Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отан туралы М.Мақатаев -

Отан туралы М.Мақатаев

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4673 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Отан туралы М.Мақатаев

Мақсаты: Отан және достық ұғымдарының ауқымын кеңейту. Автор жайлы мағұлымат беру. Өлең арқылы тілдің байлығын, ойдың тереңдігін білдіру.

Дамытушылығы: Көркем әрі сауатты оқу дағдыларын арттыру. Өлең арқылы отанға, досқа деген сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелілігі: Адамгершіліктің құнды қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, халқын, елін, жерін қорғайтын, мемлекеттік рәміздерін құрметтей білетін есті ұрпақ тәрбиелеу.

Түрі: «Аралас сабақ»

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, байқау, бағалау, кластер, түртіп алу.
Көрнекілігі: Суреттер, сызба, интерактивті тақта, семантикалық карта.


Барысы:
1. Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
2. Ұйымдастыру кезеңі
3. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жақан Смақовтың «Отан» деген өлеңін жатқа айту

Отан

Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақты шешу

1. Медеу Сәрсекенің «Рәсім» әңгімесін мазмұндау
І. Қаныш пен қарт әнші
ІІ. Ашулы кек қаршыға
ІІІ. Тілеуің бір болсын қос қыран
IV. Қаныш және әкесі.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы тағы да Отан жайлы болмақ. Өлеңді жазушы, ақын Мұқағала Мақатаев
Өмір дерек
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқимыз. Өлеңді оқу барысында өзімізге түсініксіз, көп қолдана бермейтін сөзздер кездессе түртіп алу әдісіне сүйенеміз.

Мәтінмен жұмыс
«Адасқан сөздер»

__________өзен ағынды
__________тау қасиетті
__________тіл құдіретті
_________ үн асқар

Дәптермен жұмыс

Отан, Отан
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке
Сүйіп өтем.
Балалар көшіріп жазады.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды ұрайық
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Отырайық тұрайық
Білімді боп шығайық

Семантикалық карта

Мақалдар Ормансыз бұлбұл Ел-ердің анасы Оттан да ыстық Отқа жанбайды
Суға батпайды
Отан-елдің анасы
Отансыз адам
Отан
Отанын сүйген адам

Қорытынды бөлім:
Досым саған сенемін, сеніп өтем
Жолы бөтен демеймін жөні бөтен
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен,-деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай достық бар жерде береке де, бірлік те, ынтымақта Отанды бейбіт заман орнайды

Бағалау. Бүгінгі сабақта ерекше көзге түсіп белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын
Үйге тапсырма
М.Мақатаев
«Отан туралы» өлеңді жаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.