.
.
Қош бастауыш мектеп. Қош бастауыш мектеп.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1672 | Размер: | Автор: Нартай4540Көрнекілігі: Бастауыш мектеп патшалығы деп жазылған жазу, шарлар гүлдер. «Қош бастауыш мектеп!» тақырыбы.
Қатысушылар:
Жүргізушілер: 1. Қабылашова. А.
2. Кәриев. С.
Талапкер: Нұрбатыров. Х.
1 жүргізуші: Серікбай:
Армысыңдар ұстаз қауым ата – ана,
Құлақ түрің жақсы лебіз батаға
Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп
Бастауыштың балалары ата – ана.
2 жүргізуші. Ақтілек:
Би биленіп ән аитылар аспандап
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ
1 – жүргізуші. Серікбай
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
бегіңді оиға тоқып қайтарам.
2- жүргізуші. Ақтілек.
Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты
1- жүргізуші: Серікбай.
Қадірлі : ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,
Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын
Қалаған бастауыш мектебімізбен.
2- жүргізуші: Ақтілек.
Сондай-ақ біздің ыстығымызға
Күйіп, суығымызға тоңа білген оңымызбен солымызды танытқан
Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы
Ұстазымызбен қоштасқалы отырмыэ.
Екеуі: бірге
Салтанатты кешке қош келдіңіздер:
1-жүргізуші:Ақтілек.
Ортаға сыныптастастарымды шақырамын
Вальс ырғағымен оқушылар кіреді
Ән: Бақыт Авторы: Кулишбаева Сауле
1.Орындайтын:Айдана Думан
Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық , бірде мүң
Бақытты сол сауаттанып төрт жылда
Білім Іздеп азаптанса кімде кім
Қ-сы:Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің
Бақытым да балалығым сол менің
Бастауышта ойнап- күлгенім
2.Бақытты- мен, бақытты сен анашым
Балалығым бақытты бір құшқаным
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Анам саған бақыт сыйлап жүргенім
Қ-сы.
3.Білім іздеп жоғары шық жасқанбанба
Бірақ жаным мұны естен тастама
Алғаш ұстаз салып берген сара жол
Бақытыңнан адастырмас қашанда
Қ-сы.
Ортаға жолаушы жігіт кіреді
Сәлеметсіздер ме достар!
Ақтілек: Сәлеметсіз бе жолаушы.
Жолаушы: Мен жолдан шаршап келе жатқан жолаушы баламын .Атым- Талапкер. Мен Бастауыш мектеп деген патшалықты іздеп келемін .Білімсізге білім беріп ,саналы ,сауатты,адам тәрбиелеп,жан-жақты өнерлі азамат етіп шығаратын керемет патшалықтың атын ғана естігенмін .
Серікбай:Өте тамаша Жолаушы жігіт .Сіз сол іздеген Бастауыш мектеп патшалығына келіп жеттіңіз .Сіз тіпті бүгін мерекелі сәттің үстінен түстіңіз .Мынау алдарыңызда тұрған сол бастауыш мектеп патшалығының биылғы жылғы түлектері.Өздерін 4-жыл оқытқанаяулы ұстаздарымен,білім берген бастауыш мектептерімен қоштасу сәті.
Талапкер жігіт:
Енді сіздер мархабат етсеңіз осы патшалықпен, оның білімді тұрғындарымен жақынырақ танысқым келеді!
Ақтілек:
Ал құрметті білімпаз жолаушы достым бастауыш мектеп патшалығының басты тұрғындары бүгінгі түлектерді көріп тұрсыз. Ал енді ұшқалы тұрған қырандарды баптаушы ұстазымызды ортаға шақырайық.
Ортаға музыкамен ұстаз шығады.
Ұстаз: Қымбатты ата-аналар, ұстаздар бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер. Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті шәкртерім үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі сол 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан балалар бастауыш сыныппен, алғаш көрген ұстаздарымен қош айтысқалы отыр .Осы қуанышты да қимас сәттеріміз қүтты болсын шәкірттерім.
