Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қош келдің , Жаңа жыл!» -

«Қош келдің , Жаңа жыл!»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2104 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Қош келдің , Жаңа жыл!»
Слайд: Жаңа- жыл.
Жүргізуші:
-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын Шат күлкіге толы болсын мағайың Көргендер де көрмегенде армандар, Жаңа жылың құтты болсын балалар Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық Ай жүзіндей айшықтанып , арайың , Жанға шуақ , бойға қуат әкелген Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем бимен өткізейік. Көңіліміздің керегесін кеңейтіп ,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын «Жаңа жыл» әнімен ашайық. Ән: «Аппақ, аппақ.... Осы кезде сыпыртқысы бар Мыстан кемпір келеді. Мен мыстанмын, мыстанмын Жамандыққа құштармын Аяз Ата ,Ақшакарды
Жек көремін
Болғызбаймын жаңа жыл мерекесін.
Жүргізуші:
Қардай аппақ әдемісіз,мыстан апа
Шашың күміс жылтыраған мұздай,апа
Келіп қосыл арамызға , қарсы аламыз,
Сіз боп,біз боп Жаңа жылды, Мыстан апа.
Слайд:Мыстан.
Мыстан: Жарайды ,жарайды.Ал сендер маған қандай сыйлық бересіңдер?
Жүргізуші: Бізде сиқырлы айна бар.Қарашы қандай әдемі!Айнаға қарап тұрып , сиқырлы сөзді айтсам болды , не көргің келсе , соны көруге болады.
Мыстан:-Үнді биін көргім келеді,ал көрсетші.
Жүргізуші:-Айнам ,менің айнам
Жан – жағымды жайнат
Үнділердің өнерін
Осында әкеліп билет.
(Әр сынып өзі дайындаған бір биін көрсетеді.)
3 «В» сынып «Хаттубба» биі.
Мыстан:- Мынау тамаша екен.
Ал енді шетел биін көргім келеп тұрғаны .Қазір барлығы билеп жүрген би бар емес пе?
Жүргізуші: -Айнам ,менің айнам
Жан –жағыңды жайнат
« Ганам стайл»биін сен
Осында әкеліп билет.
(Түгел 3 «а», «ә», «б», «в» сынып оқушылары биін билейді.)
-Мыстан: Маған өте ұнады .Мен де сендермен бірге болайыншы.
Слайд: -Жылан жылы.
Жүргізуші:
-Жылан жылына ризамыз Жылан жылы жақсы жаңалықтарға толы болды.
1.Жаңа мектепке кірдік.
2.Ақмаржан Ақтау қаламызға 50 жыл толды.
-Олай болса, ортаға ескі жыл құрметіне 3 «в» сыныбын «Қара жорға» биімен шақырамыз.
Жүргізуші:
-Қуаныңдар ,ағайын,тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз Ата келеді (Жаңа жылмен , Ақшақармен)
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(Осы кезде музыкамен ,Аяз Ата, Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
-Амансыз ба,ұлдарым
Амансың ба,қыздарым
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің
Аталарың сендерге,
Асау желмен алысып ,
Шаршап келді алыстан
Қаршақыз бен Жаңа жыл
Олар да жүр қасымда
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.
(Ақшақар шырша шамын жағып «Ақшақар» биін билейді.
Жүргізуші:
Кел ,төрлет ,Жаңа жылым,құтты жылым
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық сені еселі еңбекпен
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Аяз Ата:
-Мен Маңғыстауды ән мен жырдың мекені деп естуші едім.Өнерге жақын өреңдерің мұнда да бар шығар?
Оқушылардың өнерлері:3 «а», «ә», «б», «в» «Аривва» биімен ортаға шақырамыз.
3 «А» сынып « Роли-поли» биімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
-Балалар енді өздерің күнделікті көруден жалықпайтын мультфильмдер бар емес пе?
-Қане ,қандай сүйікті кейіпкерлерің бар?
-Балалар:
-Шрек,Спанж боб,Патрик.
Жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны
Шашылар шашу жыр-әні
Ертегі кейіпкерлерін қарсы алайық
Тамсантып , таңғалдырып,барша жұртты.
-Ортаға Шрек ,Есек,Спанж Боб және Патрик келеді.
Жүргізуші:
Төрлетіңдер,төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем ән мен би билеп
Мереке сән беріңдер.
(Келген ертегі кейіпкерлері балаларды билетеді,ойнатады.)
Жүргізуші:
Жаңа жыл-туындаған жаға армандар
Жаңа жыл-шуылдаған жаңа армандар .
Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар.
Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік
Баратын болашаққа білек түріп,
Біз Жаңа жылдарға қол соғамыз.
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз Ата бүгінгі келген күндей,
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын.
Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.