Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылаулары -

Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылаулары

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2748 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылаулары

Мақсаты:
А) Шылау туралы түсініктерін нығайту, қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылауларының қызметі, жазылуы жайында түсіндіру.
Ә) Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқау, дамыту.
Б) Оқушыларды ізденімпаздыққа , өз бетімен жұмыс жасауға баулу.
Түрі: жаңа білім беру
Көрнекілік : үлестірме карточкалар, слайдтар
Әдістері: сын тұрғысынан ойлау: топтастыру, Венн диаграммасы, Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу Сабаққа назарларын аудару

ІІ Өткен сабақты пысықтау 30-жаттығуды оқытып тексеру (Ребусты шеш. Шыққан сөзге әңгіме құрап жаз)
-Біз қандай сөз табымен танысып жатырмыз?
-Шылау дегеніміз не?
(Шылау. Шылауға топтастыру стратегиясын құру)

Сұраққа жауап
бермейді

Өз алдына толық ШЫЛАУ Сөзден бөлек жазылады
мағынасы жоқ

Сөзбен сөзді Өзі тірк.сөзге қосымша Біріңғай сөздермен қайталанып келсе,
байланыстырады мағына береді үтір қойылады

-Біз қандай шылауларды білеміз?
-Олардың бір-бірінен қандай өзгешелігі бар?
ІІІ Жаңа сабақ
31-жаттығу. 1.Сөйлемді оқы.
(ауызша) 2. Шылауларды тап. Бұрын танысқан шылаулардан өзгешелігі бар ма?
Шылаулар туралы түсінігін меңгерту,ереже қорытып шығару.


шектеу мағынасын

Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ
шылаулары өтіну мағынасын

даралау мағынасын

Қой, (ғой) шылауы өзі тіркескен сөзбен бірге сөйлемде баяндауыш болады. Мысалы: Дүкеннен нан алып келе ғой.
-ақ шылауы өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Сенің мұның дұрыс-ақ.
Оқулықпен жұмыс:
32-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп
(жазбаша) жаз.
Шығармашылық жұмыс
33-жаттығу. 1. Ребусты шеш.
2. Шешуінен шыққан сөзді шылау ретінде пайдаланып сөйлем құра.

Ой қозғау.
34-жаттығу. Шылауларды өзара салыстыр. Әрқайсысының ерекшелігін анықта.
Мен, бен, пен, және Сөз бен сөзді байланыстырады
Да, де, та, те Күшейту, анықтау мағынасын береді
Ма, ме, ба, бе, па, пе Сұраулық мағына береді
Үшін, туралы, дейін Үстеме мағына береді
Қой, ғой, қана, ғана, -ақ Өтіну, шектеу, даралау мағынасын береді

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгейлік тапсырма.
Төмендегі сөйлемдерді жаз, шылауларды тауып.тыныс белгілеріне назар аудар.
1.Ыстықта мал да жайыла алмады.
2.Ауылға барғанда суға түстің бе?
3.Жандосқа бұл жөнінде айтылды ма?
ІІ деңгейлік тапсырма.
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылауларын қатыстырып сөйлем құрап жаз.
ІІІ деңгейлік тапсырма.
Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ шылаулары бар жұмбақ ойла.
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Ой ашар
35-жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқы.
2. Шылауларды тауып, мағынасын түсіндір.
Сөздік жұмысы.
Морс- жидек шырынынан жасалған сусын.
Өзіндік жұмыс
Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
Сөйлемнен шылауды тап. Мағынасын анықта
1. Айнұр, мені көп күттің бе?
2. Әсел бүгін қалаға бара ма?
3.Асқардың әкесі телевизор әкеліп пе?
4. Оның әкесі дәрігер ғой.
5. Тек бір кітап қана алды.
6. Айманның жалғыз-ақ арманы бар.
7.Әлия мен Бану қалаға кетті.
8. Әпкем қалам, қарындаш және дәптер әкелді.
9. Кітапта өлең де, ертегі де бар екен.
10. Мен ана туралы көркем сөз жаттадым.
11. Арманыңа жету үшін көп оқу, іздену керек.
12. Пойыз Астанаға дейін екі-үш күн жүреді.
13. Самат кешке шейін мектепте болды.
14. Асхат та, Марат та бір үйді балалары.
15. Кітапханада қызықты кітаптар көп-ақ екен.

ІV Сабақты бекіту
Кестені толтыр. Сөз таптарын салыстыр.

Сан есім Етістік Зат есім Шылау
................
................
................ ...............
...............
............... .............
.............
............. ................
................
................

Венн диаграммасы
Ұқсастығы
Үшін, туралы, дейін Қой, (ғой),қана,(ғана),-ақ
шылаулары шылаулары


V Қорытынды
Үйге тапсырма. 36-жаттығу, ереже.
Бағалау.

Боран Нысанбаев орта мектебі

Ашық сабақ
Шылау

Өткізген: С. Нигметова
Сыныбы: 4 «б»

2012жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.