Сіздердің алдарыңызда түрған оқушылар осыдан 4-жыл бұрын 6 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса ,бүгін міне ес біліп етек жиған шәкірт.Алшәкірттерім біз бұл күнге жай жете салған жоқпыз .Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз әрқашанда есімізде болары сөзсіз.Осы жолда менің алдыма қойған міндетімеліміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймей тін, суыққа тоңбайтын , итерсең құламайтын, құласа жыламайтын ,тепсе темір үзетін ,қуса жеткізбейтін ,сегіз қырлы бір сырлы азаматтар тәрбиелеу.Ал шәкірттерім қадамдарыңа қадамдарыңа гүл бітсін.
Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкіммен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген сендер
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың
Ия ия қатайды қанаттарың
Тағы бір өтсем бе екен санап бәрін
Мінекей бүгін міне бәріңе де
Қимасттықпен қараймын ШӘКІРТТЕРІМ!
Ұлмекеннің тақпағы
Ән : Мектеп мерей тойы.
Жолаушы :Ұстаздарыңда өздеріңде толқып тұр екенсіңдер.Қандай тамаша .Бастауыш мектеп патшалығы қандай керемет патшалық.Бірін-бірі ерекше құрметтейтін ұстазы мен шәкірттері қандай бақытты. Осы патшалықты іздеп темір етігім тебінгідей ,темір таяғым тебендей болып жетіп едім.Шаршағанымды ұмыттырдыңдар .Ғажайып екен. Тағы не кереметтерің бар .Тамашалайық .
Ақтілек:Шаршағанды басатын ,сарайыңды ашатын ,тұла-бойыңдағы енжарлықтың бәрін қашыратын қоңырау деген ғажайып құрал бар бұл патшалықта .Ей, сиқырлы қоңырау кәне сергіт мына жұртты.
Қоңырау ұзақ соғылады.
Қоңырау ұстаған бишілер билейді.
Музыка аяқталғанда :Қош мектебім !-деген сөздер шығады.
Серікбай: Ия бұл бастауыш мектеп патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін апайымызбен бірге өткізіп, біздей бүлдіршіндерді баптап ,өз балапарындай қамқорлап жүрген ұстаздарымыз бар.мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсарин айтқан болатын,мінекей бізде сол апайларымызга жүрегіміздің жылуын ұсынбақпыз.Мәңгі қартаймай ортамызда мектебіміздің жүректері болып соға беріңіздер.
Апайларға сыйлйққа гүл тапсыру.
Ән: Ұстазым.
Асылбек,Дияна,Талғат тақпақтары.
1- оқушы Ұлмекен
Шуағы мол жаз күніндей қабағың
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың
Жымиыл бір маңдайымнан сипасаң
Балбырайды бал-бұл жанып жанарым.
2-оқушы: Айдана
Ұлағатты ұстазымсың данамсың
Адалдыққа баулыған сен анамсың
Білгеніңдіұрпағыңмен бөліскен
Тұлғаң биік дархан жүрек адамсың.
3-оқушы: Балзия
Сол үшінде аяулысың адамга
Санамды ашып күн сыйлаған ғаламға
Еңбегіңді қастерлейді бар адам,
Ұстаз атың ардақталып қашанда .
4-оқушы: Гүлжайна.
Мәпеледің үйреттің
Әсемдігін жер-көктің
Шаршадың қанша шалдығып
Аянбай бізге тер төктің
Асхат,Айдана, Әділет тақпақтары.
5-оқушы: Дулат.
Ұстаз жолы-ұлы ұлы жол
Ұстазым менің асқарым
Біздерміз жазған дастаның
Мөп-мөлдір болсын аспаның
6-оқушы: Лариса.
Сен менің анамдайсың, әкемдейсің
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың
Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ
Адалдықпен парасаттан жаралғансың.
7-оқушы: Думан.
Көңілің бар шәкірттің таба алатын
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын
8-оқушы: Айша.
Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, біліктілікке, әдептілікке, әдемілікке, адалдыққа әділдікке ,көп нәрсеге үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс.
Ән:
Талапкер: Қандай керемет көңіл, қандай мәдиниетті, ілтипатты қарым-қатынас. Менің осы патшалыққа деген ынтазарлығым тіпті күшейді. Тағы не кереметтерің бар?
Ақтілек: Достым Талапкер біз бастауыш мектеп патшалығында тек білім алып қана қоймаймыз, өнерге де шыңдаламыз. Қазір тамаша көріністеріміздің куәсі болыңыздар.
Көрініс:Өерлі бала. Қатысушылар:3 бала,3 ана, қария кісі.
Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.1-әйел:Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.
2-Әйел:Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп,баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.
1-Әйел:Сен неге үндемейсің?
3-Әйел: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.
Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді.
2- бала:Анашым саған көмектесейін деп шелегін алып кетіп қалады.
3- 1-Әйел:Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?
4- Қария:Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.
Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.
Ақтілек:
Кім сендерді балалар сүйетұғын,
Қунышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын
Түн үйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Серікбай:
Кім сендерді балалар, тербететін,
Еркелетіп ойнатып сергітетін.
Жалқау болсаң балалар жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Ақтілек:Анаңды Меккеге 3-рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың деген сөз бар.Анаға қандай қамқорлық жасасаң да артық болмас еді.
Аналар. Біз сіздерге бас иеміз. Музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.
Би:Өзбек биі.
Көрініс: Ержүрек ұл.
Автор:Ертеректе қарақшылар жол торып адамдарды тонап, қолға түскен адамдарды құл базарына сатады екен. Кезекті тонау үстінде қарақшылар қолына қартайған шал түседі.
Қарақшы шалды ұрып алып келеді.
Қарақшы: Егер құл базарына сатылғың келмесе жүз алтын әкел де ұлыңа,Сені сосын босатамыз.
Шал:Мені құтқару үшін жанұямның берер алтыны жоқ. Не істесеңдер де көрермін.
Автор:Кедей шалдың жарқын жүректі әрі батыл ұлы бар екен.Ол қарақшыларға келіпті.
Бала:Әкемді Қарымтасыз босатыңдар демеймін.Әкем кәрі әрі қауқарсыз оны сатып не пайда табасыңдар, оның орнына мені сатып көп ақша табыңдар. Әкемді босатыңдар.
Қарақшы;Не деп тұрсың? Өңім бе түсім бе? Дүниеде ержүрек жігіттер бар екен ғой. Мұндай адамға жан пида.Адамгершілік өлмеген екен ғой.Арыстаным ризамын саған. Бердім әкеңді. Кәне кетіңдер.
Бала әкесін арқалап алып кетеді.
Жүргізуші:Әке алдындағы парызын өтеген өжет ұлдың ісі өмірімізге мәңгілікке үлгі болсын.Әке-шешемізді қадірлеп қастерлеп жүрейік.
Оң қанатым - әкем де,
Сол қанатым- анашым,
Бірі түссе қатерге
Мәңгі ұша алмай қаласың
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым
Біреуінсіз ор-жорда
Ббір мүгедек боласың.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік.
Орысша тақпақтар
Жүргізуші: Біз 3-4 сыныптарда орыс тілін оқып, Райхан апайдан, Зиваш апайлардан білім алдық Сіздерге де көп рахмет. Музыкалық сәлемдемемізді қабыл алыңыздар.
Күй « Келіншек «
Талапкер:Бүгінгі түлектер. Сендер бойларыңда әдептілік теөнер білім де жарасым тауып тұр екен.Ризамын сендерге.Бұл патшалықтың ұстаздары еңбектеріңіз ерен екеніне көзім жетті.Бұл патшалық киелі патшалық деп түсінемін.Бүгіннен бастап осында қалғым келеді. Қабылдайсыз ба?
Ақтілек:Әуелі жолаушы жігіт үстіңдегі киіміңді тастап мектеп формасын киюің керек.
Талапкер: Әрине келісемін Өнер білімге үйренгім келеді.
А: Енді сізді қабылдаймыз. Бүгінгідей қош бастауыш мектеп деп аталатын ертеңгілікке оң тілекпен келген жолаушы Талапкер сіз болашақта мектеп деген үлкен шаһардың тұрғыны боласыз. Ұстазды құрмейтейтін адал оқушы бола біліңіз.
Би: Мамбо
Жүргізуші:Ия шынымен де бұл киелі патшалық.Бұл патшалықтан ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,көкті шарлаған ғарышкер де, ақын да алғашқы ұстаздан білім алған.Кішкентай сәби жүрегін баурап одан түсінігі мол шәкірт жасау үшін ұстаз қанша тер төгеді десеңші.
Алғашқы ұстаз еңбек ететін бастауыш мектеп сені киелі демеске болама?
Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
Би:жастар биі.
Соңы: Бәрі шар, гүл ұстап би біткенде шығады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.