Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қосу және азайту 3+56, 30+24 -

Қосу және азайту 3+56, 30+24

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1915 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сүлейменова Нұргүл Амандосқызы
М.Горький атындағы №16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Математика

Тақырыбы: Қосу және азайту 3+56, 30+24

Мақсаты: 1. Оқушыларды қосуға және азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен
таныстыру.
2. Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, өз бетімен шешім қабылдап,
қорытынды ой-пікірлер білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетін
дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге
өзінің белсенді ойлау әрекетін жүзеге асыруына, сыйластыққа,
ізеттілікке тәрбиелеу, баулау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ой қозғау әдісі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша амандасады.
«Қайырлы күн» деп айтамыз
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
- Балалар біз құралдарымызды алып бері қарайық.
- Сабақта түгелміз ғой? Я
- Математика оқулығы бізге сәттілік тілейді.
- Ендеше қай топ атына сай болар екен, атсалысып отырамыз.

«Білгірлер», «Зеректер», «Алғырлар».

II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар үйге не берілді?
7 мысал, 57-бет.
Алғырлар тобынан оқи ғой, 10+5=15
Зеректер тобынан оқи ғой, 15-5=10
Білгірлер тобынан оқи ғой, 15-10=5

III.Үй тапсырмасын бекіту.

-Балалар сандар арқылы жасырып берілген сұрақтарға жауап берейік.
Жауап берейік.
Алғырлар тобы нешені таңдаймыз?
Білгірлер тобы нешені таңдайсыздар?
Зеректер тобы сендер нешені таңдайсыздар?
Кезек-кезек сұрақтарға жауап береді.

IV. Ой қозғау әдісі. Жұмбақ жасыру.
-Балалар жұмбаққа назар аударайық.
1) Есепке де кіремін
Әріпте боп жүремін.
(3).
-Дұрыс айтасыңдар 3 саны, қандай әріп «З» дауыссыз, ұяң.
-З саны - неше таңбалы? Бір таңбалы.
-Қай кластарға жатқызамыз? Бірліктер класына
-Келесі жұмбақтарға назар аударайық.
2) Әріп десең, бүйірі тоқ
Сан десең салмағы жоқ.
(0)
О саны - неше таңбалы? Бір таңбалы. Қандай әріп? «О» дауысты, жуан
-бастағы З цифрының қасына О цифрын қоятын болсақ, неше болады? ЗО
ЗО –неше таңбалы сан? 2 таңбалы.
Қай кластарға жатады? Ондықтар класына.
Неше ондық? Неше білік? 3 ондық, 0 бірлік
-Дұрыс айтасыңдар. Енді жаңа сабаққа назар аударайық.

V.Жаңа сабақ 3+56, 30+24 қосу және азайту.
-дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді жаздыру.
3+56= 50+(3+6)=59
-3 қандай сан? 1 таңбалы, бірліктер класына жатады.
-Екінші қосылғыш 56 санын разрядтарға жіктейік.
-Неше мен нешенің қосындысы? 50-6
-50 неше таңбалы сан? Екі.Неше ондыққа тең? 5 ондық
-6 неше таңбалы сан? Бір. Неше бірлікке тең? 6 бірлікке
-Амалды орындау үшін нелерді біріктіреміз? Бірліктерді.
3+6 жазуы нені білдіреді? Бірліктерге, бірліктерді қосуды білдіреді?
30+24=
-Бұл жерде 30 бен 24 сандарының қосындысы берілген.
-Бұл неше таңбалы сандардан құралған? Екі таңбалы.
-Бұл жерде нелерді біріктіреміз? Ондықтарды.
-24 санын разрядтарға жіктейік? Нешемен нешенің қосындысы?
20+4, 20 неше ондық? 2 ондық
4 неше бірлік? 4 бірлік
4 есеп. Қайсысы есеп? Оны шығар.
а) Шарты: ә) Сатып алынған – 15 кг.
Алма – 13 кг. ? кг Жіберілгені – 10 кг.
Алмұрт – 5кг Қалғаны - ? кг.
Шешуі: 1+5=18 Шешуі: 15-10=5
5 мысал.
72,71,70,69,68
70+2; 70+1; 70+0; 60+9; 60+8;

VI. Шығармашылық жұмыс.
-Балалар мынау сендердің үйлерің
-Ендеше кім нешінші үйде тұрады екен? Тауып көрейік.
-Қане кім қай үйдікін тапты?
1) 94, 2) 64, 3) 85, 4) 60, 5) 6, 6) 14, 7)58.



VII.Қорытындылау.
-Балалар біз бүгін не үйрендік?
-Қосу және азайтудың тиімді орындалу жолдарын.
-Яғни, бірліктерге бірліктерді қосу, азайту.
-Оныдықтардан ондықтарды азайту, қосу.

VIII. Бағалау.

Алғырлар тобынан
Зергерлер тобынан кім қаншалықты бағаланғанын геометриялық фигуралар
Білгірлер тобынан тарату арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.