.
.
Қош бол, аяулы бастауыш! Қош бол, аяулы бастауыш!
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1609 | Размер: | Автор: Нартай4540Акт залы мерекедегідей безендірілген. Оқушылар топпен залға кіреді. Ойнақы музыка ойналып тұрады.
І – жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер. Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн.
ІІ – жүргізуші
Қош келіпсіздер, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі «Қош бол, аяулы бастауыш» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІІ – оқушы
Здравствуйте, дорогие родители, уважаемые учителя! Вот и наступил день прощания с начальной школой.
ІV – оқушы
Good afternoon teachers, guests and pupils. We are glad to see you in our party “Good by Secondary school!”.
І – жүргізуші
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жайып қарсы аламыз Сіздерді
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
ІІ – жүргізуші
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
ІІІ – оқушы
Сегодня очень радостный день для всех нас. Мы собрались вместе в этом зале, чтобы в торжественной и дружеской обстановке попрощаться с начальной школой и достойно перейти в среднее звено.
Сегодня день у нас такой
И грустный, и веселый
Ведь мы прощаемся с родной
Своей начальной школой.
ІV – оқушы
1) I’m learning to write
And I’m learning to spell
And my teacher says
That I’m olding well!
I can spell my will a book
And that is b – o – o – k
I can spell a copybook
And that is co – py – b – oo – k.
ІІІ – оқушы
А ну, друзья, вставайте в ряд,
Отставить шутки, разговоры,
Мы будем чествовать сейчас
Выпускников начальной школы!
І – жүргізуші
4 жыл бойы оқыған
Ойға білім тоқыған.
4 сыныпты бітіріп,
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Ән: «Бал балалық» Орындайтын: Қуанбаева Аида
1 – оқушы
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 – оқушы
Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар.
Оқу оқы, адал еңбек етсің деп,
Тілеген ғой Шәкәрімдей бабалар.
3 – оқушы
Қабыл етіп білімге алғаш қадамың,
Бағын ашқан талай – талай баланың.
Бетке ұстар мектебіне қаламның,
4 жыл бұрын біріншіге барғанмын.
4 – оқушы
Ел ардақтап ғұламаның есімін,
Біз тербеттік даналықтың бесігін.
Шәкәрімнің атындағы мектептің,
Салтанатпен ашқан едік есігін.
5 – оқушы
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Кұллі шәкірт саған басын иеді.
Ән: Мектебім («Учат в школе» әнімен)
6 – оқушы
Бүгін біз алғаш сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
7 – оқушы
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға бәріміз мың алғыс айтамыз. (5 оқушы шығады, қолдарында ҰСТАЗ сөзі).
Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
С – салмақты Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Т – танымал Есейіп ертең кетсен де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
А – ардақты Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
З – зиялы Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
Ән: Бұлуынды жүрек Испан
Скетч: 1) Дүние тану
2) Шала қазақ
3) 8-ді бөлу
4) Вальс
8 – оқушы
Асыға дәптер ақтарған,
Дулатып мектеп алабын,
Жүрегімде сақталған
Алғашқы алған сабағым.
9 – оқушы
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіңе,
Ел баласын оқытады – ай, қажымай.
10 – оқушы
Атағын Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбен өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
11 – оқушы
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
12 – оқушы
Ұстазым ғой әліппенні үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Шуағы мол жаз күніңдей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң
Балбырайлы бал – бұл жанып жанарым.
13 – оқушы
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәрбие алған.
Сондықтан, ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!
(Ән: «Ұстазым») Аида, Ислам
І – жүргізуші
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» болады деп бекер айтылмаған. Біз осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған, әрнесеге тосырқай қараған бүлдіршіндер едік. Енді, міне бүгін оң мен солымызды танып, білімге еркін қанып, бастауыштан ора буынға аттанғалы отырмыз.
ІІ – жүргізуші
Дүрыс айтасың, Аружан. «Ұстаз шәкіртіне білім үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді». Бастауышта білім алған 4 жыл ішінде біз қандай мәрсеге жеттік, көз жүгіртіп көрейікші.
І – жүргізуші
Иә, сыныбымызда жүзден жүйрік шыққан білімділер де, күміс көмей әншілер де, мың бұралған бишілер де бар.
Аймақтың «Алақай» жас әншілер конкурсының жүлдегері Салықов Ислам.
ІІ – жүргізуші
Қалалық «Әнші балапан», «Алақай» конкурсының лауреаты, «Ерке айым» конкурсының жүлдегері Салықов Ислам.
