйлеу туралы қарапайым ұғым;
-Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау;
-Сөйлеу мәдениетін және жазба тілін сөздік жұмыс арқылы байланыстыра сөйлей білуін дамыту,сөздік қорын молайту.
- Өз ойы мен пікірін сюжеттік суреттер арқылы еркін жеткізе алуға үйрету;
- Мазмұнды сөйлеу арқылы өз ойын дәлелдей білу;
- Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру;
- Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдай білуге, практикалық әрекеттерге дайын болуға машықтандыру;
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-Есте сақтау қабілетін жетілдіру;
-Көрнекілік арқылы танымдық белсенділігін арттыру;
-Баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту;
-Интерактивтік тақтаның мүмкіндігі арқылы оқушының танымдылық қабілеттерін дамыту;
Болашақ ойшыл,тапқыр, өткір,әрине білімді,азаматты тәрбиелеу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру сабағымда үнемі назарымда болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының білімі психологиялық- танымдық іс-әрекет негізінде ғана бақылауға алынса тиімді болатыны белгілі. Ол үшін танымдық жаттығулар, мағыналы есте сақтау, зейінділік,ішкі әрекет жоспары бейнелік – кеңістік байланыстар бағыттарында жүргізіледі.
Көп жағдайда танымдық процестердің өте маңызды мәселелерді, қиындықтарды ескермеу салдарынан таным дұрыс қалыптаспайды . Ол тек сабаққа ғана емес,сонымен қатар танымдық іс-әрекетке де кедергісін тигізеді. Мысалы, мұндай балалар үндемегенді қалайды,өзін өте енжар ұстайды және сабақ тапсырмаларын жиі орындамайды. Осы себептен баланың жаңа тақырыпты меңгеруі төмен болады да,балада қажетті білімді дұрыс игере алмайды. Сонымен қатар мектептегі оқу процесі ойдағыдай дәрежеде жүргізілмеген жағдайда, мысалы, төменгі сынып оқушысы сабақтың мазмұнын жаттап алып, бірақ мағынасына түсінбейтін болса, өз бетімен пікір айтып, қорытынды жасауға қатты қиналатыны сөзсіз.
Бұл мәселе жөнінде В.В.Давыдов, В.И.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «Адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден, өзінің білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншіден, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»-дейді.
Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулардың кешенді орындалуы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды.
Ол үшін «танымдық құқықтарды теңгеру» терминін пайдаланамыз. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу,өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру, өзінің дәлелдеген шешімін айтуға үйрету болып табылады.
Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып,дамытылу жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттырып, сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.
Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды,буыннан дыбысты бөліп алуға, дыбыстарды әріптермен таңбалауға, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ара жігін ажырата білуді үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.
Жаттығуларды орындау барысында балалардың сөздік -мағаналылық ойлаулары, зейінін бір сөйлемге шоғырландыра отырып, ойлауына мүмкіндік жасайды. Әрбір сабақта оқулықпен жұмыс істеу үшін ондағы фонетикалық, грамматикалық, орфографиялық жүйесін тиянақты меңгеруге орай танымдық жаттығулар беріліп отырады.
«Сөйлем» тақырыбында өтілген сабақты қорытындылау үшін «Сөйлем ойла, тез, ойла» әдістемелік жаттығуын пайдаландым. Бір-біріне ешқандай қатысы жоқ кез-келген үш сөз беріледі.Оқушылар берілген уақыттың ішінде осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраулары қажет.
Аю,өзен, қарындаш.
а. Аю қарындашты өзенге ағызды.
ә. Бала қарындашпен өзенге шомылып жатқан аюдың суретін салды.
б. Аю қарындашпен өзеннің суретін салды.
Мұндай танымдық жаттығулардың негізінде мұғалімнің сабақ берудегі әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, іскерлігі шыңдалып, оқушыларға жаңа берілетін білімді саналы да терең, берік дағды беруге көмегін тигізеді.
Бастауыш сынып оқушысының айтылған оқиғалардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғандығын және оқиғалардың себептерін,нәтижесін қорытындылап айту үшін мәтіннің (шағын әңгіме) басы, негізгі бөлігі, соңы деген бөлімдерін және әңгімелеу, сипаттау, пайымдау сияқты бөліктерге бөлінетінін түсіндіру үшін арнайы танымдық- жаттығуларды пайдаландым.
«Әңгімеге ат қою» әдістемелік жаттығуында бір оқушы тақтаға қарап тұрады, келесі оқушы мәтінді оқиды. Топқа теріс қарап тұрған бала әңгімені мұхият тыңдайды, содан кейін ат қояды,сонымен қатар әңгіме екінші рет қайтадан оқылады. Мұнда бала әңгіменің басын, негізгі бөлімін, соңын өзінің есінде қалғаны бойынша анықтап көрсетіп, әңгімелеп береді.Мысалы: Әңгімеге қойылған аты- «Әдемі сурет»
Басы- Біздің сыныпта оқитын Нұрболат күннің суретін салды.
Негізгі бөлім-Күн кірпіктерін ашып,күліп тұр. Атам бұған қатты қуанды.
