.
.
Сабақтың тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр Ойлы болсаң, озып көр
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2117 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған
білімдерін, санды өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару,
берілген есепке кері есептер құрастыру дағдыларын бекіту.
Оқушылардың қызығушылығын ояту, білім-білік, таным
әрекеттерін артттыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, есептеу шапшандығын,
шығармашылық,
логикалық, есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту.
3. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілі: Талдау, жинақтау, өз бетінше жұмыс жасау, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: Қима қағаздар, үлестірмелі кеспелер, ойын атрибуттары т.б.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақққа даярлық, оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
Ертегілер әуені ойналады.(Сынып төрінде «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары, яғни оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады).
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің біржағында «Күн» елі, Бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.
«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Математика» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
1- оқымысты: - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
2- оқымысты: - Оның дұрыс-ақ, әріптес. Олардың балалары жақында математика ғылымымен танысыпты. Ендеше, сол ғылымды меңгеру барысындағы білімдерін сайыс арқылы салыстырайық.
1- оқымысты: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа жаны жақын.
2- оқымысты: - Жарайды, сайыс «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.
1- оқымысты: - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Бүгін математикадан сайыс жерде болады.
2- оқымысты: - Уа, «Бұлт» елі математикадан білімділер сайысы жерде болады.
Мұғалім: Міне, сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен сайысты «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл сайысқа ұзақ дайындалды. Сөйтіп, сайыс болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын-ала болжамайық, оданда сайысты бастайық.
2. Балалардың психологиясын қалыптастыру.
Хормен: Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты, күніміз,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлеметсін бе, достарым?!
Сәлеметсіз бе, ұстазым?!
-Саламатсыңдар ма балалар?
- Балалар, мұнда назар аударындаршы, бүгін бізге аспан әлемін шарлап көгершінде келді. Ауызында тістеген ашық хаты бар.
- Қане, көрейікші бізге тапсырмалар әкеліпті.
1- кезең: «Кім жылдам?»
2- кезең: «Кім ойшыл?»
3- кезең: «Кім тапқыр?»
4- кезең: «Кім жүйрік?»
5- кезең: «Дода» ойыны.
Осы тапсырмаларды толық орындап шықса , сабақ соңында аққала құрастырылып шығады.
Мұғалім: - Саламатсындарма, балалар?! Балалар бүгін біз математика сабағында сыныптың оқушыларын 5-топқа бөліп, жарыс сабағын өткіземіз.
(Геометриялық фигуралар арқылы)
(Оқушылар топқа бөлініп, топ басшылары сайланып, мұғалімнің сәттілік тілектері айтылады. Бағалау парақшалары таратылады.)
Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізеді сіздерді.
Математика сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейік!
1. «Ұйқасын тап »ойыны.
5+4= 9 Жәндіктің бірі қоңыз.
0+1= 1 Үсті басың кір.
2+2=4 Қауіпті жағдай өрт.
9-6=3 Бойға жина күш.
«Үндемес»ойыны.
(Мұғалім өрнекті оқиды, оқушы мәнін үндемей көрсетіп отырады.)
2+4=6 10-5=5
9-5=4 9-6 =3
2-1=1 8-6=2
3+4=7 5+4=9
2. 1-кезең «Кім жылдам?» кезеңі
№1 Өрнектерді пайдаланып, теңсңздік құрастыр.
5+4 8+2
9-5 6-3
2+4 4+3
2-кезең «Кім ойшыл?» кезеңі
Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1-топқа: Болғаны – 6 2- топқа: Болғаны – 8 3- топқа: Болғаны – 5
Келді – 3 Кетті – 2 Жарылғаны – 4
Барлығы - ? Қалғаны - ? Қалғаны - ?
4-топқа: Болғаны – 3 5 – топқа: Қонып отыр - 5
Келді – 4 Ұшып кетті - 2
Барлығы - ? Қалғаны - ?
3- кезең «Кім тапқыр?»Тақтаға орындау.5-топтан 5-оқушы шығады.
№3 Салыстыр
7+0*7-0 5-5*5-2
6+0*6+2 4+4*4+0
3+2*3+0 8+0*8-8
4-кезең «Кім жүйрік?» Сандардың құрамын тап. Топпен жұмыс.
7 8 9 10
Y- кезең «Дода» ойыны . Әр топтан екі оқушыдан шығады .
Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап беріп , тобына ұпай жинайды.
10 - Қосу амалындағы сандардың атауларын айтып бер. 20- Қосудың ауыстырымдылық қасиетінң ережесін айт. 30-Апта күндерін айт.
10-Азайту амалындағы сандардың атауларын айтып бер
20- 3+ = 7
30- Есептің бөліктерін айт.
10- 9 санының құрамын ата
20- 10- = 3
30- 5+3=
40- Айдоста 5 шар бар. Ал Жандоста Айдосқа қарағанда 2 шар кем. Жандоста неше шар бар.
3
Оқушылар әр кезеңнің тапсырмаларын орындау арқалы аққаланы құрастырып шығады.
Қорытынды: а) Әр топқа математикалық жұмбақ есептер беріледі.
Алшаға кеп күнара Мұз айдында жеті бала
Қонушы еді бір ара. Асыр сап жүр сырғанап.
Бүгін тоғыз туысын Сырғанамай екі бала,
Ертіп келді бұл ара. Жағалауда тұр қарап.
Сонда бүгін алшаға Енді осы бар баланың
Келіп қонды қанша ара? Санын айтсаң жарадың.
ә) Бағалау. Әр топтың топ басшылары бағалау ағаштары бойынша жинаған ұпайларын есептейді. Жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағаздары беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.