ІІ – жүргізуші
Қалалық «Әнші балапан», «Алақай» конкурсының лауреаты, «Ерке айым» конкурсының жүлдегері Қуанбаева Аида.
І – жүргізуші
Аймақтық «Алақай» жас әншілер конкурсының лауреаты Сакарщева Наргиз.
ІІ – жүргізуші
Республикалық, облыстық Дарын Ғ.П.О. ұйымдастырған зерделік ойындардың жеңілпаздары Қанатқызы Аружан, Ақан Нәзік, Хабит Біржан, Айтқазиева Мөлдір, Айманова Мөлдір.
І – жүргізуші
Ережепова Аяулым, Жақсылықова Аружан, Салықов Ислам, Төлеубеков Ескендір, Жақсыбеков Жан, Қалидолдина Айнара, Молдрахмет Арай, Жұмашева Раушан, Серғалиев Диас.
ІІ – жүргізуші
Қалалық жас футболшылардың «Олимп» командасының мүшесі, қалалық сайыстың І, ІІ орын иегері – Хабит Біржан.
Облыстық, Республикалық «Ақ көгершін» фестивалінің І – орын иегері – Закиева Мадина.
Қалалық отбасылық ансамбльдер фестивалінің лауреаты – Маулетов Сабыржан.
І – жүргізуші
Қалалық, облыстық бастауыш сынып оқушыларының олимпидасының І – орын иегері Ақан Нәзік.
ІІ – жүргізуші
Мектепішілік олимпиадаға 13 оқушы қатысып, 11-і жүлделі орындарға ие болды. Олар Ақан Нәзік, Салықов Ислам, Төлеубеков Ескендір, Қыдырбаева Ақмарал, Қанатқызы Аружан, Жақсылықова Аружан, Хабит Біржан, Мұрат Айфара, Айманова Мөлдір, Серғалиев Диас, Мырзаев Али, Закиев Аян.
І – жүргізуші
Келесі орындалар ән сыныптастарым сендерге арналады.
«Армандастар» Қуанбаева Аида Ән: Армандастар
14 – оқушы
Әліппемен аштым өмір есігін
Тербетейін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстіп ұстазымның есігін.
Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігін де
Сізге сеніп беріп едім.
Бала десе ойламайды өз қанын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса, тұрса тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі
Аялаймын олар басқан әр ізді
Арманым сол алабына қадірлі
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді.
Біз бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгердік. Музыкалық сауатымызды ашып, түрлі жаңа әндер үйрендік, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да қатыстық. Ұстаздарымыз ...... көп рақмет айтамыз!
Би: «Тентегім»
Айтарым менің көп тегі
Тыңдаудан әсте жалықпан
Күлімдеп түрған көктегі
Күнді де маған танытқан
Айналдым ұстаздарымнан.
Четыре года незаметно пролетели
Все было, солнце, ветер, гром
Но, прежде чем уйдем сказать надо
Спасибо всем, кто рядом с нами шел!
Четыре года вы учили нас
Вели в огромную страну Добра и Знания
Мы помним как первыми вошли в класс
А вот сегодня скажем «Досвиданья».
Ағылшын 2 тақпақ
Ақ қырау түскен самайға
Шәкірттің ұғар ойлысы
Ұстаздың ауыр қалайда
Төзе алмас еді жәй кісі
Айналдым ұстаздарымнан.
Ән: Ұстазым. Хор
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге ұшамын мен.
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.
Би: Турецкий
Жүрегімде берген ақыл, білімі
Өзіңе ұқсап шықсын әрбір түлегі
Ұмытпаймыз, 4 «А» сыныбы
Ұстазымыз Құлжағазықызы Нүргүлді.
Ислам сөз
Ән: Шабыт түн
Би: Брэйк Данс
І – жүргізуші
7 жасқа толғанда
Есігін аштым мектептің
Мейірімді жанды көрдім де,
Біліміңнен от алдым
Жасым 10 – ға толғанда
Жас ұлан да атандым
Енді міне, қараңыз
Бастауышпен қоштасып,
Жоғарыға аттандым.
ІІ – жүргізуші
Өсті білім, санамыз
Өз отың боп жанамыз
Өрге самға барамыз
Хош, бол бастауыш сынып
Аяулы ұстаз, анамыз!
Осынау қоштасу
Жүректі тербейді
Бастауыш сыныппен
Қоштасқым келмейді.
Ән: Қош, бастауыш
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.