.
.
Сыныбы: 3 «Ә» Қосындыны санға бөлу
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1715 | Размер: | Автор: Нартай4540Пән мұғалімі: К.И.Умирзакова
Сабақ тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты:
а) қосындыны санға бөлу ережесін пайдалану білігін бекіту жұмысын жүзеге асыру, қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді ұйымдастыру. Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығарту
ә) Оқушылардың ақыл-ойын,логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру,ойын түрлерін пайдалану арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
б) cабақтағы белсенділікке, жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылыққа, шапшаң есептеуге, нақты жауап беруге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: оқушылар қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін табады , топтық жұмыстар жүргізеді, өз ойларын еркін айтады.
Сабақ әдіс-тәсілдері: диалог, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Оқуда қолданылған модульдер: СТО, АКТ, диалог арқылы оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, өзін-өзі бағалау, көшбасшылық, дарынды оқушылармен жұмыс
Негізгі деректер, ресурстар: интербелсенді тақта, Power paint, оқулық, кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, бор, стикерлер, плакат, маркер
Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Негізгі деректер, ресурстар
Ұйымдас-тыру кезеңі 5 мин 1.«Шаттық шеңбері» жаттығуы. (Оқушылардың арасында сенімділікті арттырып, бір-біріне деген жылы сөздерін айту арқылы достықтарын арттыру үшін шаттық шеңберге тұрып, айналамызға жылу сыйлайық деген ұсыныспен бір-бірлеріне жылы сөздер айтқызу)
2. «Сандар әлемі» жаттығуы арқылы оқушыларды топқа бөлу. (оқушыларды бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы, төрт таңбалы сандар арқылы төрт топқа бөлемін.)
Бағалау критерийімен таныстыру (топтарға бағдаршамның көздері таратылып, сол бойынша әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалап отырады)
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Алдымен бір-бірімізбен амандасып алған соң, жанымызда тұрған досына, сыныптасына жылы сөздер айтады.
Оқушыларға шеңбер бойында тұрған бойда сандар таратылып, сол арқылы әр оқушы өз тобын табады.
Интербелсенді тақтада оқушыларға смайбарқылы бағалаумен танысады. Интербелсенді тақта
Қима қағаздар, сандар
Интербелсенді тақта, смайликтер
Қызығушы-лықты ояту 5 мин 1.«Сен маған , мен саған» жаттығуы арқылы оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
2. «Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты сұрақтар беру Әр топ сағат тілімен үй тапсырманың орындалуын дауыстап айтып шығып, интербелсенді тақтадағы жазулармен салыстырады. бағдаршаммен бағалайды
Интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жылдамдатып жауап береді.
Интербелсенді тақта, дәптер, бағдаршам көздері
Интербелсенді тақта, суреттер
Мағынаны тану 5 мин 1.«Әрқайсысына затын табуға көмектес» жаттығуы арқылы өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. (интербелсенді тақтада ертегілердің кейіпкерлері мен оларлға тиесілі өрнектелген заттардың суреттері бейнеленген. Әр топқа екі кейіпкерден белгіленіп, топтасып ауызша орындап, тақтада сызбамен белгілету)
2. «Разрядтық қосылғыштарға жіктейміз ба?» жаттығуы. ( интербелсенді тақтадағы берілген сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді орындайды, смайликтермен бағалайды) Оқушылар интербелсенді тақтада, сонымен қатар әр топқа берілген суреттердегі өрнектерді шығарып, әрқайсысына өз затын табуға көмектеседі. Тапсырма ауызша орындалып, интербелсенді тақтада сызбамен бейнелейді. Әр топтың жауабын бағдаршаммен бағалап отырады.
Интербелсенді тақтада сандар беріліп, оқушылар оны разрядтық қосылғышқа жіктеп, жазады.
Интербелсенді тақта, суреттер, өрнектер, қима қағаздар, бағдаршам көздері
Интербелсенді тақта, сандар, бор, дәптер
Ой қозғау 20 мин 1.« Мен білемін» жаттығуы (интербелсенді тақтада қосындыларды санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәнін табу, қалай шығарғандығы туралы айту. жауаптарын бағдаршаммен өзара бағалау)
3.«Қызықты төрттік» жаттығуы. (оқушыларға таңдау тәсілімен тапсырмалар беріледі. Тапсырманы топтасып орындауға бағытталады. Жауаптарын топтар алдында қорғайды, өзара бағдаршаммен бағалайды)
Топтарға берілген өрнектерді жазып, қосындаларды санға бөлу ережесін пайдаланып, мәндерін қалай тапқандарын әр топтан оқушылар шығып айтады.
Әр топтан бір оқушы шығып таңдау әдісімен өздеріне тапсырма алады. Топтасып плакатқа, дәптерге орындайды. Топтардың алдында әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Өзара бағдаршаммен бағалайды.
Интербелсенді тақта, қима қағаздар, плакат, маркер, бағдаршам көздері
Қима қағаздар, интербелсенді тақта, плакат, маркер, қайшы желім, бағдаршам көздері
Ой толғаныс 8 мин «Бағалай білейік» (оқушыларға таратылған стикерлерге өздерін бағалауғамүмкіндік беру. Баға қойылған стикерлерді, плакатқа өз есімдерінің жанына жапсыртып, неге ол бағаны қойғандығын анықтау)
«Рефлексия» жүргізу. (оқушыларға интербелсенді тақтада, алдарына таратылған парақшаларға бүгінгі сабақтың ұнаған, ұнамағанын , сабақ соңындағы көңіл-күйін білу мақсатында алынады ) Алдын ала таратылған стикерлерге әр оқушы өздеріне баға қойып, плакатқа өз есімінің тұсына жапсырады.
Интербелсенді тақтада үлгісі көрсетіліп, алдарына әр оқушыға парақшалар таратылып, өз ойларын жазып, сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін білдіреді. Плакат, стикер, маркер
Интербелсенді тақта, парақшалар, қалам, стикерлер
Үйге тапсырма беру 2 мин Интербелсенді тақтада үйге берілген тапсырманың орындалу үлгісін таныстыру Тақтадағы үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алып, орындалу ретінің үлгісін түртіп алады. Интербелсенді тақта, күнделік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.