.
.
Сабақтың тақырыбы: Одағай Одағай
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2283 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Одағай бойынша білімдерін толықтыру, кеңейту мақсатында, толық мағлұмат беру, мысалдар келтіреотырып меңерту.
2. Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру. Алған білімін іс жүзінде пайдалана білу қабілеттерін арттыру.
3. Денсаулықты сақтауға, салт-дәстүрді ұмытпауға, табиғаттағы тіршілік иесіне жауапкешілікпен қарауға, тазалыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: СТО элементі, ойын элементі, шығармашылық ізденіс, деңгейлік тапсырма, бағалау, талдаутүрлері, интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қиынды, бағалау парағы, тақта, суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: Әдебиет;
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу ә) Сынып кезекшілігі
Сабақтың ұраны: А.Тоқмағанбетов
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім.
Ақын жырлағандай, сендерде ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтанда бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық.
Психологиялық сәт. От, су, күн, ай – таңдаймыз.
«От бол!» - дедің, от болып жанбадым ба?
«Су бол!» - дедің, су болып ақпадым ба?
«Күн бол!» - дедің, күн күндесі күлмедім бе?
«Ай бол!» - дедің, ай болып жүзбедім бе? – деп Мағжан ақын жүрегімен сырласқандай, таңдауларыңа байланысты балалар, бүгінгі сабақ барысында, от болып жанып, біліміңді көрсет. Су таңдаған – судай мөлдір тазалықты, білдіріп, сабақта біліміңмен шыңдаларсын. Күн таңдағандар – күндей жылу шашып, берілген, үйренгенін достарына үйретеді екен. Ай болғандар, айдай жүзіпбарлығымызға жарық сыйлайды екен.
Бүгінгі сабақта таңдап алған табиғат айларына орай білім нәрі мен сусындайды деген сенімдеміз, балалар!
2.Үй тапсырмасын пысықтау. Сөз таптарын қайталау.
Бір елі ауызға неше елі қақпақ? Ескі сан.е., есептік, дара, негізгі.
Қызым, саған айтам, бұны кім тыңдасын? Келін (зат,е; дара, туынды, жалпы)
Қызымның құлағына қандай сырға? Алтын (сын,е; сапалық, дара, негізгі)
Ойнап сөйлесең де, қалай сөйлеген жөн? Ойлап (етістік, көсемше, тұлғалы )
Аңдамай сөйлеген қайтеді? Ауырған өеді.(етістен, күрделі, туынды.)
3. Жаңа сабақ. Бүгінгі күн, ай, дәптерді ашу. (етістіктен) «Алғашқы қадам» Сабақтың тақырыбын біліп алайық. Сағаттың тілімен шешеміз.
Шағын көрініс: Мирас пен Жансая
Қ. Ысқақтың «Қоңыр күз» әңгімесінен үзінділер оқу.
Тақтамен жұмыс.
Түу, сонау өзенге барып қайтқанда түн жарым болады.
-Қап! – деп қояды. – Қап, завхоз арба үшін сілейтіп бір ұрсатын болды бізді.
-Бала, сен мезгіліңнен бұрын есейіп барасың-ау, осы ә?- деп бірдеңені дүңк еткізді.
Киімнен «Ой, көзелім-ай, осы дорбаның ішінде бауырсақ болып, алдыңа ашып қойса ай-шайға қарамай-ақ күйер бауырсақ едің-ау» деп отырмын.
Тыныс белгісін дұрыс қою керек, қандай адамның көңілін білдіріп тұрған сөздер бар?
Ренжу, қуану, қарату мағынасындағы одағайлар бар екен.
Жобалап қорғау Аида, Мәдина
Сергіту сәті: Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-оң қолым, мынау сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Бастауыштан алған сәтті еске түсірейік. Жүректен басталған.
«Ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жыры жүрек» Абай атамыз айтқандай қайратты , ақылды, таза болайық бәріміз. Құндылықты ақтайық.
4. Бекіту «Ой толғаныс» ,«Іске асыр» кезеңі.
Білген, түйгеніңді практикада жұмыс қолдану керек.
1.Арайлым. Тақтада жұмыс жүргізеді.Жан- жануарларды қалай шақырамыз.
Шақыру одағайына суреттер топтамасын жасайды.
2. 318-жаттығу. 3 сөйлемді көшіріп жаз.
3. Газет бойынша тапсырма.
Мазмұнын айту. Одағайды табу.Иә, «қара жорға» ғажап би! Таңқалу. Арай Еркенбекова
4. «Жануарлардың адам өміріндегі пайдасы» эссе жазу.
5. Өтірік өлең құрап жазу. Құрамында одағайдың түрлері болу керек.
6.Көру диктанты: О, шіркін, ғажапсың-ау, көңіл деген!
Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.
Құлдырап құламағын құзың да жоқ,
Қыран боп шырқамаған кезің де кем.
(Жұбан Молдағалиев).
7. Өтірік өлең жазамын. Бақытбектің өлеңі
Өз-өзін тексеру, көршісін тексеру, бағалау.
5.Бекіту қортынды. «Тез ойла»
«Шашу» ойыны немесе «Теңге алу»
1)Одағайдың ережесін айтып бер.
2) Одағай сөздер нені білдіреді?
3) Одағайда лексикалық мағына бола ма?
4) Мән-мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
5) Одағай сөйлем басында келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?
6) Одағайдан басқа сөз табы жасалады ма?
7) Одағай сөздер бізге қажет пе?
6.Үйге тапсырма.
5; 315-жаттығу. Сөйлем құрап жазу. Ережені жаттау.
7; 317-жаттығу. Әдеби кітаптан Одағайдың түрлеріне мысал жазады. 4-тен
10; Одағай түрлерін пайдаланып, қиял-ғажайып әңгіме жазу.
7.Бағалау. Парақ бойынша. «Өзіме сенемін»
Біліміңді бағала. 1-3 – 3
4-7 – 4
7-10 – 5
Бүгінгі сабақта қандай өзіңе қажетті білімді ала алдыңдар?
Жеткілікті Әлі де білгім келеді Өзім ізденемін.
Философ Фалес айтқандай:
Бәрінен жүйрік – ой,
Бәрінен дана – уақыт.
ШҚО, Зырян ауданы, Зырян қаласы
ММ «№ 9 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Илюбаева Анар Айтқазыновна
Сабақ тақырыбы: Одағай 6-сынып
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.