.
.
Ақмола облысы Қош бол,құтты Әліппе!»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1631 | Размер: | Автор: Нартай4540Аршалы ауданы
Волгодонов орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Хавдеш Фариза
Тақырыбы: «Қош бол,құтты Әліппе!»
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: презентация «Қош бол, құтты Әліппе!»
Ақжол : Кәне , халайық Бәрің бері қарашы.
Бүгін бізде , Болмақ қандай шара ?
Аружан : Тағзым етем , тақсырым ,
Айтайын мен жан сырын .
Естідім ұзын құлақтан,
1 Б сыныбында
Өтпекші екен іс -шара .
Ақжол: Келеді бүгін мерекеге
Ән салып , би билемекке
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен
Ақжол; Иә , тақсыр
Тағы айтарым ,тағы бар.
Төрт ай дәріс алыпты
Фариза Хавдешқызы атты ұстаздан
Әріптермен танысып ,
Жақсы оқып жарысып ,
Сауаттарын ашыпты .
Аружан: Олай болса не тұрыс ,халайық!
Әрине , бұл сіздер үшін де, біздер үшін де үлкен қуаныш .Олай
болса « Қош бол, құтты Әліппем » ертеңгілігінің көріп тамашалаңыз
Кешегі сәби балаңыз ,
Жарады мәне қараңыз.
Ғылым білім жолында,
Енді қайық саламыз .
Мұғалім : Өмір берер ертеңгі бағаларым,
Әліппемен қоштаспақшы балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, ата – әке , әжелер мен аналарым!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып оқитын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың !
Балалардың білімі құтты болсын !
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын!
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын !
Өңкей білгіш балдырған
Өсті міне бойларың
Құтты болсын тойларың.
Таныстыру
1.Жұмсағанға баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Асылбек
2. Сәулелі де қымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті,
Би билейтін айнала,
Мен боламын Динара
3. Мен ақылды баламын,
Есепті мен шашамын.
Көп оқитын, көп тоқитын,
Әлібек ұлдарың мен болам.
4.Армысыздар, жас достар,
Болашаққа жол бастар
Келді ортаға
Ерасыл батыр қол бастар.
5. Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден
Шықты ортаға
Санжар деген ұлдарың.
6.Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен
Келді ортаға
Сактаган деген ұлдарың.
7. Сурет салудан , оқудан жалықпайтын,
Аружан кыздарыныз мен болам.
8. Менің атым- Ануар
Елдің қамын ойлайтын
Болашақ президент
Ұлдарыңыз мен болам.!
Кіріспе сөзі :
Құрметті ата аналар,ұстаздар,қонақтар бүгін сіздер бірінші сынып оқушылары өздерінің сүйікті Әліппелерін бітіріп , қоштасқалы отыр .
Әліппе білімнің , ғылымның басы .Барлық адам баласы білімдерін әліппеден бастайды.Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып , білім баспалдағының алғашқы асуынан өтіп отырмыз.
Олай болса алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер дей отырып, мерекені бастайық.
Әнуар: Армысыздар , аналар !
Бармысыздар балалар !
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр мен әніміз
Ән: Сәлем саған, мектебім . №
Кенжегүл: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып .
Сақтаған: Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.
Динара Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып
Әліппемен қоштаспақ.
Бұл күндер еліміздің , біз сияқты мыңдаған балалар Әліппе оқулығын бітіріп мерекелеуде.Біз кітап пен журналды оқи алатын болдық. Бұл өнерді бізге Әліппе досымыз үйретті.
Мұғалім: Бар білімнің бастау Бар ғылымның бастауы ,
Жас балаға нұр шашқан . Қандай кітап тіл ашқан ?
Хор : Әліппе.
Олай болса , балалар сүйікті досымыз Әліппені ортаға шақырайық.
Төрт ай ішінде меңгерген ,үйренген білімімізді ,өнерімізді ортаға салайық.
ХОР: Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе : Назгүл.
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !
Мұғалім: Жарайсың. Әліппе, сізге төрімізден орын бар .
