Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қосу мен азайту 26+30, 56-30 -

Қосу мен азайту 26+30, 56-30

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1722 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән: математика
Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30, 56-30
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру;
2. Дамытушылық. Екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды есептерді шапшаң, тез шығаруға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Бекіту кезеңі
V Қорытынды
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Тірек білімді еске түсіру
а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)
-Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.
-Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.
-Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.
-Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.
-Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.
-Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40).
-Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?
ә) Зейінділікке есеп.
Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?

III Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.
Ондықтарға ондықтарды қосады.
Ондықтарды ондықтардан азайтады.
№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83-30).
Мысалы:
-53 және 30 сандарының қосындысы;
-Бірліктерге бірліктерді қосу;
-Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;
-Ондықтарды ондықтарға қосу;
-Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу;
-Қосындының мәні 83.
Сергіту сәті

№3. Өзіндік жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

ІV Бекіту кезеңі
№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы.
Болғаны-? 12 12
Бергені-2қ. 2 ?
Қалғаны-10қ. ? 10
10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ)
Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді.

№5.Көрнекілікке сүйеніп,уақытты ауызша анықтайды.

Рефлексия.Шығармашылық жұмыс
Үй тапсырмасы. 57-бет. №6
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.