.
.
Сабақтың тақырыбы: Қолғабыс. Мәдіхат Төрежанов Қолғабыс. Мәдіхат Төрежанов
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3569 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты
әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету;
2. Әңгіменің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше
шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байла-
ныстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
3. Ұлттық сезімдерін ояту,ерінбей еңбектенуге, болашақтың
білімді азаматтары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау,іздену.
Сабақтың көрнекілігі: М.Төрежанов суреті,суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді?
2. Қайроштың досының аты кім?
3. Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
4. Мария апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?
5. Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?
Қайроштың анасын үлгі бойынша сипаттама жазу.
Қайроштың анасы.
Киімі үлкен жаулығы, көк шұбар кең көйлегі.
Мінезі мейірімді ақылды, сөзге тоқтайтын адам.
Сөйлеген сөзі даусы әлсіз, нақты.
Үй тапсырмасын пысықтау. Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
ЖАҢА САБАҚ
Ой қозғау: тақтаға ата, ат, арба, ат әбзелдері суретін көрсету.
-Мынау кімдерге керек құралдар?
-Олармен қайда барады?
-Не істейді?
Сабақтың мақсатын хабарлау.
-Бүгін біз осы суреттерді негізге ала отырып Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» әңгімесін оқимыз.
Мәдіхат Төрежанов 1921жылы 30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудавой» ұжымшарында дүниеге келген.
1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген.
«Бітпеген ойын», «Тең ойын», « Кім ақылды», «Түйе қалай өз көлеңкесін жоғалтты» секілді прозалық кітаптардың авторы.
«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
1996 жылы қайтыс болған.
Оқушыларға мәтінді түсіндіру.
Мәтінді абзац бойынша оқушыларға оқыту. Түсініксіз сөздерді белгілеп отыру ескертіледі.
Сөздік жұмыс. Шалғы, торсық,бидайық суреті тақтада көрсетіледі.
-Шалғы қайсы? Не үшін керек? Шөпті шабуға керек.
-Торсық қайсы? Не үшін керек? Қымыз құюға арналған ыдыс.
- Бидайық қайсы? Ол қандай өсімдік? Көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік.
Шалғысын шыңдап-қайрап. Айтуға батпайтын-айта алмай жүрген. Пішен-үйілген шөп. Тырнауыш-шөп жинайтын құрал.Бүлдірген-жабайы өсімдік.
Арғынның не істегенін санамалап айту.
1. Бүлдірген терді, көбелек қуып ойнады,«Әжеме сыйлаймын» деп гүл терді,тырнауышпен шөп жинады.
Сергіту сәті.
Бойыма, күшіме,
Ойыма, ісіме
Сеніп тұр аташым,
Беріп тұр батасын:
- шырағым, зейінді
Бол, кішіпейілді.
Оқуда, еңбекте
Үлгі бол сен көпке.
-Сонымен Көктомарда Арғын не істеді?-Атасына қолғабыс тигізді.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, мына сөзжұмбақтарды шешейік.
1 топқа:
1.Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды?(торсаққа)
2.Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға)
3.Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады?(қыранға)
4.Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдады?(шалғы)
5.Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз)
2 топқа:
1.Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс)
2.Атасы Арғынға не ұстатты?(тырнауыш)
3.Атасы шөпті немен шапты?(шалғы)
4.Шөпті неге тиеді? (арба)
5.Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білу ді не дейді? (өнер)
Сөзжұмбақтан шыққан сөз нені білдіреді екен?
«Тоқым қағар» Жас адам алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу.
Бұл сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Бекіту.
-Мәтінде қандай мақал бар? Мағанасын түсіндіру.
«Өнерді үйрен де жирен»
«Жалғастыр» ойыны
1.Еңбегі аздың,(өнбегі аз)
2.Еңбектің наны тәтті,(Жалқаудың жаны тәтті)
3.Ердің атын ( еңбек шығарар)
4.Бейнетің қатты болса, (Татқаның тәтті болар)
5.Бейнетсіз (рақат) жоқ.
Оқушыларды бағалау.
Қортынды.
-Балалар, бүгін біз Арғынмен бірге «Қолғабыс» жасауды үйрендік. «Тоқымқағар» деген ұлттық дәстүрмен таныстық. Халқымыздың тағы қандай ерекше қасиеті бар?
-Қонақжайлылық.
-Бүгін, біз келген қонақтарға рахметімізді айтып шығарып салайық.
Зор денсаулық, үздік оқу тілеймін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.