.
.
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу. Қосындыны санға бөлу.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1689 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілдерімен таныстыру
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету ‚ практикалық іс–әрекет
арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты «Қосындыны санға бөлу» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Қосындыны санға көбейту тәсілдерін еске түсіру.
І тәс. (3+4)×2 = 7×2=14
Әуелі қосындының мәнін есептеп, содан кейін оны санға көбейтіп, өрнектің мәнін таптық.
ІІ тәс. 3×2+4×2= 6+8=14
Әуелі көбейтінділердің мәнін есептеп, содан оларды қосу арқылы өрнектің мәнін таптық.
Түсіндірме жұмыс.
К Д
Е М
Қосындыны санға бөлу.
ЕКДМ тік төртбұрышы неше шаршыдан құрастырылған?
Қызыл шаршыларды тең екіге бөлу керек. Көк шаршыларды тең екіге бөлу керек. Сонда әр бөлікте неше шаршы болады? Ол үшін:
(6+4) :2= 6:2+4:2=3+2=5
Әуелі қосылғыштардың әрқайсысын санға бөліп, бөлінділердің мәнін есептеп, содан кейін оларды қосып, қосындының мәнін таптық.
Пысықтауға арналған тапсырмаларды орындау – 2,3,4–тапсырмалар.
5. Суреттегі фигуралардың көлемдерін табу.
1) 1 см3×(4×2) = 8 см3
2) 1 см3× (4×3)= 12 см3
3) 1 см3× (2×4)= 8 см3
4) 1 см3× (3×4)= 12 см3
5) 1 см3× (4×4)= 16 см3
Есептерді шығару.
Әкелінді – 24 пиранья мен 36 тұсқанат
Бөлінді – 6 аквариум
Әр аквариумда – ? балықтан
І тәсіл. (24+36) :6=60:6=10 (б.) –әр аквариумда
ІІ тәсіл. 24:6+36:6=4+6=10 (б.) –әр аквариумда
Ж:
Натюрморт – 14
?, 1/7 бөлігіндей портрет
Пейзаж – ?, одан 3 есе артық
Көрмеге неше портрет қойылды?
14×3 :7=6 – портрет
Ж:
10, 11–тапсырмаларды орындау.
Қосымша тапсырма.
Берілді: шаршы
Р=20 см
а – ? см
Р= а×4, яғни 20:4 немесе а×4=20
а=20:4
а=5(см) – қабырғасы 5 см
Ж: шаршының қабырғасы 5 см
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 7–тапсырма(2)‚ 9–тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.