Ән: Әліппе Әнуардың орындауында.
Әлібек:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба? – «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде?-түсінші.
Асылбек «А» деген ол аналар ғой , ардақты,
Санжар «Ә» деген ол әкелер ғой ,салмақты.
Сақтаған «Б» деген ол балалар ғой, әдемі,
Хор: Біздің елде үшеуі де кәделі.
Әлібек. Сондықтан да, алшақ кетпей расында,
Тұрады олар – алфавиттің басында.
Аружан:
Ең алғаш алғанымда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді.
Санжар: Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп не ен?
Том –том қалың кітаптың ,
Басы болған Әліппем.
Әнуар: «Әліппе» деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ , намысқа!
Кенжегул: Бар кітапқа бас болған
Әліппе –ғылым анасы
Әліппеден басталған ,
Даналықтың данасы .
Әнуар: Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын
Ақыл берді Әліппе
Ақылшы сен мұғалім.
Ерасыл: Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты .
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет , ұстаз , алғашқы !
Ән : Ұстазым №
Аружан: Әр күнім алып келер жаңалықты ,
Тоқимын алып білім жаңа әріпті .
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен ,
Жаным да сағат сайын жаңарыпты .
Ерасыл: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».
Аружан : А – ны айтқанда даусымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеде.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
Асылбек Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып,әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Сақтаған : Үйретті бізді әліппе
Қырық екі дербес әріпке.
Сөз,сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке.
Хор:Рахмет саған , Әліппе!
Санжар:
Жеміске құты тола ма? Білім де сондай қарағым,
Бір-бірлеп теріп алмасаң. Біртіндеп сіңер ойыңа.
Әп-сәтте шыға қоя ма, Ұғып ал: -Білім боларын
Еккен дәнің ойласаң. Шам-шырағың жолында.
Мұғалім:
Ал ,балалар , әліппе жайлы не білеміз?
Қазақ балаларына ең алғаш әліппені жазған кім?
Хор: Ы.Алтынсарин
Мұғалім: Ы.Алтынсарин кім? Ол сендерге қандай өсиет қалдырды ?
Хор: Ағартушы , педагог -Кел балалар, оқулық !
Оқығанда көңілге Ықыласпен тоқылық !
Мұғалім. Дұрыс. Енді сөз кезегін Әліппеге берейік.
Әліппе: Назгүл .Балалар,сендер мені оқыдыңдар, жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар санамақтар жаттадыңдар, ертегілер мен әңгімелер оқыдыңдар, мазмұндауды үйрендіңдер.Рахмет сендерге , достарым! Мені жақсы меңгергердіңдер, таза ұқыпты ұстадыңдар, ризамын. Ал енді балалар менің сендерге айтатын тілегім жаңа достарыңды мен сияқты сүйіп, құрметтеңдер.Енді мен сендермен қоштасамын.Ал енді сендермен төрт жыл болатын, білім беретін Ана тілі оқулығын ортаға шақырайық.
Хор: Ана тілі, ана тілі ,ана тілі .
Ана тілі: Мөлдір
Саламатсыңдарма?, балалар! Енді мені оқып , меннен білім аласыңдар.
Өз ана тілдерінді құрметтеңдер.
Ана тілін арын бұл
Ұятын боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте! Дегендей енді біз бір-бірімізбен айнымас дос болайық .
Балалар көңілді дауыстарыңды естіп келдім.Бұл балалар қандай өнер көрсетеді екен деп, ойланап та келдім.Ал, балалар өнерге кезек беріңдер.
Мұғалім :
Әріптердің тойында , Әркім құмар ойынға .
Әріптер сыр ашады, Әсем биге басады.
Би :Испан биі. Сақтаған Динара , Санжар Аружан .
Әлібек :
Барлық әріп бағалы , Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды . Буын онысыз толмайды .
Адам барлық әріпті , Ардақтайды қолдайды .
Мұғалім:
Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларына ата аналардың,әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет айтайық.
Хор: Аналарға мың алғыс!
