.
.
Тақырыбы: Қонақжайлы халықпыз Қонақжайлы халықпыз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2057 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: білімділік- қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету;
Дамытушылық: Ойын арқылы, мақал мәтелдер айтқызу арқылы білімдерін дамыту, қонаққа шақыру, қонақтың түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік:үлкенді сыйлауға,кішіпейілдікке,әдет-ғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.
Корнекілігі; суреттер, интерактивті тақта.
Барысы:
Ұйымдастыру: Тілектер елі тренинг. Ортаға шығып «Тілектер елі» тренингке қатысады.
Топқа бөлу. Кәмпиттер арқылы топқа бөлу.
Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығарады.Бұл –үйіңе қонақ болып дұшпаның келсе де, одан бараңды аяма деген ұғым шығар, өйткені қазақ халқына жомарттық, кеңдік тән.
Қонақжайлық –қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін халқымыздың қанына сіңген дәстүрлі әдебі.
Міне, ата – бабамыздың осындай аяулы салт дәстүрін білу –біздің парызымыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан қонақ күту, қонақты баптау сияқты әдет –ғұрыпымызды үйренеміз деп ойлаймын. Тек бар ықыласымызбен тыңдай білейік.
1-оқушы:Армысыз,Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
2 –оқушы:Алдарыңда жауқазандай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалған.
Әр топ қонақжайлылық туралы тапсырмалар орындайды.
І.1-топқа тапсырма.Қонақжай адамға тән ең басты қасиеттер қандай болу керек?
Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады.Киімін іліп,көңілің аулауға тырысады.
Жомарт адам дастарханын жұтатпайды,тарылмайды. Былғап қояр, сындырып алар демей, заттарын көрсетеді. Қонағының неғұрлым көңілді отырғанын қалайды..
Кеңпейіл адам келген кісі байқаусызда бір затын бүлдіріп алса, онда байқамаған болады.Бетіне баспайды.Қайта тыныштандыруға тырысады. Өз ойын сыпайлап жеткізеді. Достарын үйіне шын ниетпен шақырады,оларды бір-біріне жамандамайды. Нашар мінез көрсетпейді.
2-топқа тапсырма. Дәстүрді білесің бе?
Біздің қазақ халқы өнеге отбасынан деп үйде қатаң әдет ұстанған. Дастархан басында,қонақты қалай баптау, қонақты шығарып салу жайлы не білісіңдер?
Қазақтың дәстүрін білесің бе,
Білгеніңді ойға тоқып жүресің бе?
Білмесең тыңдап алғын бүгін бізден,
Содаң соң шын мәнінде істеп үйрен.
Дастархан басында.
Қазақ халқының аса мән - маңыз беретін орны дастархан басы. Әрбір қазақ шаңырағы үшін дастархан басы тәрбие мектебі болған.Тамақты бас қосып отырып үй –іші болып ішеді.Дастархан басында әуелі үлкендер жайғасады,содан кейін барып жасы кішілер орналасады.Жас адам үлкендерден бұрын бас салып тамақ алмайды.Тамақ ішіп болған соң да елден бұрын тұрып кетуге болмайды, бұл –біздің халқымызда тым тұрпайы, көргенсіз қылық. Егер асығып отырған адам болса, дастархан басындағылардан кешірім өтініп, кетуге рұқсат сұрайды.Рұқсат алса ғана орнынан тұрып кетуге болады.
Қонақтың бабы
Үйге келгенде қонақты апыл-ғұпыл тамақтандырып, шығарып салуға асықпайды,шай ішкен соң ас дайын болғанша қонақтардың көңілді отыруына, бабын табуға мүмкіндік жасайды.Ол үшін әңгіме дүкен құрып, үй иесі қонақпен бірге отырады.Реті келсе, ауылдағы әнші,күйші деген жастарды шақырып өнерлерін ортаға салады.Үй иесінің өнерлі балалары болса, олар да көңіл көтеруге атсалысқан ерсі емес.