Соңы- Сен салған күннің шуағына жылынғандай болдым-деді. Осындай әдісті сабақта «Шекарашылар» әңгімесін өткенде пайдаландым.Ондағы мақсат: Оқушыларға мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау бөлімдерін табуға жаттықтыру.Мұнда да балаларға оқушы теріс қарап тұрады. Әңгіме оқылып болғаннан кейін әңгімелеу қай жерден аяқталғанын, сипаттауына
қай сөйлем жататынын және пайымдауы немен аяқталатынын бала өз сөзімен айтып жеткізеді.
Әңгімелеу-Шекарашылар Отанымыздың шекарасын күзетеді.
Сипаттау-Олар күндіз-түні күзетте тұрады. Шекарашылар еліміздің бейбіт өмірін жаудан қорғайды.
Пайымдау- Олар –ержүрек батырлар.
Бұл келтірілген танымдық жаттығулардың орындау барысы ойын түрінде өткізіледі.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамын.Сабақта оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология,синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша
«Кім жылдам?» ойыны.
1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
Мысалы: Астана,...
(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп,қала туралы не білетінін сұрау).
2. Тек қана а (е, ы, і ) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: Тамаша, Тамара,Шағала,...
(ы) Ыдыс, ыстық,...
(і) Ірімшік,ілгіш,...
(е) Береке, ертең,...
1. Жұмбақты шеш.
Бір ақынның атында
12 әріп, 4 буын.
Төртеуіде де бітеу буын.
Бұл қай ақын?
(Сұлтанмахмұт)
(жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасаңдар)
«Кім тапқыр? ойыны.
1.Әрқайсыларының есімдерінде:
а) 2 «з» б) 3 «е»
ә) 2 «а» в) 4 «т»
әріптері келетін халық композиторлары кімдер?
2.Құрамында 2 дауысты дыбыс қатар келетін фонетикалық термин қай сөз?
3. Екі дыбыс, үш әріппен жазылатын қай өзен?
(бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде тапса, сол жеңімпаз болып саналады).
Лексика саласы бойынша
«Жалғасын тап» ойыны.
Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар
1. Қолы қимылдағанның ......................................................
2. Көп жасаған білмейді......................................................
3. Кәріге құрмет,...................................................................
4. Біреуге ор қазба,..............................................................
5. Жақсы қыз,......................................................................
Жақсы жігіт,....................................................................
Әр сөзі «Е» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал жаз.
Е.........................е..................................е..........................
Әр сөзі «Ж» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын ерлік,батырлық туралы бір мақал жаз.
Ж.....................ж.......................ж.............................
«Кім білгір?» ойыны.
Тақтаға заттардың жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім көп біледі?
(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).
«Кім дұрыс пайдалана алады ? ойыны. Плакатқа жазылған тұрақты сөз тіркесі тақтаға ілінеді.Ойынға қатысушылар сол жасырылған сөздерді тауып, тұрақты сөз тіркестерін айтып,оны кірістіріп сөйлем құрастырулары керек.
1.......тай ұшты,......нан күлу,..............ыңды балта кеспейді.
2.......жұтқан,.......нің түгі бар,..........айну.
3.......ге ілмеу,....іне шөп салмау,........і тоймау.
......ге күйіу болмау,....іне көк ала шыбын үймелету.
4.......ын шүйіру,....ын көкке көтеру,......ына су жетпеу
.......ындық болу.
Морфология саласы бойынша.
Жаттығуларды түрлендіріп жүргізу нәтижесінде оқушылардың алғашқы грамматикалық ұғымдар жөнінде түсінік беру үшін, түсінгендерін есте берік сақтау үшін және балалардың өздері істейтін жұмысын әртүрлі қызықты етіп ұйымдастыру жағын мұқият қарастырдым.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай шебер ұстаздың еңбегінің жемісі оқушының сол пәнге деген қызығуын арттырып,толық білімді игерте білуінде.
Сабақтың әрбір бөлімінде оқушы баяндау, сұрақ-жауап беру, топтық жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық құрылымының нақтылы жетістігіне қол жеткізеді.
Осы әдіс-тәсілдерді үзбей қолданып, оқыту процесінің барлық формасына (практикалық сабақтар, оқушылардың өзіндік жұмыстары, факультативтік сабақтарда) қолдану керек деп тұжырымдаймын. Себебі, оқыту іс-әрекетінің негізгі міндеті танымдық іс-әрекетті дамыту,ойлауды дамыту болып табылатындығы әрбір педагог үшін кәсіби парыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Сарыарқа самалы//газеті Астана 2007 жылғы 28 ақпан.
2. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта Білім Берудің Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Стандарты Ата-Мұра 2002 жыл.
3. //Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім // бастауыш мектеп.
Қ.Құнантаева,А.Алшынбаева №1, 2007 жыл. 3-5 беттер.
4. //Дамыта оқыту технологиялары.// Б.А.Тұрғынбаева
Алматы 2000жыл
5. //Бастауыш мектеп// журналы№7.2008 ж.
6. //Қазақстан мұғалімі//журналы 6сәуір 2008ж.
7. //Ұлағат//журналы №4.2007жыл.
8. //Қазақ тілі мен әдебиеті//журналы №2.2006ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.