.
.
Тақырыбы: Қош бол құтты Әліппе Қош бол құтты Әліппе
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1415 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік
дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жүру барысы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Бүгінгі «Қош бол құтты –Әліппе» атты ертеңгілігімізде біздердің балаларымыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білімдерін ортаға салмақ кез келді. Әліппені бітіру алдағы өмірге жол бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақта салтанатты мереке. Баршаңызға қош келдіңіздер дей отырып ертеңгілігімізді бастаймыз. Олай болса қол соғып қошнмнттей отырып, бүгінгі ертеңгілігіміздің иегерлерін ортаға шақырайық.
Көп оқитын, көп тоқитын
Сұлу еді Ләйлідей
Лейла шықты ортаға
Сабырлы да салмақты
Үйреніп бәрін жүретін
Орынбасар келеді
Алшаң басып аяқты.
Келе жатыр Салтанат
Мамасына қолғанат
Дарасы болар даланың
Қазбек деген баланың
Кең маңдайлы Алина
Әдемі еді қандайды
Жақсылықты жақтайтын
Бәріе біліп жаттайтын
Болады ол Асылжан
Қылығы оның сүйсінтер
Еркетотай Назерке
Есімі Бекзат болады
Есепті де шағады
Ерке Назым келеді
Дөңгелене биленіп
Сабақтан еш қалмайтын
Болсын бала Мағжандай
Бармағынан бал тамған.
Балдай тәтті Аружан
Міне келді Ерғанат
Ай мен күні анасының
Ақылдысы атасының
Сәулелі де сымбатты
Сөйлегені тым тәтті
Фариза деген қыздарың
Сіздерге арнап тіл қатты
Жұмсағанда баратын
Айтқан тілді алатын
Оның аты Ердәулет
Дос қадірін білерсің
Бірге жүрсең Жандоспен
Шуағын шашып айнала
Шаттық шықты ортаға
Ортаға келді Нұрдаулет
Сәулелі де сымбатты
Сөйлегені тым тәтті
Қылықтары тәп-тәтті
Армысыңдар аналар
Бармысыңдар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз Лейла
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз Жандос
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе Шаттық
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық Нұрдаулет
Қыркүйекте келдімде
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымда құп алып Назерке
Оқыған оны ғалымда
Оқыған оны мұғалімде
Оқыған оны көсемде
Жазушы ақын дарында Асылжан
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным Аружан
Ән: Әліппе
Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42- әрәпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мұғалім
Олай болса бәрін үйреткен ұстазымызға да алғысымызды білдіре отырып сәлем жолдайық.
Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным Алина
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып Ердәулет
Сипадыңда басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдын
Басталғанын түсіндім. Ерғанат
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді Фариза
Дәнекер боп дамыл таппай арада
Әліппені ұялатқан санаға
Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз
Үйретуден жалықпаған балаға Салтанат
Бәрі: Рахмет саған ұстазым
Ән: Ұстазым
Ұстазымыздың құрметіне оқушылармыздың дайындаған «Қара жорға» биін ұсынымыз. Қабыл алыңыздар.
Жақсы, балалар біз манадан бері өнерімізді ортаға салып, ұстазымызғы алғысымызды білдірдік. Ұстазымыз білімді қайдан үйретті, неден алдық білімді? Әліппеден
Бәрі бірге:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым данасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Олай болса «Бар кітаптың басы болған-Әліппе» оқулығын ортаға шақырамыз.
Бәрі бірге: Әліппе
Әліппе
Армысыздар жас достар
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға
Алғаш рет өзімнен
Білім алды балалар
Өсті білім санасы
Елжірейді жүрегі
Маған адам баласы
Алғыс айтып жүреді
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Бәрі бірге: Қош келдің сүйікті Әліппе!
