Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕ! -

ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕ!

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1403 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Павлодар облысы, Май ауданы
Малайсары ауылы
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Б.О.Байдулина
ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕ!
Мақсаты: оқушылардың Әліппеден алған білімдерін кеңейту.Үйренген білімдерін ортаға салу. Білім алуға деген құлшыныстарын арттыру. Ән айтып, би билеуге, өнерлі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, шарлар, әріптер. Әліппе, Ана тілі макеті, А. Байтұрсыновтың, Ы. Алтынсариннің бырайдың, портреттері, нақыл сөздер.
Мұғалімнің құттықтау сөзі. - Сүйікті шәкірттерім! Сендерді бар ғылымның беташары Әліппені табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Әліппені аяқтау барлық әріптердің таңбасын тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Жазып, оқи алмайтын кездеріңде келіп едіңдер, енді міне, өз беттеріңмен оқи да, жаза да алатын болдыңдар. Шәкірттерімнің осындай жетістікке жетуіне ата-аналарының қосқан үлесі зор. Сондықтан да сіздерге айтар алғысым шексіз.
1-жүргізуші. Қайырлы күн, халайық! Армысыздар, ата-ана, ұстаздар! Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
2-жүргізуші. Кеше ғана қадам басқан мектебің, Білім берді, санаң өсті көктедің. Бойың да өсті,ойың да өсті, қарашы, Осы емес пе бір белеске жеткенің.
1-жүргізуші. Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ, Әліппеміз қоштаспақ.
2-жүргізуші. Әріптерді таныған Өңкей білгіш балдырған. Өсті білім, ойларың, Құтты болсын тойларың!-дей келе бүлдіршіндерді ортаға шақырайық.
Бастарына әріп макетін киген оқушылар шығып өздерін таныстырады.
Ән: Үйретеді әліппе (барлығы)
1-оқушы. Барлық әріп бағалы, 2-оқушы. Балалық шақ бүгінгі Айттық әділ бағаны Қайталанбас асыл шақ Әріпсіз сөз болмайды. Ойға тоқып білімді Буын онсыз толмайды. Есейеміз асыр сап. Адам барлық әріпті
Бағалайды қолдайды.
ӘН: Әнші балапан (қыздар)
3-оқушы. Бүгін біз үшін қуанышты күн. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітіріп қоштасқалы тұрмыз
4-оқушы. Енді кез-келген сөздерді, сөйлемдерді оқи аламыз.
5-оқушы. Осы уақытқа дейін есеп шығаруды, сурет салуды, ән салуды, спортпен шұғылдануды үйрендік.
1-жүргізуші. Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Іші толған әріпке Білімдегі жарық не? Оқушылар. ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ!
Әліппе. Сәлеметсіздер ме, балалар! Оқушылар. Сәлеметсіз бе, Әліппе!
Әліппе. Армысыздар, жас достар! Болашаққа жол бастар. «Әліппең» келді ортаға Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады сендерден
Ән: Әліппе (барлығы)
6-оқушы Ең алғаш алғанымда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді
2- жүргізуші. «Әліппе» деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа
1-жүргізуші. Балалар, алғашқы Әліппені кім жазды?
Оқушылар: Ыбырай ата
2-жүргізуші. Ыбырай аталарың туралы не білесіңдер?
7-оқушы. Жырын жаттап аламыз, 8-оқушы. Ұран тастап көп елге, Жалықпастан қыс-жазы. «Кел, балалар, оқылық!» Ұлы Ыбырай атамыз- Деген сөзін көңілге Ұстаздардың ұстазы Ықыласпен тоқылық.
1-оқушы. Оқығаннан кезінде Озған алғаш сол екен Әліппенің өзін де, Жазған алғаш сол екен
Ән: Тәрбиеші мұғалім (барлығы)
1-жүргізуші. «Әліппе» оқулығынан қанша әріп оқып үйреніп жаздыңдар?
Оқушылар. 42 әріп
2-оқушы. Алфавиттің басында 3-оқушы.А деген ол – аналар ғой ардақты, А тұрады басында. Ә деген ол – әкелер ғой салсақты. Әрқашан да Б деген ол – балалар ғой әдемі. Ә тұрады қасында. Біздің елде үшеуі де кәделі. Байқадың ба? Байқадың ба? Б тұрады үшінші. Ал осының сыры неде? Түсінші:
4-оқушы. Біз жазамыз бала деп, Біз жазамыз дана деп, Биік-биік таулар деп, Айдын-шалқар көл бар деп. Қаһарман ел қазақ деп, Болашағы ғажап деп.
