Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Орманның  пайдасы  және  оны  қорғау. -

Орманның пайдасы және оны қорғау.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2211 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орманның жалпы адамзат тіршілігі үшін, табиғат үшін,
өсімдіктер мен жануарлар үшін пайдасын жете түсіндіру.
Оны қорғаудың маңыздылығын ұғындыру. Табиғи қорықтар.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Жануарлар әлемін қолдауға‚ қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Базалық білім:
Орман–тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Орманның жалпы адамзат тіршілігі үшін, табиғат үшін, өсімдіктер мен жануарлар үшін пайдасын жете түсіндіру.
2. Оны қорғаудың маңыздылығын ұғындыру.
3. Табиғи қорықтар.

Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
- Мәтінді тұтас оқу.
- Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
- Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу

Орманның маңызы

Адам өмірі үшін Табиғат, шаруашылық үшін

Алматы Ақсу–Жабағылы

Наурызым Барса–Келмес т.б.

Орманның пайдасы мол. Сондықтан оны қорғауға міндеттіміз. Ол үшін әр адам мынаны есте ұстаған жөн.
Орманға саяхат кезінде табиғатты аялай білген жөн. Қоқыс қалдырмауды, отты арнайы орынға ғана жағуды ескерген дұрыс. Кетерде отты әбден сөндіру керек.
Міне осылайша орманның табиғи күйін сақтауға сендер де өз үлестеріңді қосасыңдар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Орман тоғай өсімдіктерін сақтап қорғаудың қажеттілігін түсіндір:
– орман–тоғайдың адам үшін маңызы;
– еліміздегі орман–тоғайлардың жайы;
– ормансыз тіршілік ете алмайтын жануарлар;
– ормансыз жерде тіршілік ететін жануарлар туралы айт;
2. Қандай орман түрлерін білесің?
3. Орман өсімдіктерін ата.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.