.
.
Күні:22.04.13 Қосу және азайту
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1531 | Размер: | Автор: Нартай4540Сыныбы: 2 «Ә»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға қосудыңжәне азайтудың жолдарын үйрету, түсінік беру.
2) Оқушыларға жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, шапшаң ойлау қабілеттерін, ой -өрісі кеңейту
3) Ұқыптылыққа, зеректілікке, ұйымшылдыққа және таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын
Көрнекілігі: Кітап, суреттер
Кезеңдері Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Математикалық диктант
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Ойын:
«Бауырсақ ертегісі»
№1 тапсырма:
№2 тапсырма:
№3 тапсырма:
№4 тапсырма:
Сергіту сәті
№5 тапсырма:
Өздік жұмыс
Қорытынды
Үй тапсырамсы
Бағалау
-Сәлеметсіздер ме, балалар.
-Көңіл күйлерін қалай?
-Көңіл күйлерінді көтеру үшін мен сендерге өлең шумақтарын айтамын ал сендер сол өлең шумақтарын қайталайсыңдар!
«5»-тік болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер-білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.
-жарайсындар, балалар!
- Қай ай? Аптаның қай күні? Бүгін нешесі? Дәптерге бүгінгі күнді жазамыз, дәптердің сол жағына м.д. деп қысқаша жазамыз.
1) 50 мен 60тың қосындысы (110)
2) 80мен 100қосындысы (180)
3)46мен 34-тің айырмасы(12)
4)60пен 14 тің айырмасы (46)
5)88бен 16-ның айырмасы(72)
6)120мен 90 айырмасы (30)
-Балалар сендер бағалауды білесіңдерғой.Егерде мүлде қате жоқ немесе бір қате болса,онда «5»қоямыз,2 және 3 қате болса «4»,ал 4-5 қате болса,онда «3,ал егер одан төмен болса,онда «2»деген баға қоямыз.Ендеше тексерейік.
-Жақсы, балалар .
-Үйге қандай тапсырма берілді?
№5,7 есеп бәріміз дәптерімізді ашып қоямыз үй жұмысын тексеріп шығамын.
-Балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз қосу және азайту.
-сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?Ендеше балалар,ертегілер еліне саяхатқа барайық. «Бауырсақ»ертегісі
-Балалар бауырсақтың суретіне қарайықшы.Бауырсақ қандай геометриялық пішіннен тұрады?(дөңгелек,шеңбер)
-дұрыс,балалар.Бауырсақты суыту үшін терезеге қояды.Бауырсақ домалап қашып кетеді.Домалап келе жатса алдынан қоян шығады.Қоян бауырсақты жегісі келеді.
-қане балалар,бауырсақты қояннан құтқарып алайық.Тапсырманы орындасақ қоян бауырсақты жемейді. №1, №2 тапсырма.
2+3 =5 20+30 =50 200+300=500
2см+3см =5см 20см+30см=50см 200см+300см=500см
2бірл.+3бірл. =5 бірл. 2онд.+3онд. =5онд. 2жүзд.+3жүзд.=5жүзд
Сандарды жүздіктердің,ондықтардың және бірліктрдің қосындысы түрінде жаз: 5,60,200,265.
-Жарайсыңдар балалар! Енді, алдынан қасқыр шығады,бауырсақты жегісі келеді.
-Балалар бауырсақты қасқырға жегіземіз бе?
Ендеше 212 беттегі 3-ші, 4-ші тапсырманы орындайық.
2ц 10кг=100кг 1м 9дм 7см=197см
7м 8см=15см 4м 0дм 8см=408см
1мин 10с=110с 5м 6дм 0см=560см
1сағ.10 мин=110мин 3м 0дм 0см=300см
500+200=700 500+200=700-300=400
700-300=400 800+200=1000-300=700
-Өте жақсы балалар!
-жақсы,балалар.Енді орнымыздаң тұрып бір серігіп алайық:
Қане қызық ойын бар,
Қатарласа қойындар
Отырындар,тұрындар
Маған мойын бұрындар
Қолымызды жаяйық
Құстай қанат қағайық
-Жарайсыңдар! Бауырсақ орманда домалап келе жатса алдынан не шығады?
-дұрыс,аю шығады.
-Балалар аюға баурсақты жегіземіз бе?
-Ендеше 5, 6 тапсырманы орындайық
Мектептің ауласы тік төртбұрыш пішінді.Оның ені 100м,ал ұзындығы 200м.Мектеп ауласы қоршауының ұзындығын тап.100метрдің орнына 1см,200метрдің орнына2см алып,мектеп ауласы қоршауының жобасын дәптеріне сыз.Қандай фигура сыздың?
-өте жақсы балалар,аюдан бауырсақты құтқардық.
-Балалар ,бауырсақ орманда домалап келе жатса ,алдынан түлкі шығады.Түлкіден бауырсақты құтқару үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.
60+30 =90 40+20 =60 50-10=400
200+600 =800 85+60=145 600-400=200
900+200 =1100 72+20 =92 200-40=160
-Балалар,сендер сабаққа жақсы қатысу арқыла бауырсақты құтқардыңдар.
-Бүгінгі сабақта қайда саяхатқа шықтық?
-Бүгінгі сабақта қандай есептер шығардық?
Бауырсақ сендерге алғысын білдіріп үй жұмысын бердіп жіберді.
-Үйге:№ 6
-Балалар сендерге сабаққа жақсы қатысқандарын үшін,бауырсақ сендерге сыйлықтар сыйлайды.
-Үй тапсырамсын жақсы орындаған және сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.