.
.
№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебі. «Қой» мәтіні.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1852 | Размер: | Автор: Нартай4540Ана тілі. 1-сынып.
Пән мұғалімі: Батишева Сапура Мәуленқызы.
1 . Сабақтың тақырыбы: «Қой» мәтіні. 32-33 жаттығулар.
2. Сабақтың мақсаты: БМ: Ассосиация әдісі, суреттерді пайдалана отырып оқушылардың ойын
қозғау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру, оқу дағдысын
қалыптастыра отырып, мәтінмен жұмыс істей білуге баулу.
ТМ: Тапсырмалар арқылы оқушыларға жұмыс жасата отырып, алғырлыққа,тапқырлыққа,
байқампаздыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.
ДМ: Мәтін мазмұны арқылы оқушының ойлау,шығармашылық ойлау қабілеттерунін дамыту,
сана-сезіміне қозғау салу, шығармашылық жұмыс деңгейін көтеру.
3. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,бүктемелер, сызбалар сызылған кесте.
4. Сабақтың әдісі: ой қозғау,кубизм,жетекші сұрақтар, проблемалық логикалық тапсырмалар,
Инсерт(түртіп алу)
Дағ
ды. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін
нәтиже.
Б
І
Л
І
М Оқушыларды топтарға бөліп,тақтадағы сурет бойынша ойларын ортаға салуға,пікірлерін айтуға бағыттайды.
Мәтінді оқып береді,түсініксіз сөздерді
Оқушылармен біріге отырып белгілейді.
Түндік,уық,туырлық, Оқушылар мәтінді тыңдайды, Түсініксіз сөздерді жазады.
Мұғаліммен біріге отырып сөздердің анықтамасын жазады. Негізгі біліммен танысады.
Т
Ү
С
І
Н
У Жетекші сұрақтар арқылы оқушыларды
әңгімеге тарту.
- Қой қандай мал?
- Қойдың сүйсініп жейтін шөбін ата?
- Қойдың қандай пайдасы бар?
- Жүнінен не жасалады?
- Киізді қайда пайдаланады? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, ойлары мен білетіндерін айтады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,түсінеді.
Жаңа білімдермен танысады.
Қ
О
Л
Д
А
Н
У 32-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрап жазу,сөйлемдегі сөздердің жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.
33-жаттығу. Көп нүктенің орнына жуан дауыстылардың тиістісін қойып жазу.
Кубизм әдісі арқылы сұрақтарға жауап іздейді.
- Төрт түлік малды ата?
- Қойдың атаулары
- Қойдың жейтін шөптері
- Қойдың пайдасы
- Қой туралы мақалдар 1) Өріске ,мал ,жайылды
Мал өріске жайылды.
2) Шөп ,қозы ,жеді
Қозы шөп жеді
3.) Ішті,құлын,су.
Құлын су ішті.
4) Тасқа,лақ,секірді.
Лақ тасқа секірді
Ала қойым қоздады,
Ақ қошақан сүйкімді
Ол маған ұнады. Мен қозыға сүт бердім.
Оқушылар білетін білімін пайдалана отырып тапсырмаларға жауап береді. Білімін өмірде қолдануға үйренеді.
Т
А
Л
Д
А
У Қойдың пайдасын талдау үшін сызбаны толтыру.
Қойдың пайдасы.
Оқушылар (топтар) қойдың пайдасы туралы ойларын жазып,
топ атынан біреуі қорғайды.
Қойдың адамзатқа пайдалы жақтарын топтарда бірлесе талдай отырып ойларын қорғай білу қабілеті қалыптасады.
Ж
И
Н
А
Қ
Т
А
У Тақтаға ілінген плакат.
Не?
Қандай?
Қайтеді?
Не?
Қойдың жүнінен немесе сүтінен әлемде жоқ қандай зат жасап шығаруға болады? Оқушылар түгел қатыса отырып бес жолды өлең құрайды.
Не? Қой
Қандай? Жуас
Қайтеді? Маңырайды,шөп жейді.
Не ? төрт түлік
Қой жуас.Қой шөп жейді. Ол төрт түлікке жатады.
Оқушылар өздерінің қиялдарын жазып,қорғайды.
Өздері білетін заттың жаңа қырларын іздейді және қиялдай отырып, жаңа нәрсе жасауға үйренеді.
Б
А
Ғ
А
Л
А
У «Қой мәтініне» қандай баға бересіңдер?
Мәтін ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
Қойға сипаттама беріңдер.Ұнайтын және ұнамайтын жақтарын жазыңдар.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қойдың жақсы және жаман немесе өзіне ұнамайтын жақтарын жазады.
Өзері оқыған материалдағы айтылмаған ойларды іздеуге,шығарма
Шылық жұмысқа ұмтылады. Ізденімпаздыққа баулу.
5. Үйге тапсырма: «Қой » мәтінін оқып келу. Әлемде жоқ, әлі ешкім білмейтін қой мен кәдімгі
қойдың суретін салып келу және қорғау.
