.
.
Сабақтың тақырыбы: Ойлана білген адаспас. Ойлана білген адаспас.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1309 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету,логикалық ойлау қабілеттерін және есте ұстау мүмкіндіктерін дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.Тапқырлық пен ізденімпаздыққа,білімнің маңызы зор екенін түсіндіру,білімді,білікті ұрпақ тәрбиелеу.Оқушылардың өздерінің білімдерін көрсетуге,ойланып жауап беруге, өз бетімен жұмыс жасауға машықтандыру.
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ.
Сабақтың барысы.
-Құрметті ұстаздар,оқушылар!1Бүгін біздер 1-сынып оқушыларымен бірге математика жағалауына саяхатқа барамыз.Балалар сендердің көңіл –күйлерің қалай?
Матемаматика жағалауына жету үшін,сендерге сәттілік тілеймін. Ал, достарым, келіңдер, Біріңе – бірің еріңдер Біліміңді сынап көріңдер, Шешімін тауып көріңдер.
-Ал енді математика өзенінің алыстағы« Геометриялық фигуралар» жағалауында экологиялық апат болған екен.Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып,жануарлар жоғала бастаған.Ал олардың құруы адамдардың өміріне қатерлі.Біз бүгін осы жағалауды аман алып қалу үшін көрсетілген аялдамалар бойынша сапар шегеміз.Құтқару оңай емес ,жолдағы әртүрлі қиындықтарды жеңуіміз керек.
Ендеше балалар математика жағалауына саяхатқа шығамыз,ол үшін мынадай аялдамалардан өтеміз.
1.Санамақтар.
2.Бәйге.
3.Логикалық тапсырмалар.
4.Ойлан тап.
5.Көңілді санамақтар.
6.Кім тапқыр?
7.Өлең есептер.
8.Қорытынды.
1-аялдаманың тапсырмасы .Балалар өздері жаттаған санамақтарын айтады.
2-аялдаманың тапсырмасы.Сандарда жасырылған тапсырмаларды орындау.
1.Ұзындықтың өлшем бірлігін ата.
2.Талғаттың 9 ойыншық машинасы бар.Ол 2 машинасын досының туған күніне сыйлады.Талғатта неше машина қалды?
3.Гүлден 10 жаста,ал інісі 6 жаста .Гүлден інісінен неше жас үлкен?
4.4-тің алдында тұрған сан 6тең деген пікір дұрыс па?
5.Бірінші қосылғыш 7,екінші қосылғыш 3 тең болса ,қосындының мәні неше болады? 6.Кез келген санға 0ді қосқанда не шығады?
7.Азайғыш 7,азайтқыш 2,айырманы тап.
3-аялдаманың тапсырмасы.Логикалық тапсырмалар.
1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? 2. Бір мысықтың аяғы қанша? 3. Бес қойдың басы нешеу? 4. Үш адамның қолы нешеу? 5. Бес баланың аяғы нешеу?
4-аялдаманың тапсырмасы.Ойлан тап. 1.Үш алманы бақтағы Кірпі алып жинады Ең әдемі біреуін Ақ тиінге сыйлады Ыдыстағы алманың Санап көрші қалғанын
2.6алманың екеуін досың сұрап алды, Айтшы ,сонда нешеуі өз қолыңда қалды?
3.Дүкенге кеп сабын алдым, Оның және қабын алдым. Екі дәптер,үш қалам, Есептеші,сонда бәрі, Қанша болды қолда бары?
4.Мен бір сан ойладым.Оған 4 қосқанда 10 шықты. Ол қандай сан.
5-аялдаманың тапсырмасы.Көңілді санамақтар.1-ден 10-ға дейін сандарды тауып,мүдірмей санау.
6-аялдаманың тапсырмасы суретте қанша үшбұрыш бар екенін табу.
7-аялдаманың тапсырмасы .Өлеңді есептер.
1.Ертеңгісін атам, Екі серкені қорадан қуып еді. Егіз бөрте лақ ере шықты. Бөрте лақтың енесі Олармен ере шықты. Сонда барлығы неше ешкі далаға шықты? 2.Біз үлкен жанұя, Ең кішіміз Әлия. Қалғанымыз мыналар: Раушан,Болат,Дариға, Айтжан,Ержан,Даналар, Гүлжанымыз тағы бар, Қане,есептеп алыңдар.
3.-Үйрегім ау ,үйрегім, Келіп жүр ме билегің? Бесеу едің басында Жүзіп кетті төртеуі Қалды нешеу артында? (бір)
4.Бас-біреу,қас-екеу, Жүрек-біреу,білек-екеу, Мұрын-біреу,бұрым-екеу, Барлығы болды нешеу?
5.Көлден ұшты 7 қаз Қайтып қонды 2 қаз. Қонбады оның нешеуі.(5)
8.Қорытынды.
-Сонымен балалар біз« Геометриялық фигуралар» жағалауын жеттік.Жағалауға саяхатқа шыққанда біз көптеген сындардан өттік,жағалаудағы жануарлар мен өсімдіктерге көмектестік.Сабақ барысында ойланып көптеген сұрақтардың жауабын таптық.
Ойлап тұрсаңыз,өмірде бәрі де есеп, Ауырсаңыз,ішетін дәрі де есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау, Дүниенің бар тұлғасы-есеп ,-десек,сол үшін біз математика сабағына бар ынта-жігерімізді салып оқуымыз керек.
Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.