Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ойын  тиімді  технология -

Ойын тиімді технология

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1308 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Жамбыл облысы
Қордай ауданы
Қайнар ауылы
№32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі
Жумаева Зина Толегеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі : 19 жыл
Санаты: I.
«Жаңа технолоияны қолдана отырып, ойындар мен қызықты
тапсырмалар арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру».

Ойын тиімді технология
Пікір
Біз ұзақ жылдар бойы білім берудің негізгі мақсаты - оқу материалын игерген, белгілі дағдылары қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу деп келгенбіз. Ал, бүгінгі таңда жүйеленіп берілген білімді меңгере алатын, шығармашылық бағытта жұмыс жүргізе білетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан мұғалім баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой – өрісін дамыту мақсатында еңбектенуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері, яғни оқуға құштарлығы, ынталығы оқу әрекетінде көрінеді. Оқуға ынталы шәкірт бойында қашанда құлшыныс, белгісіз нәрсені танып білуге деген ізденіс пайда болады. Оны мұғалімдер кезінде ұштай білу үшін мына мәселелерге мән бергені дұрыс:
1. Оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, нақты, шұбылаңқы сөздерсіз берілуі керек.
2. Тапсырманың ауыр, жеңілдігіне қарай оның орындалуына уақыт белгілеуі шарт.
3 . Оқушы ойына қозғау салатындай анық әрі сауатты сұрақтар берілуі керек.
4. Оқушыларға берілетін тапсырмалар оқу материалынан тым алшақтап, қиындап кетптеуі тиіс.
5. Берілген тапсырма оқушының ой - өрісін қиялын дамытатындай деңгейде болғаны жөн.
6. Тапсырманың міндетті түрде тәрбиелік мәні болуы керек. Оқушыны шығармашылық қа баулуда бүгінгі заманға тән оқытудың жаңа техналогиясын пайдаланғанымыз жөн. Мәселен мен әр сабақты оқушы өздігінен ой қозғайтындай , пікірін іркілмей айта алатындай етіп ойын техналогиясын сабаққа ендіру тиімді деп ойлаймын.Бастауыш сынып оқушылары бір-бірімен жұмыс жасағанды ұнатады, өз ойларын ортаға салып, достарының пікірін тыңдағысы келеді.Өздерін достарына тыңдата алғанына қуанады.Сұрақтарға жауап бере отырып, дәстүрлі сабақтарға қарағанада жаңа білімді меңгеруі жеңілдейді, сабақ есінде ұзақ сақталады. Ойын баланың нақты жағдайға еркін ену түрі. Ойын баланың білім алуға деген қызығушылығын арттырып , шығармашылық қабілетін ашады.Ойын дегеніміз - бұл ынталылық пен құмарлылықтың отын жағатын ұшқын.
Пікір жазған: Бастауыш сынып мұғалімі:
Жумаева Зина Толегеновна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.