Түсіну.Сурет ілінеді. Сурет бойынша қой туралы ойларын ортаға салады.
БАТИШЕВА С
2 «А» СЫНЫП.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Өнер алды- қызыл тіл
МАҚСАТЫ: 1. Республикамыздың мемлекеттік тілі-қазақ тілі мәртебесін құрметтеуді түсіндіру.
Қазақ тілінің қасиетін түсіндіру.
2. Тіл байлығын сөздік қорын дамыту.
КӨРНЕКІЛІГІ: портреттер, альбом, буклет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жинағы, кітап бұрышы,
әділ қазылар, алқасының бағалау көрнекілігі.
БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Кіріспе сөз, хабарлама, тақырыппен таныстыру.
Балалар, осы тәрбие сағатының тақырыбына назар аударайық.
«Өнер алды-қызыл тіл». Тіл оймен тікелей байланысты. Дүниеге келген сәби ана сүтінен нәр алып, сол ана тілінде сөйлейді, яғни біз қазақ тілінде сөйледік. Әр ұлттың өз ана тілі бар екенін біз білеміз. Сол сәби өсе келе қазақ тілінің өсіп, бүршік атып, көктеп өсетін ортасы балабақша, мектеп екенін білеміз. Мектептен ана тілінің қыр сырын оқып үйрендік. Сөйлей білу үлкен өнер. Ана тілінде сөйлеу ең зор адамшылық, мәдениеттілік. Өз ана тілінде сөйлемеу, ақ сүт берген анасын ұмытумен бірдей. Әр ұлт өз халқының мәдениетін,салт-дәстүрін, әдебиетін өз ана тілінде оқып үйренеді. Біз де ана тілімізде ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды, тәрбиелік мәні бар аңыз әңгімелерді, ертегілерді, мақал-мәтелдерді, өлең-жырларды оқып үйрендік. Болмасаңда ұқсап бақ дегендей сол үлгілермен өз шама шарқымыз келгенше сөз өнеріне байланысты «Өнер алды-қызыл тіл» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2. Әділ-қазылар алқасын сайлау.
1.
2.
3.
Сайысқа түсетін топ аттары мен сайысқа түсетін оқушылар есімдерін атау, ортаға шақыру.
1. Ұлан
2. Балдырған
3. Тапқырлар
4. Ойшылдар.
II. Негізгі бөлім кезеңі.
1-тапсырма. Сайыскерлердің өзін-өзі таныстыруы.
2-тапсырма. «Дананың сөзі-ақылдың көзі» атты сайыс.
Тіл туралы мәнерлеп өлең оқу. Хор. «Анамның тілі –айбыным менің»
3-тапсырма. «Жұмбақ құрастыру ерлігіміз» атты сайыс.
Әр топқа сурет беріледі.
4-тапсырма. Кел балалар!
Бір мезгіл тыңдайық,
Жаңылтпаштар айтайық
Жатсынбаңдар «Бұл не?» деп
Сай болыңдар сынаққа
Аптықпаңдар бірақта дей келіп
«Мықты болсаң жаңылдырып көр» атты сайыс. Әр топ сайыскерге ұсынады.
5-тапсырма. Бәрекелді , жас ұлан
Кездерің жоқ жасыған
Ұшқын ойға мен дағы
Құрметпенен бас ұрам.
Мықты ермек демейік,
Мықтап көңіл бөлейік.
Үлкен кіші қуанар
Мақал айтып берейік. Дегендей «Мақал-мәтел» айту сайысы. Барлық оқушы мақалдың бір жолын сайыскер жалғасын тауып айту.
Оқушыларға ойландыратын өлең жолдарын оқу, жалғасын табу.
Ой маржанын тере білген
Әр жазушының , әр ақынның
Әр сөзіңді емемін мен
Ана сүті-... (Ана тілім)
Тіл-ырысың, өрісің де,
Тіл-көктегі ғажап күнің
Ғажап күнсің мен үшін де
Бабам тілі-... (қазақ тілі)
6-тапсырма. «Жас ақындар» атты сайыс. Әр топ бір жолдан айтып, жалғасын келесі топтар айтады.
7-тапсырма. «Бұл қай ертегіден» атты сайыс.
Сөз тіркестері жазылған карточкадан ертегі атын табу, мазмұнын айту.
8-тапсырма. Суретке қарап «өтірік өлең» құрастыру.
III. Қорытынды бөлім кезеңі.
1. Тақырып бойынша қорытынды әңгіме.
Ал балалар қазақ халқы өзінің ана тілін, ұлттық мәдениетін дамытып отыру керек екен. Біздің тәуелсіздігіміздің басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел егеменді ешқашан ел бола алмайды екен. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салуымыз керек. Біз қазақ болып туылғанымызды әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлейтін ел екндігімізді мақтан етуіміз керек.
2. Әділқазылар алқасына сөз беру, сайыскерлерді анықтау.
3. Жеңімпаздарды марапаттау.
1- орын. Тапқырлар тобы.
2-орын. Ұлан, ойшылдар тобы.
3-орын. Балдырған тобы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.