.
.
Тақырыбы : Қош келдің , Наурыз ! Қош келдің , Наурыз !
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2134 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты : Жыл мезгілдеріне тоқтала отырып , көктем мезгіліндегі наурыз
мерекесін балаларға толық меңгерту.
Оқығаннан алған әсерін шығармашылықпен көрсете алу.
Ізгілікті – елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту техналогиясы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: Автордың суреті, кластер мерекелерге, «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөйлек» журналдары
Өту барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың сабаққа әзірленулерін қадағалау. Келген қонақтарға орындарынан тұрып амандасу.
2. Өткенді қайталау, тексеру, үй жұмысын сұрау.
а) – Бір жылда қанша мезгіл болады ?
- 4
- Қандай ?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Көктем
- Үйге қандай тапсырма берілді ?
- Қабыкен Мұқышевтың «Көктем» өлеңін жатқа айту.
ә)- Осы көктемнің қандай мерекелрін білесіңдер ?
- 8 наурыз, 22 наурыз
- Тағы осы екі мерекелерден басқа тағы қандай мерекелерді білесіңдер ? (гүл түрінде кластер құрастыру)
1 – 2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мерекесі
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
9 мамыр Жеңіс күні
30 тамыз Конституция күні
16 – 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні
3. Жаңа сабақ.
а) Осы мерекенің ішіндегі біздің өтетініміз М. Дулатовтың «Хош келдің , Наурыз !» тақырыбын өтеміз.
ә) Мақсатын айту
б) М. Дулатов кім ?
( Өткен сабақты еске түсіре отырып , автордың өмірбаянына тоқталу.)
в) М. Дулатовтың «Қош келдің , Наурыз !» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізбекпіз сондықтан сендер наурыз жайлы не білесіңдер?
г) Бізде бүгін «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөйлек» журналдарынан кішкентай жазушы , журналистер келіп отыр.
Сендер наурыз мерекесі жайлы қандай ой , мысалдар білесіңдер ? (Әр журналдың атынан үш оқушы қысқаша наурыз туралы үзінді оқиды .)
д) – Ал , балалар енді мәтінді абзацқа бөліп дауыстап оқимыз , тізбектей . (әр абзацты талдау)
- Оқи отырып «түртіп алу» тапсырмасы бойынша сөздік жұмысын жүргіземіз. Қарындашты алып оқулыққа белгілейміз
-- мен үшін түсініксіз
+ мен үшін жаңа ақпарат
? мені таң қалдырды
V білмеймін
е) Мәтін оқылып қортындыланған соң. «түртіп алу» тапсырмасын талдау және дәптерге жазу.
ж) - Сонымен , балалар наурыз жыл басы екенін білеміз. Біз тағы қандай мерекені жыл басы етіп тойлаймыз ?
- Наурыз мейрамы және Жаңа жыл мерекесі
Екі мерекені вендиограммасы бойынша салыстыру.
Жаңа жыл Наурыз мерекесі
мерекесі
з) Салыстыру бойынша кішкене журналистерге сөз беріу
4. Қорыту , пысықтау.
а) Карточка тарату.
Бес жол өлең жазу.
1 Не?
2 Қандай ?
3 Не істеді?
4 Синонимі
5 Қорытатын бір сөйлем жазу.
ә) Бата айту
5. Үйге тапсырма.
«Қазақ халқының табиғат құбылысына зор мән беретіні» жайлы ата – анадан сұрап білу.
6. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.