Ән: Ел қорғауға әзірміз (ұлдар)
Әліппе. Жақсы, балалар, Абай ата туралы не білеміз?
5-оқушы. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны
Әліппе. Өте жақсы, балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ана тілі. Армысыңдар жас достар! Ана тілі пәнімін, Туған елдің тілімін Ана тілі-елдігім, Ақылы мен танымын Ана тілім болмаса, Түсіндірер бәріне Бүтінделмес кемдігім.
Ән: «Ана тілін сүйіміз» Назираның орындауында.
Әліппе. Ана тілі, балалар менен не үйренді екен? Сен де бізбен бірге тамашала. Ал балалар, бар өнерлеріңді көрсетіңдер.
2-жүргізуші. Әдепті, ақылды бала қандай болу керектігін «санамақ» арқылы тыңдап көрелік.
1-оқушы. Ата-ананың тілегі, адам болып өскені, Адамдықтың тірегі, адал болып өскені. Бұл-1.
2-оқушы. Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің, Әсемпаздақ дегенің,әурк-сараң әлегің Бұл-2
3-оқушы. Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған, Сол саған пайдалы іс, ойын мен кинодан. Бұл-3
4-оқушы. Сыйла үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Бұл-4.
5-оқушы. Сақтап көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Бұл-5.
6-оқушы. Әдеп қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. Бұл-6.
7-оқушы. Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Бұл-7
8-оқушы. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан. Бұл-8
9-оқушы. Шындықты сақтаймыз, Шыншылды жақтаймыз. Бұл-9
10-оқушы. Сыныптың алдында Шығарып мақтаймыз. Бұл-10
Ән: Біз өмірдің гүліміз. Орындайтындар Айдана, Назира
6-оқушы. Бүкіл қазақ баласын дәріптеген, Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен. Ризамыз бәрімізді таныстырған Сөз бен дыбыс және әріптермен.
1-жүргізуші. Құрметті ата-аналар қазір сіздерге оқушылар мақал-мәтелдер айтады, сіздер ұйқасын табу керексіздер.
1. Ас атасы – (нан) 3. Күшіңе сенбе, (ісіңе сен)
2. Судың да (сұрауы бар) 4. Өз елің – (алтын бесік)
5. Жері байдың - (елі бай) 6. Сыйласаң, (сыйлы боласың)
7. Білегі күшті бірді жығады, 8. Асыл тастан шығады, (Білімі күшті мыңды жығады) (Өнер жастан шығады)
9.Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)
Ана тілі. 1.Дыбыс дегеніміз не? 2. Дыбыс нешеге бөлінеді? 3. Әріп дегеніміз не?
4. Кім «Елтаңба», «Ту» өлеңдерін жатқа айтды?
Айнымайды аспаннан Қара шаңырақ - ел күні, Біздің тудың бояуы. Асқақтатып тұр мұны. Оны халық қашан да Елтаңбасы – елдігім Биікке іліп қояды. Елдің тыныш тірлігі
Ана тілі. Рахмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен.Мен риза болып тұрмын. Балалар, әліппені 4 ай ішінде игеру қиын, бар зйіндеріңді салып ынта қойып оқыпсыңдар. Мені кейінгі ұрпаққа таза ұқыпты етіп қалдаруларыңды сұраймын.
Әліппе. Рахмет, балалар! Сендер мені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса, мен кетейін. Қош болыңдар!
Оқушылар. Қош бол, сүйікті Әліппе!
2-жүргізуші. Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық? Өсер балаң байтақ елің тұрғанда, Ана тілі жасау керек мәңгілік.
1-жүргізуші. Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңа пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған Рахмет ұстаз алғашқы! /Бәрі/
Ән: Мұғалім-ол біздің
2-жүргізуші. Мың бұралса, біз қарап тамсанайық, Сіздерге жақсылықпен жар салайық. Шақырып бишілерді ортаға біз, Қол соғып қошеметпен қарсы алайық
Би: Қамажай
Көрініс: ертегі «Шалқан»
Ән: Әрқашан күн сөнбесін
1-жүргізуші. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі, бәрі ұстаздардан білім, тәрбие алған,-дей келе құттықтау сөзді мектеп директорына береміз.
2-жүргізуші. Салтымыз бар ұрпағын аялаған, қамқорлығын олардан аямаған, бала көркі өмірдің, көңілдің де дегендей, - сөзді ата-аналарға береміз.
1-жүргізуші. Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты кешіміз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.