Қонақты шығарып салу
Қазақ халқы - ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел.Сондықтан қонақты қарсы алып,шығарып салуға ерекше мән берген. Үй иесі шақырылған қонақ, құдайы қонақ деп бөліп жатпай бәріне бірдей сый –құрмет көрсеткен.Ертеректе адамдар көбінесе атпен жүретіндіктен қонақтың атының шылбырын ұстап,аяғын үзеңгіге салғанда екінші қолтығынан демеп атқа мінгізген.
Ал, сау болыңдар! Деп үйде қала бермей,далаға бірге шығып қоштасқан абзал.
3-топқа тапсырма. Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлерін ата. Түрлері: Шілдехана, Бесікке салу, Тұсау кесу, Тоқымқағар,Беташар,Қыз ұзату, Ерулік.Сонымен катар қазақтың төрт тойы бар:жаңа жыл тойы-Наурыз тойы,жаз тойы-Қымызмұрындық,күз тойы- Сабан той, Мизам, қыс мерекесі-Соғым басы.
4-топқа тапсырма. Қонақтың неше түрі бар?
1.Арнайы қонақ-алыстан әдейі іздеп келген қонақ.
2. Құдайы қонақ-тосыннан келген қонақ.
3.Қыдырма қонақ-ерігіп, желігіп, үйден үйді, ауылдан ауылды кезіп журген қонақ.
4.Қылғыма қонақ-өрісі тар,ауылдағы түтіні түзу шыққандарды торып,өзінің құлқыны үшін аузына салғанын шала шайнап қылғататын қонақ.
ІІ. Сахналық көрініс.
Әр топ конверттегі тапсырма бойынша сахналау көрсетеді.
1-конверт. Құрбыңның туған күнге келуі
2-конверт. Апаңның қонақтарды қарсы алуы
3-конверт. Жаңа танысқан досыңды қонаққа шақыру
4-конверт. Бейтаныс адамның қонаққа келуі
ІІІ. Сергіту сәті.
ІҮ. Мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру керек.
1. Ұяда… ұшқанда …
(Үяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)
2. Ата… бала…
(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)
3. Ер … қорқақ…
(Ер бір өледі, мыц өледі)
4. Өле… бөле…
(Өле жегенше, бөле же)
5. Таяқ… сөз…
(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
ІV. Постер жасау. (әр топ қима суреттерден постер жасайды). Әр топқа конверт тарату. Постерларын қорғау.
V. Кластер құру.(әр топқа ватман, фломастер, маркерлар тарату).
Әр топ тақтаға шығып, кластерларын қорғайды.
VI. Қортынды:
-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы?
-Қоноқжайлық.
-Біз бұл тәрбие сағатынан нені үйрендік?
1.Үйіңе қонақ келгенде қандай қызмет жасайсың?
2.Үйге келген қонақты қалай күтеміз?
VII. Рефлексия кері байланыс.
Ән шашу.
Новоишим қазақ орта мектебі
Бектемін: Келісілген:
Директор: С.Т.Сүйесінова ТІО: М.М.Жахина
Ашық тәрбие сағаты: «Қонақжайлы халықпыз»
Өткізген:бастауыш сынып мұғалімі:
Сарсенбаева Раушан Сұлтанқызы
2014-2015 оқу жылы
1-конверт. Құрбыңның туған күнге келуі
2-конверт. Апаңның қонақтарды қарсы алуы
3-конверт. Жаңа танысқан досыңды қонаққа шақыру
4-конверт. Бейтаныс адамның қонаққа келуі
1-топқа тапсырма.Қонақжай адамға тән ең басты қасиеттер қандай болу керек?
2-топқа тапсырма. Дәстүрді білесің бе?
3-топқа тапсырма. Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлерін ата.
4-топқа тапсырма. Қонақтың неше түрі бар?
ІV топ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.