Мұғалім: Құрметті ата аналар, сіздер де оқушылармен бірге төрт айы әліппені оқып үйрендіңіз.Қазір сіздерді де тексеріп қөрейік, қалай әліппені меңгердіңіз.
1. Балаңыздың бірінші жаттаған тақпағын айтып беріңіз.
2. Алдарыңызда балалардың көшіріп жазған тақпақтары жатыр.
Өз балаңыздың жазғаның табыңыз.
Мұғалім.: Дүниенің жарық күні анамыз ,
Дана болсаң анаменен данамыз .
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын
Аналарға арнап бір ән саламыз .
Ән: Ана Ерасыл ,Аружан, Әлібек. №
Сақтаған:
Ата—ананың тілегі , Адам болып өскені.
Адамдықтың тірегі , Адам болып өскені
«А» дыбысын өткенде ата-анамыздың еңбегін бағалауды түсіндік.
Әлібек:
Ата-баба жерінің , Қасиетін мен білдім ,
Әжеміз ғой үйреткен , Әліппесін өмірдің .
«Ә» әрпін өткенде әжемізді құрметтеп ән айтуды үйрендік .
Ән : Тәтті .тәтті
Көрініс: Ұстаз бен шәкірт. Әжесі мен немересі. / Әнуар , Аружан/
Сахнада әжесі газет оқып отырады. Баласы сабақтан күнде екілік баға алады.
Бір күні баласы есіктен жүгіріп келіп:
-Әже, әже мен бүгін бес алдым,-дейді.
-Қай сабақтан?
-Ана тілден-3 тік
-Дене сабағынан-2 лік
-Балам ау бұл жерде бес деген баға көріп тұрған жоқпын,алғаның 3-пен 2 лік .
-Ой әже 2 мен 3 ті қосқанда 5 болмай ма? Соны да білмейсің бе?
Санжар:
Балқаш деген көл екен , Қазынасы көп екен .
Байқоңырдан ғарышқа, көз тіземің алысқа .
«Б» дыбысын өткенде «Бала тілегі «әнін үйрендік.
Хор:Ән: Бала тілегі №
Динара .
Таныстырған 42 әріппен ,
Қош, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң оқи ,жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппе даңғыл жол ашты ,
Жаңадан пәндер жалғасты ,
Әліппенің сырын ұқтырған
Рахмет, ұстаз алғашқы.
Асылбек «Қош бол, құтты Әліппем!»
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс
Хор: Әліппем саған, мың алғыс
Санжар:
Әліппем менің әліппем
Өмірді көрдім танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп - көп рахмет .
Әліппе: Назгүл
Оқуда зейінді болыңдар
Еңбекке бейімді болыңдар.
Ақ жол болсың, ізбасарларым
Кір шалмасың қабақтарың.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің беске толсын.
Енді сендердің жолдастарың
«Ана тілі» болсын.
Ән: Сәлем саған туған ел.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар оқушылар байқап қарасақ биыл біздің мектеп табалдырығын аттауымызбен қатар Тәуелсіздіктің 22 жылдығы тойлануда .Қазақстанның болашағы өскелең ұрпақ сендердің қолдарыңда !
Ерасыл:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған ,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер ,Шәмші ,Халел,Хайраттар,
Әр кезінде сен деп ерлік жасаған.
Тәуелсіздігіміз жасай берсін Көк туымыз аспанымызда желбіресін!
Ән:Көктудың желбірегені. №
Мұғалім:
Жүздерінен көркем шаттық арайын,
Болсын солай, әр бір күнің ,әр айың
Тойларыңыз құтты болсын ағайын
Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым.
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі , әулеттерге таралар .
Ырым етіп сондықтан. ертеңгілік соңында
Атамыз ақ батасын беріп,
Әжелерім шашу шашпақ немерелерінің қадамына .
Құттықтау сөз ата аналар мен келген ұстаздарға беріледі.
Мұғалімнің тілегі:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,ерінбейтін еңбекқор мықты болсынОсымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, құтты Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.