Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ормандағы оқиға  Қайнекей Жармағанбетов -

Ормандағы оқиға Қайнекей Жармағанбетов

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2787 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Ормандағы оқиға Қайнекей Жармағанбетов
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Қ.Жармағанбетов жөнінде түсінік бере отырып, ағаштар байланысын ұғындыру.
2.Оқушылардың танымдық ой белсенділіктерін арттыру, тілдік қорларын молайту.
3.Адалдыққа, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ағаштар суреті,бағалау парағы,геометриялық фигуралар,венн диаграммасы, сызба «ағаш»
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Топ басшыларын сайлап, оларға бағалау парақтарын беру, топпен жұмыс жүргізгендегі ережелерге тоқталу.
Бағалау геометриялық фигуралар бойынша, топ басшыларының белгіленуі бойынша болады.
ІІ. Үй жұмысын тыңдау
Әр топ өз тапсырмалары жөнінде сөйлеу.
І топ: 4 жол өлең
ІІ топ: Ана тіліне байланысты шығарма
ІІІтоп.Қайнекей Жармағанбетов туралы мәлімет жинау
ІҮтоп. Сызба құрастырып келу

-Ендеше бүгін біз Қайнекей Жармағанбетов ағамыздың «Ормандағы оқиға » әңгімесімен танысатын боламыз.
-Балалар сендер орманда қандай ағаштар өсетінін білесіңдер ме?
-Ағаштардың қандай пайдасы бар? Ол табиғаттың қай түріне жатады?
-Айналаны көгалдандырудағы мақсатымыз не?
- Ормандарды қорғау туралы не білесіңдер?
Бүгінгі оқитын ертегі әңгімеде ормандағы қайың, қарағаш және тобылғы туралы оқып білеміз.Сылдырап ағып жатқан әдемі бұлақтың жанында қайың мен қарағаш өсіпті. Олар тату достар болған екен. Күндердің күнінде тобылғы қайың мен қарағашты бір-біріне жамандайды, оның сөзіне сенген қайың мен қарағаш таң атысымен қатты ренжісіп, шайқасады.Оларды арашалауға келген сексеуілдің омыртқасы сынып мүгедек болып қалады екен.Осының бәрін көрген тобылғы өз қылығынан қатты ұялып орманнан алысқа айдалада бұғып тіршілік ететін болыпты, ал сексеуіл болса қиқы-жиқы болып өсетін болған екен.
Суреттеріне тоқталу.
ІІІ.Кітаппен жұмыс Кітаптың 178 бетін ашамыз.
Қайнекей Жармағанбетов 1918-1974ж Қостанай облысында Жангелдин ауданында өмірге келген.Оның «Заман біздікі», «Адам туралы аңыз» т.б өлең жинақтары, «Әнші азамат» повесі бар.
- Топтардан 1 оқушы азат жол бойынша оқу.
Мазмұнын ашу, сұрақтар қою.
- Ағаштар бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды?
- Тобылғы қайыңға қандай әңгіме айтты?
- Қарағашқа не деді?
- Тобылғыға мінездеме беріп көрейік.
- Сексеуілге де мінездеме берейік.
- Осы ағаштардағы қандай мінездер адамдарда бар?
- Саған ұнаған және ұнамаған қылықтар?

ІҮ. Сөздік жұмыс Дәптерлерін ашып күнді жазып, түсініксіз сөздерді жазып алу.Ағаштар атын жазу, өзіне ұнаған ағаштың жанына + белгісін қою.
Ү.Сергіту сәті
ҮІ.Топпен жұмыс Әр топқа жеке тапсырма:
І топ: Мінездеме жазу
ІІ топ Екі ағашты салыстыру венн диаграммасымен
ІІІ топ:Әңгіме барысына сай сурет салу
ІҮтоп: Ағаштардың қандай пайдасы бар? Сызбамен
ҮІІ. Ой толғаныс Ітоп- қайың ІІ- тобылғы ІІІ- адам ІҮ- Ағаштар
1.не?
2.Қандай?
3.Не істеді?
4.Сөйлем
5.Жалпы түйін

ҮІІІ. Бекіту. Әңгіме барысына сай көрініс көрсету.Ағаштар әрекетіне қарай үзінді көрсету, сөздік қорына жаңа сөз пайдалану міндеті қойылады.
Әңгімедегі оқиғаға талдау жасап қорытынды шығару.
-Тобылғының мінезі адамдарда бола ма, ол қандай адам?
-Қарағаш пен қайыңның қателігі неде?
-Сенің досың кім? Ол екеуің қандай доссыңдар?
ІХ.Қорыту. Бүгінгі сабақта саған не ұнады? Қандай ақыл кеңес алдың?
Өзіңе қолданатын, қолданысқа енгізетін шараң қандай?
Жазушыға қандай алғысың бар?
Х.Бағалау. Топтардың жинаған ұпайлар санына қарай және басшылардың белгілеуі бойынша бағалау.
ХІ.Үйге тапсырма.Ағаштар суретін салып, мазмұндап келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.