Әліппе: Рахмет балдырғандар. Сендер осы әліппе оқулығынан әріптерді таныдыңыздар. Әріпті әріпке қосып, буын- буыннан сөз құрап, сөзден сөйлем құрап бүгінгі күні қысқа –қысқа әңгімеледі оқи алатын болдыңдар. Осы менімен бірге сендер математика тағы басқа пәндерді де қатар оқыдыңдар. Олай болса осы әліппе, математика оқулығынан алған білімдеріңді ортаға салыңдаршы, бір марқайып қалайық.
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйрендік не білдік
Қане ортаға салайық Қазбек
Олай болса мыны тақтаға назар аударайықшы балалар. Бүгінгі біздің ертеңгілігімізге «Білімділер елінен» хат жіберіпті. Бұл хатта сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Олай болса біріміз осы тапсырманы орындайық.
1. Әліппе оқулығынан 116 беттегі М, Мақатаевтың «Әліппе» өлеңін мәнерлеп оқып беру
2. Жасырылған буынды тап.
Көй-лек Қа-лам Са-ғат
Сыз-ғыш Мон-шақ Ал-ма
Математика пәні бойынша.
1. 1-10 тура санау
10-1 кері санау
2. Есепті шығар
Ән: Сурет сабағы
Әліппенің тойында
Әркім құштар ойынға
Әріптер сыр ашады
Қыздар биге басады.
Би. Қазақ биі
Әліппе: Рахмет достарым оқуда алда болыңдар. Мен қоштасқанда алған білімдеріңізді одан әрі ана тілі оқулығымен жалғастырасыздар. Мені қалай сүйіп ұқыпты, таза ұстасаңыздар ана тілі оқулығында сондай етіп ұстайды деп сіздерге үлкен сенім артамын.
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Аттанғанда бүгін мен
Ана тілін таныңдар
Олай болса өзімінің досым Ана- тілі оқулығын шақыруға рұқсат етіңіздер.
Ана тілі
Армысыздар ағайын
Қош келіпсіз баршаңыз
Менде есік қағайын
Алтын күздің сыйындай
Құтты болсын қуаныш
Құтты болсын мейрамың
Құтты болсын тойларың
Салтанат
Жақсы достар келіңдер
Тамашаны көріңдер
Төрімізде орын бар
Құтты мейман болыңдар
Би: Қазақ биі
Ән: Қошақан
Әліппе: Құрметтеріңе бас иемін. Мен сендерге рахметімді айта отырып сендермен қоштасамын.
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Алда ұзақ жасым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар
Жақсы, оқушылар Әліппе оқулығы рұқсат сұрап отыр, енді біз Әліппе оқулығын аяқтадық. Оны біз үйге апарып сақтап қоямыз ба? Жоқ, олай болса артымыздан ерген іні –қарындастарымызға табыс етейік.
Мағжан
Қош әліппем биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға аспанға
Қоштассақта ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні-қарындастарға
5- жастық
Тапсырдыңдар аманатты біздерге
Тырысамыз кір келтірмей жүруге
Сіздей аға-апалардың ізінен
Ілесеміз енді мына біздерде
Әліппе оқулығын қабылдап ала отырып, ұқыпты, таза, ұстауға білімді де, білікті болуға дайындық сыныбы атынан ант етеміз.
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің Назым
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз Орынбасар
Таныстырып 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім Бекзат
Әр бетіңнен күнде алып сабақты
Сен арқылы адам болдық сауатты
Алыстағы дос-туысқа хат жазып
Оларға да жаза аламыз жауапты Алина
Бәрі бірге:
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппемен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
Қош бол сүйікті Әліппе
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Бүгінгі күні ортамызға келіп отырған Әсима әжеден бата алайық балалар.
Бата:
Алайық келер сәтті ойға түйіп
Қалар бір шапағаты көпке тиіп
Қол жайып періштені пейіліне
Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік
«Әумин» десең міне батам
Қолдасын Қыдыр бабам
Әлемнің бетін жарық ет
Ұл-қызды түгел білімді ет
Келесі оқу жылына
Аман – есен түгел жет.
Осымен бүгінгі 1»а» сыныбында өткен»Қош бол құтты Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.